Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары

sp; беру  үшін  пайдаланылған.  Үйдің  төбесі  бір  немесе  3-тен  5-ке  дейін  белағаш  қойылып  немесе  итарқа  етіліп  жабылған.  Үйдің  төбесінің  жабылуы  оның  көлеміне  байланысты  болған.

Тандыр  ошақтың  оң  жақ  бұрыш  қабырғасында  ыдыс-аяқ  қоятын 

ұя-тақта  жасалады.  Қабырғанын  ортасында  шырақ  немесе  әр  түрлі  ұсақ-түйек  құрал-саймандар  қоятын  ойықтар  болады.  Ал  ошақтың  алдында  күл  түсетін  шұңқырлары  бар.

          ХІ-ХІІ  ғасыр  тұрғын  үйлері  құрылысында  да  өзгерістер  болған.  Мәселен,  Құйрықтөбе  қаласын  қазғанда  қатар  жасалған  үш  бөлмелі,  бір-бірімен  байланысты  үйлер  аршылған.     Қазақтар     ондай     үйлерді       “қоржын үй”  деп  атаған.  Ондай  үйлер  қазақ  қыстауларында  көптеп  кездеседі.  Олардың  сәкілері    бөлмелердің  тең  жартысын  алып  жатады.  Сәкілердің  үстіне,  еденге  орналасқан  ашық  ошақтар  соқпақша,   дөңгелек,  таға  тәрізді  болып  келеді.  Бөлмелердің  көлемі  әртүрлі  болған.  30  шаршы метрден  40-50  шаршы  метрге  дейін  жететіндері  кездеседі.  ХІІ  ғасырдың  тұрғын  үйлеріндегі  тағы  бір  ерекшелік – еденге  орнатылған  дөңгелек  немесе  тік  бұрышты  темір  ошақтар.  Олар өсімдік  және  геометриялық  өрнектермен  безендірілген.  Бұл  ошақтар  Орта  Азия  тұрғын  үйлері  бөлмесінің  ортасындағы  сандалдарға  ұқсас.  Бірақ  тардың  кигіз  үй  ортасындағы  ошақтарынан  ешбір  айырмашылығы  жоқ.  Мұндай  ошақтардын  маңызы  өте  зор  болған  Олар  үйге  әрі  жылу,  әрі  жарық  берген.  Ошақ  айналасына  отырған  отбасы  мүшелері  әңгіме-дүкен  құрған,  тәлім  тәрбие  мәселелерін  талқылаған.

          ХІІ  ғасырдағы  және  бір  жаңалық,  бөлмелерде  ошақ  алдында  ташнау  болған.  Ташнау  деген  бүгінгі  күнде  көп  қабатты  үйлерде  пайдаланып  жүрген  канализацияның  қарапайым  түрі.  Ол  үшін  ошақ  алдында  терендігі  екі  үш  метр  шұқыр  қазылып,  оған  түбі  арнайы  тесілген  күбі  құбыр  орнатылады.  Тесіктін  үстінен  қалындығы  4 – 5  см,  төрт  бұрышты  30х30  см  күдірілген  кірпіштер  төселіп,  олардың  тесігінің  астындағы  күбі  құбыр  тесігінің  тұсы  ашық  қалдырылады.  Кейбір  ірі  қалаларда  ташнаудан  арнайы  қыш  құмыралар   тартылып,  қаланың  сыртына  қарай  шығарылған. 

           Х – ХІІ ғасырлардағы  Жетісу  аймағындағы  қалалардың  үй  құрлыстарында  өзіне  тән  жергілікті  ерекшеліктері  болды.  Үй  бөлмөлері  белгілі  бір  негізгі  құрылыстың  төңірегіне  топтастырылып  салынады.  Көлемі  500 – 600 шаршы метр  келетін  аумақ  дуалмен  қоршалып ,  оның  ішкі  жағынан  дуалға  тақап  жағалай  тұрғын  үйлер  салынады  да,  ортасы  аула  ретінде  пайданылады.   Мұндай  тұрақжайлар  кішігірім қорған  сияқты  болған.  Бөлмелері  қатар – қатар  орналасқан.  Ортадағы  ашық  аланаға   мал  қораланып,  киіз  үйлерде  тігіледі.  Мұндай  жағдай  Жетісу  қалаларында  жиі  кездеседі.

           Мәдени  мұраларды  зерттеу,  сақтау  және  оны  қолданудағы  бетбұрыс  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  бүгінгі  Қазақстанның  алдында  тұрғын  маңызды  міндеттерімен  өатар  мәдени  мұрамызды  дамыту  мәселесі  жайлы  айтқан  Үндеумен  тығыз  байланысты.  Осыған  байланысты  2004 – 2006  жылдарға  арналған  «Мәдени  мұра»  атты  мемлекетік  бағдарлама  жасалды.  Қазақстанның  ежелгі  және  ортағасырлардағы  тарихы  жазылуда,  біздің  туған  тарихымыз  осылайша  тірнектеп  жинақталуда.

12
скачать работу

Қазақстанның орта ғасырдағы қалалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ