Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері

лде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесiнде және ғыл.-зерт. жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестiру мақсатында Кеңес үкiметiнiң және КСРО ҒА төралқасының шешiмi бойынша 1932 ж. 8 наурызда КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс iстедi. 1935 ж. құрамында қазақ тiлi мен әдебиетi, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениетi ғыл.-зерт. ин-ты база қарамағына берiлдi, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негiзi қаланды.

Медицина ғылымы дамыды. 1933 ж. Мал ш. ин-ты, 1935 ж. Егiншiлiк ин-ты, Мал дәрiгерлiк және а. ш. экономикасы ин-ттары құрылды. А. ш. тәжiрибе ст-ларының тұтас жүйесi пайда болды. Мамандандырылған ин-ттар — а. ш-н механикаландыру және электрлендiру, су ш., орман ш., өсiмдiк қорғау, жемiс-жүзiм ш., астық ш. ин-ттары ұйымдастырылды. 1940 ж. Бүкiлодақтық а. ш. ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлiмшесi құрылып, оған республиканың а. ш. саласындағы ғыл.-зерт. мекемелерiне басшылық ету және олардың жұмысын үйлестiру мiндетi жүктелдi. Совет 1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы Қазақ бөлiмшесi болып қайта құрылды. Бөлiмше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлiмше ұйымдастырылғаннан кейiн ғыл.-зерт. ин-ттарының жүйесi жедел қарқынмен дами бастады. 1939 ж. бөлiмше жанынан топырақтану және география секторлары құрылды. Қарағандыда Ботаника бағының негiзi қаланды. 1941 ж. Тiл, әдебиет және тарих ин-тының лингвистика бөлiмi, 1940 ж. Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылды. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлiмшесiнде 2-дүниежүз. соғыс басталар алдында 100-ге жуық ғыл. қызметкер, олардың iшiнде 3 ғыл. докт., 14 ғыл. канд. жұмыс iстедi. Соғыс жылдары республикаға елiмiздiң көптеген ғыл. мекемелерi мен жоғары оқу орындары көшiп келдi. Есiмi бүкiл әлемге әйгiлi ғалымдар — И.П. Бардин, Л.С. Берг, В.И. Вернадский, Н.Ф. Гамалея (1859 — 1949), И.И. Мещанинов, Н.Д. Зелинский, Л.И. Мандельштам (1879 — 1944), Н.В. Цицин (1898 — 1980), С.Г. Струмилин (1877 — 1974), А.М. Панкратова, А.Е. Фаворский (1860 — 1945), С.Е. Малов, В.Г. Фесенков (1889 — 1972), Г.А. Тихов (1875 — 1960), Б.А. Воронцов-Вельяминов (1904 ж.т.), т.б. осында қызмет еттi. Оралдың, Бат. Сiбiрдiң және Қазақстанның ресурстарын Отан қорғау iсiне жұмылдыру жөнiндегi КСРО ҒА-ның комиссиясы iске кiрiстi, оны акад. В.Л. Комаров (1869 — 1945) басқарды. Ғалымдар қорғаныстық және халық ш. маңызы бар ұсыныстар жасап, оларды өндiрiске енгiздi, қара металдар, молибден, вольфрам, марганец кентастарының, т.б. шикiзат ресурстарының мол қорын ашты. Адамдарға қан құю қызметi ұйымдастырылды, жұқпалы жараларды жедел емдеу әдiстерi кеңiнен қолданылды.

1942 ж. Астрономия және физика, Химия-металлургия ин-ттары құрылды. 1943 ж. топырақтану-ботаника, зоология және тропиктiк аурулар ин-ттары құрылды. 1942 — 45 ж. КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң ғыл. мекемелерi негiзiнде мамандандырылған химия, металлургия және кен байыту, отқа төзiмдi материалдар мен құрылыс материалдары, зоология ин-ттары ұйымдастырылды. 1945 ж. Тарих, археология және этнография, Кен iсi, Топырақтану ин-ттары, Математика және механика секторы жұмыс iстей бастады (қ. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы). Қазақстан Республикасы мемл. тәуелсiздiгiн алғаннан кейiнгi жылдар iшiнде (1991 — 2003) ғыл.-тех. саланы ұйымдастыруды реформалау жобалары бойынша үлкен жұмыстар атқарылды, ғылым мен техника және елдiң мемл. ғыл.-тех. саясатын мемл. басқарудың негiзi қаланды. 1991 жыл елiмiздiң ұлттық жетiстiгi есебiндегi отандық ғылым дамуының жаңа кезеңi басталғандығымен ерекшелендi. Қазақстанның құқықтық меншiгiне 100-ден астам жалпы одақтық мемл. ғыл.-тех. мекемелер өткендiктен ғылымды мемл. қолдаудың маңыздылығы күрт өстi. Жаңа жағдайларға байланысты қысқа мерзiм iшiнде мемл. ғыл.-тех. саясатты айқындау қажеттiлiгi туындады, елдiң ғыл.-тех. күш-қуатын сақтап қалу мен одан әрi дамыту үшiн ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың тиiмдi құрылымын қалыптастыру мәселесi туындады. Қазақстан Республикасы Жоғ. Кеңесiнiң 1992 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техника саясаты туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы жылы ҚР Президентiнiң “Экономикалық реформалар жағдайында Қазақстан Республикасы мемл. басқару органдарының iс-қимылдары мен ұйымдастыруын жетiлдiру” туралы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология мин. құрылды. Министрлiкке мынадай мiндеттер жүктелiндi: республиканың ғыл.-тех. саласының дамуы жолында мемл. саясат жүргiзу; ғыл. және ғыл.-пед. кадрлар даярлау жұмыстарын үйлестiру; ғыл.-технол. салада халықар. ынтымақтастықты ұйымдастыру.

2000 ж. қайта құрылған ҚР Бiлiм және ғылым мин. — ғылым мен ғыл.-тех. саладағы iс-әрекеттердi жүзеге асыратын, респ. бюджет есебiнен қаржыландырылатын ғыл.-зерттеу бағдарламаларына үйлестiретiн бiрыңғай мемл. өкiлеттi орган болып табылады. Министрлiкке бiлiм және ғылым мен техника саласында бiрыңғай мемл. саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру, кепiлдiк етiлген көлемде ақысыз бiлiм алуды мемл. оқу орындарында қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету, ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарына қорларды шоғырландыру, сондай-ақ, ғыл. және пед. кадрларды аттестациялау мен даярлау мiндетi жүктелген. Министрлiк қарамағында әр түрлi бағыттағы 130 ғыл. мекеме бар. Ғыл. зерттеулердi ҚР Президентi ұсынған “Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiндегi қалыптасуы мен дамуы стратегиясы” аясында халықтың рухани мәдениетiн түлетуге, сондай-ақ республикадағы өзге де әлеум.-экон., экол. және ғыл.-тех. мәселелерге байланысты өзектi мәселелердi шешуге бағыттауға ерекше назар аударылды. Ғылымды ұйымдастыруды жетiлдiру мен ғыл.-тех. потенциалды дамыту, ғыл.-тех. саланы мемл. басқарудың бiрыңғай жүйесiн жасау Қазақстан Республикасының егемендiк жолындағы стратегиялық қадамдары болды. Осы мақсатта мемлекет көлемiнде ұлттық ғыл. орталықтар құру, академиялық ғылымдарды реформалау, жоғары оқу орындарының ғыл. потенциалын арттыру, республика аймақтарында ғыл. зерттеулердi дамыту, ғылымды ұйымдастырудың жаңа формаларын мемл. қолдау, халықар. ынтымақтастықты дамыту мәселелерiне байланысты жұмыстар жүргiзiлдi.

Қазақстан Республикасы Мин. Каб-нiң 1993 жылғы 22 қаңтардағы “Қазақстан Республикасында ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру және жоспарлауды жетiлдiру шаралары туралы” Қаулысы бойынша ғыл.-тех. және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (ҒТТКЖ) мен ғыл.-тех. бағдарламаларды респ. бюджеттен қаржыландыру тәртiбi айқындалды. Ғылым және жаңа технология мин. жанынан Ғылым қоры ұйымдастырылды. 1993 жылдан бастап мемл. бюджеттен қаржыландырылатын ғыл.-тех. бағдарламалар мен жобаларды мемл. ғыл.-тех. сараптау енгiзiлдi. Республикада өткiзiлетiн ашық тәжiрибелiк-конструкторлық және жобалық-технол. жұмыстар мен олар бойынша есеп беру құжаттарын мемл. тiркеудiң бiрыңғай тәртiбi бекiтiлдi. Осылай, ҒТТКЖ-дi қаржыландыруды бағдарламалық-мақсатты әдiске көшiрудiң нормативтiк-құқықтық негiзi жасалды.

Республика ғыл.-тех. саласы жүргiзген жұмыстардың қорытындылары 1998 ж. ақпанда Астана қ-ндағы көрмеде көрсетiлдi. Елде машина жасау, атом өнеркәсiбi мен энергетиканы дамыту жөнiнде мемл. бағдарламалардың жобалары жасалды. Республика тау-кен металлургиясы кешенiн дамытудың тұжырымдамасы жасалды. Түрлi мақсаттағы жоғары тиiмдi катализаторлар, қоңыр және тас көмiр, тақта тасты сұйылтып қайта өңдеу кезiнде алынатын синтет. мұнай мен оны өңдейтiн шағын з-ттар жобалары жасалды. Астық пен күрiштiң жаңа сорттары шығарылды. Түрлi пайдалы қазбаларды iздеу мен өндiрудiң және ұтымды пайдаланудың тиiмдiлiгi жоғары әдiстерi мен тәсiлдерi анықталды. Әр түрлi үлгiдегi аспаптар — жылу және электр есептегiштер, жылу энергиясын, ыстық және суық суды есептеу аспаптары мен қызметкерлердi жедел мед. куәландыру, т.б. аппараттары өндiрiске енгiзiлдi. Алғаш рет отандық компьютерлер мен бiрқатар өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы электрондық құрылғылар шығарылды. 1998 жылдың соңына дейiн 30 шағын кәсiпорын мен өндiрiстер ұйымдастырылды. Республика ғалымдары мемл. басқару процестерiн қамтамасыз етуге белсендi үлес қосты: көне дәуiрлерден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi қазақ философиясының тарихы, шығыс пен батыс мәдениетi ықпалдасуы контексiнде жаңа философия мен ғылым методологиясы, Қазақстан Республикасындағы конституциялық процестiң дамуы, еуроазиялық интеграция, геосаясат, демогр. даму болжамы жасалды. Каспий т-нiң құқықтық мәртебесi, аймақтардың өндiрiстiк күштер құрылымын оңтайландыру мен халықты тiршiлiктiк қамтамасыз ету жүйесi, М.Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық жинағын дайындау мақсатында көптеген ғыл.-зерттеу жұмыстары атқарылды.

ҚР Үкiметi жанынан iргелi және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың мемл. басымдылықтарына және болжам жасауға жауапты консультативтi-кеңес органы болып саналатын Жоғары ғыл.-тех. комиссия (ЖҒТК) құрылды. ҚР Үкiметiнiң 1998 жылғы 14 сәуiрдегi “Академик Қ.И. Сәтбаевты мәңгi есте қалдыру туралы” Қаулысына сәйкес 1999 ж. бiрқатар мерейтойлық шаралар өткiзiлдi. Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу мерекесi ЮНЕСКО қолдауымен өткiзiлетiн мерейтойлар санатына қосылды. 1999 ж. 15 — 23 сәуiр аралығында Париждегi ЮНЕСКО бас пәтерiнде аса көрнектi ғалым, акад. Қ.И. Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған халықар. ғыл. симпозиум өттi. Симпозиумда “Қазақстан ғылымы өткен шақтан болашаққа” деген атпен көрме ашылып, “Қазақстандағы ғылыми ой-пiкiрлер тарихы”; “Қ.И. Сәтбаев — көрнектi ғылым ұйымдастырушысы”; “Қазақстанның геологиялық ресурстары”, “Минералдық шикiзаттарды өңдеу” және “Ауыл шаруашылық ғылымдарының жетiстiктерi” деп аталатын бөлiмдер жұмыс iстедi. Сондай-ақ “Қазақстан және ғарыш”, “Ядролық физика”, “Қазiргi заманғы байланыс құралдары”, “Өмiр сапасы”, &

123
скачать работу

Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ