Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ

есе ауыртпалықты түсiну керек және сол мәселенiң не сол адамның тағдырының шешiлуi кiмнiң қолында — соны бiлу керек. Осы түйiндi шешу қажет. Ондай шешiмдi қабылдау тек судьяға ғана бұйырған. Демек, мұнда қоғамның ең басты құндылығы болып саналатын адам тағдыры тұр. Ал құқықтары мен бостандықтары туралы Еуропа пактiлерiнде тұтқындау мәселесiн тек қана сот шешедi. Биылғы жылғы Конституциялық өзгерiстердiң сот жүйесiне қатысты жағы адам құқығы мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Бұрын Ата Заңымызда адамды тұтқындау мәселесiн сот немесе прокурор шешедi деп көрсетiлсе, соңғы енгiзiлген өзгерiстерге байланысты тергеу жүргiзу сатысында тұтқындауды сот шешетiн болды. Қоғамдық қатынастардың өзгерiске түсуiмен бiрге сот құрылымында мамандандырылған экономикалық, әкiмшiлiк соттар пайда болды. Заманауи өзгерiстермен бiрге дамып келе жатқан бұл өзгерiстер соңғы он жылдың iшiндегi үлкен жетiстiгiмiзге саяды. Халықаралық келiсiмдерсiз ешқандай мемлекеттiң басқа бiр елдiң iшкi iсiне араласуға құқы жоқ. Бұл күрделi процестердi қажет етедi. Ол үшiн халықаралық сот құжаттарын бекiтуге мүмкiндiк беретiн құқықтық тетiктерiмiздi жасап алуымыз қажет болды. Адам құқықтарын қорғаудағы ең негiзгi күш ретiнде «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясы және Қазақстан 2005 жылы бекiткен Азаматтық және саяси құқықтар жөнiндегi, сондай-ақ Экономикалық және мәдени-әлеуметтiк құқықтар жөнiндегi халықаралық пактiлер саналады. Ал Еуропадағы аймақтық денгейдегi ең маңызды құжат — адам құқықтары мен бостандығы туралы Еуропалық конвенция болып табылады. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер өздерiнiң соттарына халықаралық және ұлттық бақылаушылардың еркiн қатысуына мiндеттеме қабылдаған. Осыған байланысты Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы және демократиялық институттар жөнiндегi бюросы Қазақстанда сот талқылауы бойынша мониторинг жобасын жүзеге асырды. Бақылаушылардың жүргiзген мониторинг нәтижесi сот талқылауындағы әдiлдiктi халықаралық құқық нормасының принциптерiмен сәйкес келетiнiн көрсеттi. Елiмiз бiрнеше халықаралық актiлерге қатысушы болып табылады. Олардың нормалары кеңiнен қолдау табуда.

Қазақстанның күрделi геосаяси аймақта географиялық тұрғыда орналасуы халықаралық наркоқұрылымдар тарапынан есiрткi заттарын Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы Еуропа мен ТМД елдерiне жеткiзу үшiн тасымалдау дәлiзiне айналып отырғандығы белгiлi. Осыған байланысты Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердiң Жоғарғы сот төрағаларының кеңесi өттi. Форумда жалпы танылған халықаралық құқық нормасы мен халықаралық шарттар және соттардың экстремистiк iстердi қарау және есiрткi заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық iстер жөнiндегi сот тәжiрибесiнiң мәселелерi қаралды. Лаңкестiкке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы және басқа да ратификацияланған халықаралық құжаттарға сәйкес ШЫҰ ережелерi мен Шанхай конвенциясы шегiнде ғана жүзеге асыруға уағдаластыққа қол жеткiзiлдi. Қазақстан сот жүйесiн реформалауда көптеген бағыт бойынша iлгерi келе жатқанын Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Адам құқығы демократиялық институты бюросының директоры Кристиан Штрохал да мойындады.

Сот — консервативтi орган. Оны мезгiл ауысымына қарай, әлемiш етiп әспеттеуге болмайды. Алайда оны жетiлдiрiп отыру қажет. Бiлiктiлiк алқасының Жоғарғы сот кеңесiне берiлуi осы саладағы бiлiм көтеру iсiн дұрыс жолға салады. Соттардың мемлекеттiк тәртiптiлiктi сақтаудағы судья этикасы мен өзге де келеңсiз құбылыстардың орын алмауына қарсы бағытталған проблемалардың кеңiнен талқылануына бiлiктiлiк алқасы барометр болады.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттi басқару академиясының Сот төрелiгi институты сот жүйесiне кәсiби мемлекеттiк қызметшiлер дайындайтын ТМД мемлекеттерi арасындағы бiрден-бiр оқу орны. Жалпы, бiз құқықтық реформа саласын комплекстi түрде жүргiзiп, оны аймақтағы өзге елдерге үйретiп келе жатқан локомотив ретiнде танылған мемлекетпiз. Әлем сарапшылары елiмiзде жүргiзiлген жұмыстарға әдiл бағасын бердi. Бұл бiздiң өткен жылдары қол жеткiзген табыстарымыз. Уақыт өте келе қолданыстағы заңнамаларға өзгерiстер енгiзу қажеттiгi туындады. Әрбiр құқық қорғау органдарының қызметi басқа ұйымның жұмысымен араласпай, оның қайталанбайтын бағыты анықталуы тиiс болды. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты да – осы. Оның өзегi ретiнде құқық қорғау жүйесiн iзгiлендiру көзделiп отыр.

Құқықтық мемлекет идеясы ежелгi дүниеде туындаған. Ежелгi грек философтарының еңбектерiнде азаматтарды қоғам мүшесi деп есептеу негiзделген, сондықтан да олардың сол қоғам тудырған заңдарды орындау мiндеттi болып саналған. Алайда қоғам iшiнде адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерi болған. Адамның қоғамға бағынуы олардың тұлғасын басып-жаншуға дейiн жетпеуi керек. Ал мемлекет қол астындағыларды заңмен басқаруды басшылыққа алған азаматтық өмiрдiң мiндеттi нормаларын орнатады.

Құқық қорғау органдарына нақты мiндеттердiң жүктелiмдерi бiр тектi болып келгендiгiнен олардың арасында бiр-бiрiнiң бастамасын сан-саққа жүгiртушiлер көп. Сондықтан олардың қызметтерiн ажыратып, реформаны нақты жүргiзу сұралуда. Осыған орай «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Президент Жарлығының ережелерiн жүзеге асырудың ұйымдастырушылық құрылымын жеделдету қажеттiгi туындап отыр. Жүргiзiлгелi отырған реформа қоғамдағы өзгерiстерге сәйкес жүргiзудi талап етуде. Реформа бойынша медициналық айықтырғыш қызметiн Iшкi iстер министрлiгiнен алып, Денсаулық сақтау министрлiгiне берiлуi, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарын Бiлiм және ғылым министрлiгiне беру мәселесi қоғамды сауықтыруға арналған жақсы бастама. Құқықтық мемлекет деп адамзат қоғамының гуманизм, әдiлдiк, теңдiк, демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық бiлдiру сияқты құндылықтары биiк тұратын мемлекеттi айтады. Қайырымдылық және аяушылық бiлдiру сияқты таза адамгершiлiк категориясынсыз қоғамның өркениеттi деп танылуы мүмкiн емес. Сондықтан құқықтық мемлекет қоғам өмiрiнiң iзгiлiктi бастауларын нығайтуға шақыратын, бiрден-бiр жоғары әлеуметтiк құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететiн және қорғайтын маңызды құрал болмақ. Осыған байланысты сот реформасын жүзеге асырудың және конституциялық заңдылықты және елде құқықтық тәртiптiң күштi қорғаушысы болатын сот жүйесiн қалыптастырудың маңыздылығы артып отыр.  Осыған орай Елбасы құқық қорғау саласында ауқымды реформаларды жүзеге асыру бағытында «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметi мен сот жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» Заңға қол қойды.

Осы уақытқа дейiнгi құқық қорғау органдарының құрылымы, функциялары мен құзыреттi бүгiнгi қоғамның нарықтық қатынастарына сай келмейтiнi көрiнiс бердi. Бағалаудың бүгiнгi критерийлерi мәселелердi шешуге қабiлетсiздiк танытты. Президент Әкiмшiлiгiне түсiп жатқан наразылық бiлдiрген хаттардың басым күшi құқық қорғау органдары мен соттардың қызметiне қатысты болған. Түрме адамды ешуақытта тәрбиелеген емес. Бұл жердегi тәрбие екi жақты бiтiмгершiлiкке шақыруда жатыр. Батыс елдерiндегi заңдылық бойынша тоналған мал-мүлiктi қайтарып беру, тараптарды түсiнiстiкке шақыруға басымдық берiлуде. Қоғамға аса қауiп төндiрмейтiн қылмыстарды бейқылмыс-тандыруға бағытталған бастамалар да iзгiлiктiң үлкен бастауы болмақ. Құқық қорғау саласын реформалау дегенде, ең бастысы азаматтарға қатысты қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру ғана емес, қылмыстық жауапкершiлiктi әкiмшiлiк жауапкершiлiкке өткiзудi де көздейдi. Түрмедегiлердiң санын азайту мақсатында бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы түрлерiн, сондай-ақ медиация институтын дамыту арқылы бiтiмге келу процедураларын қолдану аясын заң жүзiнде жүзеге асыру iсi де қоғам өмiрiн сауықтыруға септiгiн тигiзетiн шара.

Қарап отырсақ, бүгiнгi адам шаршаңқы. Неге?! Себеп, жеке басыңды куәландыру үшiн бiр ғана құжатың аздық етедi. Ол үшiн мың-сан құжат жинауың қажет. Сондықтан бұл iстi де тиiмдi жолға қою қажеттiгi сұралып тұр. Демек, сотқа дейiнгi iс жүргiзудi одан әрi оңайлатуға, оның жеделдiгiн, оның iшiнде тергеумен ынтымақтастықтағы айыпталушыларға қатысты ынталандыру нормаларын енгiзу арқылы, арттыруға, қылмыстық сот iсiн жүргiзуде бiтiмгершiлiк рәсiмдердi кеңейтуге, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi функцияларды жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағына беруге, тергеу кезiндегi ұзаққа созбалауды қысқартуға, азаматтардың өмiрiн жеңiлдету мақсатында қылмыстық iстер бойынша өндiрiстi оңтайландыруға қатысты шараларды қолға алу осы жолдағы көп кедергiлердi жоймақ. Жалпы, қылмыстық процестер шеңберiнде «кiнәсiн мойындағаны туралы келiсiм» институтын енгiзу адамды тәрбиелеуде игi ықпалын тигiзетiнi анық.

Әйтсе де мына бiр келелi мәселенi ұмытпағанымыз абзал. Қазақстан өз егемендiгiн жариялағалы берi елiмiзде билер сотын құру туралы айтылып келедi. Бiрақ осы уақытқа дейiн ол өз шешiмiн тапқан жоқ. Соттың iзгi мақсатта жұмыс iстейтiн бұл үлгiсi қазiр әлемнiң көптеген елдерiнде бар. Көршiмiз Ресейде «бейбiтшiлiк соты» дейтiн институт жұмыс iстеуде. Ол татуластырушылықты көздейдi. Бұл – бiздiң ұлттық тәрбиемiзде бар дәстүр. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызда бар болмысымызды өз өмiрiмiзде қолданысқа айналдырсақ ұтылмасымыз анық.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Назарбаев «Қазақстан Жолы» кітабы.
  2. «Егемен Қазақстан» газеті.
  3. ҚР Конституциясы.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың  2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
    123
    скачать работу

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ