Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның конституциялық дамуы мәселесіне

лғалардың олардың әрекетіне заңсыз түрде араласуына жол берілмеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылым формасына қарай унитарлық мемлекет жеп жарияланды, яғни мемлекет территориясында саяси, мәдени және т.б. автономияның құрылуына жол берілмеді.

Құқықтық жүйедегі барлық заңдар осы Конституцияға сәйкес қабылдан­ба­са, бұл сәйкессіздік қоғамның дамуына кедергі келтіретіндігі анық. Тәуелсіз мемлекет ретіндегі Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды. Алғашқы Конституция болғандықтан оны талқылау кезіндегі халықтың ынта-жігері ерекше болғаны белгілі. Солай болса-дағы құжатта кеткен кем­шіліктер Алғашқы Конституцияны қолдана бастағаннан-ақ көзге түсті. Онда ескі қоғамның ережелері орын алып, олар кеңестік демокра­тия­лық қағидаларға негізделгендіктен, біз­дің жаңа қоғамымыздың өмір талабына жауап бере алмады. Алғашқы Конститу­цияда адамның құқықтары,  бостан­дық­тары, оларды жүзеге асыру қағидалары, атқару билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсе­тілмеген болып шықты.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы Декларацияда айтылған биліктің үш саласы: басқару, сот билігі, заң шы­ғару биліктерінің атқаратын рөлдері бұл Конституцияда нақтыланбай қалды. Осы­лайша, 1993 жылғы Конституция өмір талабына сай келмегендіктен, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция қабылдау керектігі жөнінде ұсыныс жасады.

Еліміздің конституциялық дамуының төртінші кезеңі 1995 жылғы қазіргі уақыттағы қолданыстағы Конституцияның қабылдауымен басталды. Бұл Конституция КСРО-ның және Қазақ КСР-нің конституцияларына сілтемесіз жасалғандығын айта кету керек. Тек мұнда Конституцияның күшіне енген сәтте күшін жоймаған заңдар оған қарама-қайшы келмеген бөлігінде қолданылады делінген еді. Ал оны Конституцияға сәйкестендіру заң шығарушы органның міндеті болып қала берді. 1995 жылғы Конституция бойынша елімізде Президенттік басқару жүйесі енгізілді. Енді Президент билік тармақтарының қатарына кірмейтін болды. Екі палаталы Парламент  бекітілді. Конституциялық сот Конституциялық Кеңеске өзгертілді.

Бұл Конституцияны қабылдау алдында оны кеңінен талқылауға мүмкіндік жасалғанын айта кету керек. 1995 жылғы Конституцияның жобасын талқылауға 3 миллион аса адам атсалысып, өз пікірін білдірді. Конституция жобасына 1100 жуық түзетулер енгізілді. Тоқсан сегіз баптың елу бесі елеулі өзгерістерге ұшырап, бұрын болмаған жаңа бөлімдер, баптар пайда болды. Яғни, барша қазақстандықтардың белсенділігінің арқасында жаңа Ата заң өмірге келді. Конституция 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Оған сайлаушылардың 90.51 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы Конституцияны жақтап дауыс берді. Осылайша, 15 жыл бұрын Қазақстанның тарихында тұңғыш рет халықтың бір ауыздан жаппай референдумда қолдап дауыс беруінің нәтижесінде мемлекетіміздің Негізгі Заңы қабылданды.

«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақ халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз!», деп басталатын Ата заңымыз тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуына жол ашты. Осы жолдардың өзінен-ақ, еліміздің негізгі заңының әлемдік тәжірибелерді сіңіре отырып, демократиялық болашаққа бағытталғанын, әрі халықшыл жолды таңдағанын байқауымызға болады. Жаңа Конституция халық пікірінің, ойының, олардың мүддесінің заңдық көрінісі болды. Сөйтіп Қазақстан халқы Елбасымен бірге Негізгі заңды жасады.

Конституция еліміздің әлеуметтік-саяси жүйесінің, экономикасының дамуын жеделдетті, халықтың саяси белсен­ділігін арттырды. Заң шығарушы, атқарушы органдардың құзыретін, жұмыс істеу тетігін, өзара іс-қимылын, бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқыққа ғана емес, сонымен бірге Конституцияда көрсетіл­ген жауапкершілікке де ие болды. Мем­лекеттің тілі, жер мәселесі, азаматтық алудың жолдары, Парламенттің қос па­ла­талық жүйесі белгіленіп, Президенттің құзыреті, сот төрелігінің қызметі, Конс­титуциялық Кеңестің өкілеттілігі сияқты күрделі мәселелердің барлығы 1995 жылғы Конституцияда шешімін тапты. Конституцияның қабылдануы нәти­же­сінде экономикалық даму, саяси рефор­малардың жеделдігі арта түсті. Халықтың саяси белсенділігі, біліктілігі өсті. Олардың қоғам өміріне араласуы заңдық сипатқа ие болды.

Сонымен қатар, өткен он жылдан астам уақыт ішінде Конституция тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы негізгі түйін болды. Осыған байланысты елімізде қоғамның тұрақтылығын, этносаралық татулықты сақтай отырып, биліктің ілгерілеушілік институттары құрылып, бекіді. Әрине, қоғам бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отыратындығы заңды. Сол себепті де Конституциямызда айқындалып, жазылғанымен әлі толық қолданысқа енбегендіктен, жергілікті өзін-өзі басқару, сайлауды демократияландыру, билік тармақтарының рөлін арттыру секілді мәселелер күн тәртібіне қалқып шыққаны белгілі.

Ата Заңымызда алғашқы өзгерістер 1998 жылы бекітілген болатын. Ол Қазақстан халқының мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыруға, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған еді. Саяси партиялардың тізімдері бойынша пропорционалды сайлау жүйесін енгізу осы бағытта жасалған маңызды қадам болып табылды. Қос палаталы Парламенттің Мәжілісіне депутат сайлауы кезінде жеңген саяси партияларға арнайы 10 мандат берілетін болды. Үкімет мүшелерінің депутаттық корпус алдындағы жауапкершілігін арттыру, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, оған сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімін төрт жылдан – Мәжіліс депутаттары үшін бес, ал Сенат депутаттары үшін – 6 жылға дейін көбейту, алқабилер институтын енгізу, т.б. қарастырылған еді.

Дей тұрғанмен, саяси тарих ауқымында 2007 жылғы конституциялық реформалар жаңа кезеңді бастады. Бұл кезеңде де бірталай жа­ңалықтар болғаны мәлім. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Парламенттің өкілет­тілігі кеңейтілді. Депутаттар саны көбей­ді. Мәселен, қазіргі қолданып жүрген Конституция бойынша Парламент депутаттарының саны 154-ке жетті. Мәжіліс тарайтын болса, заң шығару қызметін Сенат атқаратын болды. Депутаттарды сайлау бұрынғы можаритарлық жүйенің орнына пропорционалдық жүйе бой­ынша жүзеге асырылатын болды. Яғни, жеңген партия Парламенттен көп дауыс алады. Қазақстан халқы Ассамблея­сынан тоғыз депутат Парламентке сайланатын болды. Кейінгі Консти­ту­цияға енгізілген өзгерістерге байланысты сот кадрларын іріктеп алу Жоғарғы Сот Кеңесінің құзырына берілді. Тұтқын­дауға санкция беру прокуратурадан  алы­нып, сотқа берілді. Міне, осындай демократиялық үрдістер жүргізілді.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2007 жылы жүргізілген Конституциялық реформа — Қазақстанның жаңа саяси тарихындағы айтулы оқиғаның бірі болды. Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген Конституциялық өзгерістер ең алдымен уақыт талабы болған еді.

Осы конституциялық реформалар мәселесіне біз алдағы тарауда кеңірек тоқталатын боламыз. Ал жалпы айтсақ, 2007 жылы енгізілген өзгерістердің маңыздысы мыналар болды: Президенттік мерзімді қысқарту, Парламенттің өкілеттігін кеңейту және депутаттар санын арттыру, қоғамдық ұйымдар мен партияларды ішінара мемлекеттік қаржыландыруды қамту. Саяси реформаларға сәйкес, Парламенттің, саяси партиялардың рөлі артуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы да конституциялық мәртебеге ие болды. Сонымен бірге, Конституцияға енгізілген өзгерістер Қазақстанның саяси өмірі үшін де өте жауапты болғаны да рас. Конституциялық реформаға қатысты саяси өзгерістер үш жылдан астам уақытта талқыланып, бұған Парламентке дейінгі көптеген күштер ат салысты. Лайықты талқылау түрлері жалғасып, комиссиялар құрылды, әлемдік тәжірибе жинақталып, соның ішінде бүгінгі Қазақстанға шақ болады-ау деген үлгі таңдалынып алынды. Қазақстандағы реформа жағдайлары өңірде, ТМД елдерінде елімізді алдыңғы қатарға шығарып, саяси жаңғыру үдерісі өз мәніне ие бола бастады. Ендігі күні қоғамның тыныштықта, тұрақтылық пен келісім аясында өркениетті түрде одан әрі дамуына жағдайлар қалыптасты.

Қазіргі таңда мем­лекетіміздің құқықтық қатынастарын реттейтін көптеген заңдар, кодекстер қабылданып, олар мемлекеттік құры­лыстың өркендеуіне жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратындығы туралы қағида орын тапқан. Қысқа кезеңде, бірден мұндай мемлекетке айнала кету мүмкін еместігі айқын. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихы көрсеткендей  алға қойған мақсатқа жету  үшін белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс-әрекет  және ел ішіндегі ауызбіршілік  қажет.

Сондай-ақ осы Конституцияда орын алған нормаларды, принциптері мен идеяларын барлық мемлекеттік  органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық ұйымдардың жеке азаматтардың мүлтіксіз сақтауы, пайдалануы мен қолдануы құқық тәртібін, заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, әл-ауқатын жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің сөзсіз шарты болып табылады.

Бүгінде қолданыстағы осы Конституцияның арқасында қазіргі заманғы тәуелсіз мемлекеттіліктің барлық атрибуттары жасалды, оның қызмет ету принціптері айқындалды. Мемлекеттік ықпал етуге жататын, қоғамдық қатынастардың мейлінше маңызды қырларын реттейтін мол заң қоры жина

123
скачать работу

Қазақстанның конституциялық дамуы мәселесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ