Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті

Бернштам Шымкетті, Руденко Алтайды, Сорокин Ақтөбені қазды. Барлығының тапқан алтын мұралары мен қолөнер бұйымдарының барлығы Санкт-Петербург пен Ленинградта тұр. Санкт-Петербургтің Эрмитажын әсемдеп тұрған скифтің далалық өрнектері Эрмитаждың бағасын асырып тұр. Оның барлығы біздің ата-бабамыздың қолынан шыққан мүліктер еді. Қазақ халқы – әлемдегі этникалық жаралымы біртұтас жалғыз елдің бірі. Мынау Дағыстан елі Ақмола облысының бір-ақ ауданының көлеміндей болса да, ресми 18 тілі бар. Анау төбедегі көрініп тұрған бір дағыстан екінші төбедегінің тілін түсінбейді Ал бір шетімен бір шеті 8 мың шақырымға созылған түркі халықтарының өз-өздерімен түсінісуі былай тұрсын, қазақ халқының тілінде диалект жоқ. Мен Анатолыдағы шай құйған қазақ әйелімен, Шыңжаңдағы шай құйып отырған қазақ әйелінің отырысы, жаулығы, дастарханындағы тамағы, кесесінің түріне дейін ұқсастығына қарап қайран қалдым. Аралары 8 мың шақырым.

Енді қараңыздар, тағдыр бізді XX ғасырда әлемнің 40-тан астам еліне шашып жіберді. «Болар іс болды, бояуы сіңді» бірақ ес жиып етек жапқан кезде біз осы қазақтардың рухани мәдениетіне назар аударуымыз керек. Бұл ретте шетелдегі 40-тан астам елді мекендеп жатқан қазақтардың ішінде 4-ақ елдегі қазақ диаспорасы өнер туындата алып отыр. Бұл Қытайдағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы, Түркияда тұратын қазақтар.

Ресейде 1 миллион қазақ бар, соңғы бір ғасырда бір ауыз өлең шығарған жоқ, бір сырмақ сырған жоқ, яғни  рухани бедеулікке ұшырап отыр. Ал енді жаңағы 4 елдегі туындап жатқан романдар, кинофильмдер, бейнелеу өнерлері, музыкалар, қолөнерлер бұның барлығы біздің рухани мәдениетіміздің құрамдас бөлігі болып табылады.

Осы жиналыстың өтініш тілегі ретінде қала әкімдігіне мынадай ұсыныс айтқым келеді: Біз «қазақ диаспорасының мәдениеті» деген музей ашуымыз керек. Ол музейге сол қазақтар шығарған газет-журналдар, кітаптар, хаттар, салған суреттер, мүсіндер, текеметтер, жасаған киіз үйлерді қою керек. Кеше ғана осы бір Астанада көрме болғанда Қытайдан 24 қанатты киіз үй келді. Мен сол киіз үйді көріп шыға алмай қалдым. Қандай керемет жасалған балғын қолөнер. Сондықтан осы қала әкімшілігі Астанадан «қазақ диаспорасының қолөнері» атты өнер мұражайын ашса. Оған білікті үлкен бір ғалымды басшы етсек. Ол бүкіл шетелдегі қазақтардың ең алдымен жалпы мәдениетін басқа да рухани мәдениетін соған жинақтаса, онда біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің ол да бір құрамдас бөлігі болып, мөлдір арнасы болып мәдениетіміз, рухани байлығымыз еселене түсер еді!

 

 

 

 

 

Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады.

Мағжан Жұмабаев

12
скачать работу

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ