Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақтың ұлы хандары

ің құрамына кірмей өздігінен өркениетті елдердің қатарына қосылатын мүмкіндігі болды ма? Бұл үш ғасырдан кейін де маңызын жоймаған сұрақ.

Бұл дұрыс шешім болды ма, әлде теріс пе деген сауалға әлі күнге дейін ғалымдар мен саясаткерлер толық жауап бере алмай келеді. Мүмкін толыққанды жауап табылмайтын да болар. Ресей мемлекетінің тұрақты көмегінсіз Даладағы ханның билігі қазақтың үш жүзінің басы бірігіп, ұзақ уақыт тұрақты дамуы екіталай екенін түсінді.

Қазақтың ханы ретінде Әбілқайыр өзінің тарихи миссиясын қазаққа жарқын жол көрсету деп түсінді. Өз ойын ресейдің императоры Елизавета Петровнаға жазған хатында, “бұл дүние ешкімге, соның ішінде маған да мәңгі емес, сондықтан мен балаларым мен өзімнің қырғыз-қайсақ (қазақ) халқыма соңынан олар пайдаланатын бір жол қалдырғым келеді” деген112. Оның есімі қазақ тарихында елдің ішкі және сыртқы саяси проблемаларын шешкен Даланың ірі саяси қайраткері және әскербасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі болашақ қазақ тарихының дамуын дұрыс болжап, оған өз халқын дайындай білген халықаралық дәрежедегі стратег ретінде қалды. Ол қазақ халқының сол кездегі түйінді мәселелерін саралай келіп, еуропа өркениетіне бағыт алуға шешім қабылдады. Ол туралы Ы.Алтынсарин, “... Әбілқайыр қазақтарға адамзат өркениетіне апаратын жаңа жол, қайырымдылық пен бақыт жолын көрсететін ерекше дәуірді ашты. ... Біз оған: Әбілқайыр – сен о дүниенің де патшасы бол, сенің есімің қазақтардың есінде мәңгі қалсын демекпіз” деген екен13.

 Әбілқайыр жүргізген саясатты, қазақтың ұлы ханы Абылай одан әрі жалғастырды. Ол туралы Ш.Уәлиханов: “Сол қантөгіс заманда сұлтан Абылай басқалардан ерекше көрінді. Ол қатардағы әскерден бастап сол кездегі барлық негізгі соғыстарға қатысып, онда өзінің ерекше батырлығымен және айлакерлігімен көзге түсті. Пайдалы кеңестері мен стратегиялық шешімдері оны даналардың қатарына қосты” дейді44.

Ойраттар ішінде билікке талас соғысқа ұласқанда, Абылай көтерілісші нояндар - Әмірсана мен Дауациді қолдау арқылы, өзара соғысқан жоңғардың күшін солардың қолдарымен әлсіретті. Сүйтіп олардың шайқасы солтүстікке ығысқанда қазақтың көшін Ертістің сағасы мен Зайсанның жайлауына көшіріп апарды. Сонымен, біріншіден, қазақтың жерін кеңейтті, екіншіден, жоңғарды өзіне өзін қарсы қойып әлсіретті. Сол кездегі саяси жағдайды тиімді пайдаланды39. Соңынан манчжур әскері жоңғарды қирата жеңгенде, Абылай өз әскерін ойраттардың қонысынан шығарып, Циндардың жағына шықты. А.И.Левшиннің дәл анықтауы бойынша, “ол мақсатын өзгертпей, одақтастарын ауыстырды”97 және сол жағдайды пайдаланып бұрын жоңғар хандарының қарамағында болған Жетісудың Солтүстік-Батысы мен Тарбағатайға Орта және Ұлы жүз қазақтарын көшірді. Цин империясы Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін қазақ халқы өте күрделі геосаяси жағдайда қалғанда Абылай саяси және әскери дарынымен бірге, көреген дипломаттық қырын таныта білді. Ол бұрын Ресейге ант бергенімен, енді қытай богдахандарының қамқорлығын қабылдап, осы екі ел арасындағы қайшылықтарды қазақ хандығының саясатын жүргізуге пайдалануды ойлады142. Бірақ, осы қос бодандық немесе сол кездегі көпвекторлы саясат түбінде қазақ хандығының сыртқы саясатына тиімді болған жоқ. Ол XIX ғасырда Шығыс Түркістанды Қытайдың басып алып, құрамына кіруін тездетті. Елді басқа елдің бодандығына (әскери, экономикалық, саяси және т.б.) апаратын қандай да саясатты дұрыс деп айтуға болмайды.

Қазақ хандығының оңтүстіктегі жағдайын түзету мақсатында Абылай хан Тянь-Шань қырғыздары мен Фергана басшыларына қарсы жорық ұйымдастырып, Түркістан қаласының маңайы мен Ташкентті қазақ жеріне кіргізді.

Абылай хан айналасына заманының ұлы ақындары - Бұхар жырау, Тәттіқара, Үмбетей жырау және батырлары – Қабанбай, Бөгембай, Тайман, Наурызбай және т.б. жинау арқылы халқын біріктіріп, сарбаздары мен батырларының рухын көтере білген ұлы елбасшы болды. “Тағдыр кейде алдын, кейде артын береді” деп Асанқайғы бабамыз айтқандай, Абылай хан дүниеден өткен соң қазақтың батырлық дәуіріндегі дәстүрлер тарих үлесіне кетті. Абылай хан қазақ халқының санасында ұлы істерді атқаруға жіберген аруақ ретінде сақталды44. Әбілқайыр мен Абылай хандардың жүргізген сыртқы саясаттары бүгінгі Қазақстан үшін де маңызын жойған жоқ. Олардан кейінгі екі ғасырдан астам уақыт ішіндегі бодандық, “Зар заман”, Қазан төңкерісі мен қазақтардың шет жерге жаппай көшуі (екінші “Ақтабан шұбырынды”), 1921-1924, 1929-1938 жылдардағы ашаршылық, жаппай қырғын мен саяси қуғын-сүргін, тоталитарлық жүйе т.б. осының бәрі Әбілқайыр мен Абылай хандардан кейінгі қазақ халқының ауыр да қасіретті тарихы. Енді тәуелсіздік алған еліміздің геосаясаты мен экономикасын дамытуда біз “баяғы жартас, сол жартас” болып қалмай, өткен тарихымыздың сабақтарын үнемі естен шығармауымыз керек.

1743 жылы қалмақ тұтқынынан хан Абылайды босатып жатып Галден Церен оған үш сұрақ қояды: «Сендерде қой көп пе?» деп. Оған Абылай: «Көп»  дейді. Сонда Галден «Демек, қойшы өтірікші, қойлар - ұры. Сендер ешқашан ұсақ даудан құтылмайсыңдар, - дейді де, -  сендерде жылқы мен сиыр көп пе?» деп екінші сұрағын қояды. Абылай бұл сұраққа да «Ия, көп» деп жауап береді. Сонда Галден айтады. «Сенің халқың еңбек етпей етке тойып, қымызға мас болатындықтан ұрпақтарың сауатсыз болады. Сенің халқың егін еге ме?» дейді ақырғы сұрағын қойып. Абылай, «Жоқ» деп жауап береді. Галден оған: «Жерге орнықпаған халық отанын тапқанша талай рет басқа жерлерге тарап атамекенінен қуылады» депті175.

Қазақтың атақты билері Төле мен Қазыбек хан Абылайдың замандастары. Қалмақта жатқан тұтқындарды босатып алуға барған Қазыбек би Қоңтәжі ханға: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген, дәм-тұзды ақтай білген елміз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз ... » деп тұтқындарды босатып алыпты36.

Абылайдан кейін қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандар - Кенесары Қасымұлы, Бөкей және Жәңгір Бөкейұлы.

Абылайдың немересі Кенесары XIX ғасырдағы патшаның отарлау саясатына қарсы жиырма жылға созылған қазақтың ұлт-азаттық қозғалысын басқарды1,31. Оның армиясының құрамында үш жүздің батырлары мен сарбаздары және Нысанбай, Қожаберген секілді халықтың жоғын жоқтайтын жыраулар көтеріліс ұраншылары болды. Қозғалыс белгілі себептермен жеңіліс тапқанымен, ол халықтың есінде елдік пен ерліктің үлгісі болып қалды. “Қазақта Кенекемдей жан болмайды” деп жырлаған ақын М.Жұмабаев Кенесарыны қазақ хандары мен батырларының ішінде бірегей етіп суреттеген. Әлемге белгілі жазушы Жюль-Верннің «Курьер царя» романындағы С.-Петербордағы патша сарайынан бастап Сібірге дейін үрей туғызған басты кейіпкер де осы Кенесары хан.

Тарихшы Е.Савичев Кенесары хан туралы: “Кенесарының алдынан кездесетін кедергілер оның бойындағы қажымас қайрат пен қайсарлықты жігерлендіріп, сол кедергілерді жеңуге қайрат беріп, қиындықтарды жеңген сайын оның қуаты келесі кездесетін кедергілерді жеңуге шыңдала беретін сияқты. Кездесетін кедергілер мен қиындықтар күрделенген сайын ол қайраттанып, оларды қиратуға жаралған алыптарға ұқсайды” дейді.

Осы қысқа деректердің өзі ғана хан атағын патша бермегенімен, халық жүрегінен орын тапқан Кенесары ханның қазақ тарихындағы орны ерекше екенін көрсетеді.

Бөкей сұлтан 1801 жылы Патшадан ұлықсат алып, Еділ мен Жайықтың ортасындағы жерге халықты көшіріп, онда батыс үлгісіндегі Бөкей хандығын құрды. Бөкей хан Махамбет айтқандай;

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім, -

деген халықтың арманын іске асырып, қазақтың шекарасын Жайықтан Еділге дейін ұлғайтып бұрынғы Алтын Орданың шегарасын қалпына келтірді. Ол тарихта қазақ жерінің іргесін кеңейткен соңғы хан болды.

Бөкей Ордасының ханы Жәңгір еуропа үлгісіндегі алғашқы мектеп, училище, дәріхана, банк, казначейство, мұражай т.б. ашып батыс стиліндегі мемлекеттің негізін қалаған заманындағы білімді саясаткер және дипломат еді. Сондықтан да бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік орындарының тарихы Бөкей хандығынан басталады. Жәңгір хан әрбіреуінде 10-70 балаға дейін оқитын үш жүздей молда ұстады. Оның мектебінен шыққан түлектер Варшава, Тарту, Саратов, Орынбор, Уфа, Қазан, С.-Петербор, Мәскеу және т.б. ірі қалаларда білім алып, қазіргі қазақ ғылымы мен өнерінің негізін қалауға үлес қосқан ғалымдарды даярлады. Жәңгір хан Бөкей ордасын жан-жақты дамыту үшін орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары Раевский, Мусин-Пушкин, Тапаев және т.б. пайдаланып, Бөкей хандығының топографиялық, топономикалық карталарын жасатып, жан-жақты зерттеулер жүргізді. Қазан университетінің профессоры Жәңгір хан студенттерге лекция оқып, араб тілінде кітабын шығарды. Бөкей Ордасында болған ұлы ғалым Алексанр Гумбольт ол туралы, “мен қазақтың жас ханы Жәңгірмен таныстым. Ол бірнеше тіл білетін жан-жақты білімді ...” деп, жоғары баға берген. Жәңгір хан бес тіл, Фатима ханым төрт тіл білген. Ресей патшасы Фатима ханымға “Жабайы даланы Петербордың сарайларына ауыстырып, астанада тұрмайсың ба?” дегенде, Фатиманың “Туған жердің түтіні де ыст

123
скачать работу

Қазақтың ұлы хандары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ