Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазанғап күйші

ын өтінеді.

         Алайда, Қазанғап араға жылдар салып барып оралады. Келсе, Балжан ұзатылып жатады. Қазанғап тойдың үстінен түседі. Уәли бай күй тартып, думанға айналдыратын адамның келгеніне қуанады, Балжан Қазанғапты көргеніне қуанады. Оң жағынан орын береді. Сол жағында қалыңдығы. Ішкі сезімін ірке алмаған еркін қыз Қазанғапқа күткенін, енді тағдырдың жазуымен күйеуге шығып бара жатқанын айтады. Қазанғап той үстінде “18 жасар Балжан қыз” күйін шығарады. Той бірнеше күнге созылады. Балжан күй тарттырып, жібермеуге айналады. Қыздың алты бірдей адуын ағаларынан қорыққан және намысқа тырысқан жеңгелері күйшіден еліне қайтуын өтінеді. Жағдайды түсінген Қазанғап қоштасу ретінде тағы бір күй орындайды. Бірнеше күн Қазанғап күйлеріне қанық болған тойшылар жаңа күй екенін аңғарып, күйдің атын сұрайды. Ал, Қазанғап үндемей отырады да, шешуін өздеріне қалдырады. Сонда Балжан қыз: “Қазанғап ағаның келгеніне бірнеше күн болды. Күйдің мазмұны қайтуға рұқсат сұрап тұрған секілді”, — депті. “Рұқсат берші, Балжан қыз” күйі осылай туған. Бұдан кейін Балжанды бірнеше жыл көрмесе де, қазір бұрынғы шолжаңдықты қойып, қазақ әйелдеріне тән ұстамды жанға айналған болар деген оймен “Балжан әйел” күйін шығарады.

         Қазанғапта махаббат лирикасымен қатар, табиғат лирикасына құрылған күйлер де бар. “Жем суының тасқыны” күйінен өзеннің сылдырап аққан сұлу ағысын, буырқана тасыған толқынын естіп, айналасындағы әсем табиғатты аңғаруға болады. Сондай-ақ өзен бойындағы ауыл адамдарының тіршілігін, мінез-құлқын, қонақжай, ыстық ықыластарын да түсіне аласың. “Дүркін-дүркін дүние”, “Қап, әттеген-ай”, “Домалатпай Ақжелең”, “Ілме”, “Жаңылтпаш” көңіл-күй лирикасына құрылған. Бірде Бүркітбай байдың жорғасының жүрісін, сұлулығын көріп сүйсінген Қазанғап “Торы жорға аттың бөгелек қағуы” атты күйді суат басында шығарған көрінеді. “Торы аттың кекіл қақпайы”, “Майда қоңыр”, “Бөгелек”, “Ақсұңқар құс” күйлері де жан-жануарларға арналған.

         Ақтөбе өңірінде Үсен төре деген күйші өткен. Өзі бай, өзі күйші Үсен төре бұрын-соңды көрмеген Қазанғапты жылы шыраймен қабылдай қоймайды. Қазанғап үйде жүрген келіншектен ілулі тұрған домбыраны сұрайды. Келіншек атасы Үсеннің жақтырмайтынын білсе де, қонаққа амалсыз алып береді. Содан Қазанғап бірнеше күйді қайырып тастайды. Риза болған Үсен төре басын көтеріп, Қазанғап екенін біледі, жөн сұрасады. Қазанғап кетерінде “Қанша байлық болғанмен, дүние екі айналып келмес. Заман өзгерер, маңдайдағы бақ-дәулет мәңгі болмас” деген терең ойды білдіретін  “Өттің дүние, кеттің дүние” атты философиялық күйін Үсенге арнап шығарады. “Жұртта қалған”, “Көкіл” күйлерінен де үлкен философиялық тұжырымдар есіледі.

         Сондай-ақ, Қазанғап бұрынғы жыраулық дәстүрді домбыра тілімен дамыта білген. “Ноғайлының босуы”, “Балжанның жыр күйі”, “Бекеттің жыр күйі” атты күйлер жыраулық сарынмен үндес келеді.

         Қазанғап домбыраны оңқай да, солақай да тартқан. Ал, күйлерін орындаудағы өзіндік шеберлігі әрі ерекшелігі – сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып, саусақ тимейтін пернелердің өзінен дыбыс шығаратындығы. Сондай-ақ қарсы қағыс, буын-буынмен тарту да Қазанғапқа тән. Күй мазмұнына қарай оң қол мен сол қолды ауада кейде сермеп, кейде әсем билете отырып, күйдің мәнін жеткізу, бейнелік көріністер жасау, баурап алу үшін, саптап тарту тәсілін де пайдаланған.  

         “Шәкіртсіз ұстаз — тұл” деген, Қазанғаптың шәкірті аз болмаған. Олар – Матай Қуантайұлы, Құрманғали Өмірзақов, Кәдіралы Ержанов, Нұрқат Қосуақұлы, Медеубай Бақтыбергенұлы және басқа көптеген домбырашылар. Сондай шәкірттерінің бірі – Жәлекеш Айпақов. А.Жұбанов Қазанғаптың күйлерін зерттеп жүріп, 1965 жылдары Шалқарда Жәлекешті кездестіреді. Оның шеберлігіне тәнті болған Жұбанов Алматыға алдырып, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестріне домбырашы етіп қабылдайды. Барлық жағдайын жасайды. Оның себебі бар. 1904 жылы туған Жәлекеш Қазанғаптың көзін көрген, әкесі қоңсылас қонған. Ж.Айпақовтың орындауындағы Қазанғаптың 13 күйі Қазақ радиосында 1975 жылға дейін беріліп келді. Қазанғап күйлерін алғашқы насихаттаушылар ретінде Жәлекеш Айпақовқа Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі атағы берілген.

         Ахмет Жұбанов Кәдіралы Ержанов орындаған Қазанғаптың күйлерін магнитофон таспасына жазып алған. Мол мұраны сол күйінде жеткізген еңбегін бағалаған академик Кәдіралыға консерватория есебінен өмірлік стипендия тағайындаған. К.Ержанов 1885 жылы туған, яғни Қазанғапты көзімен көріп, күйшінің өзі орындаған күйлерді құлағымен тыңдап, жүрегімен қабылдаған шебер домбырашы болды. Ахаң бастап берген соқпақ жалғасын тапты. 1978 жылдың маусымында Қазақ Ұлттық ғылым академиясының экспедициясы Шалқар ауданында болды. Экспедицияның басында академияның корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Бек Сүлейменов және ұлттық фольклордың, жалпы мәдениетіміз бен өнеріміздің нағыз жанашыры Мардан Байділдаев болды. Ел аралап, күйші туралы деректер жинады. Осы сапарда күйшінің қызы Ақілгекті жолықтырып, бірқатар мәліметтерге қанығады. Қазанғаптың 75 жастағы шәкірті Шүрен Сартовпен кездесіп, бірнеше күйді таспаға жазып алады. Экспедицияның жемісті еңбегінің нәтижесінде Қазанғаптың бейіті анықталды. 1921 жылы Қазанғап қайтыс болғанда ағайын-туыспен бірге Кәдіралы, Балмағанбет және басқа шәкірттері басын қарайтып, бейітін тұрғызады. Бірақ, қиын уақытта тұрғызылғандықтан болар, кейініректе жермен-жексен болады. Дегенмен, 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтының ректоры Мұхтар Арынның басшылық етуімен  Қазанғаптың 140 жылдығы атап өтілді. Ақтөбе қаласында екі күн бойы ғылыми конференция, күй сайысы өткізілді. Той Шалқар ауданында жалғасып, күйші жерленген Ақбауыр құмындағы бейіті жаңартылды.

         Қазанғап мұрасын Ахмет Жұбановтан кейін беріле зерттеп, зор еңбек еткен Сәдуақас Балмағамбетов еді. Сәдуақас 1974 жылы Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясын бітіргеннен бастап сол оқу орнында еңбек етті. Сол кездегі билік Қазанғапқа әлі де қырын қарап тұрғанына қарамас­тан, қазанғаптануға кірісіп кетті. Күйшінің өмірі туралы онсыз да білетін, себебі, Сәдуақас сол өңірде туған. Күйлеріне бала кезінен қанық. Қазанғаптың шәкірті болған әкесі Балмағамбеттен талай күйді үйреніп өсті. Енді тек ғылыми тұрғыдан зерттеп, дәлелдеу еді. “Тірі Қазанғап” атанған С.Балмағамбетов балалық, студенттік шақтан кейінгі тура 25 жыл профессионалдық ғұмырын Қазанғаптың мұраларына арнады.

         Қазанғаптанушы, журналист Мұхамбетәли Есмағанбетов Сәкеңнен жасы кіші болса да, шығармашылық байланыстары арқылы рухани достықта болды. М.Есмағамбетов Сәдуақастың қалай “тірі Қазанғап” атанғанын айтып еді. Ұлы сазгер Нұрағаң (Тілендиев) бір отырыста Сәдуақастың тартқан күйіне тәнті болып, “мынау кімнің күйі?” депті. Қашаннан сырбаз, ешкімге бас имейтін, өткір мінезді Сәкең: “Немене, Қазанғап Тілепбергенұлы деген қазақтың ұлы күйшісін білмеуші ме ең, бұл сол Қазанғаптың “Кербез Ақжелеңі” деген екен. Сонда Нұрағаң “Ойпырмай, сонда бұл күйді Қазанғаптың өзі қалай тартқан екен, сен нағыз тірі Қазанғаптың өзісің ғой” деп, Сәкеңнің домбыра тарту шеберлігіне өзінің жүрекжарды бағасын берген екен. Содан кейін С.Балмағам­бетов күйші-домбырашылар, өнер адамдары арасында, ел ішінде “тірі Қазанғап” атанып кеткен.

         С.Балмағамбетов Қазанғап күйлерін нотаға түсіріп, 1983 жылы күйтабаққа жаздырды. “Саз зергері Қазанғап” атты кітабы өзі қайтыс болған соң екі жылдан кейін, яғни 2001 жылы профессор Айтжан Тоқтағанның көмегімен жарық көрді. Кітапта Қазанғаптың жиырма күйінің нотасы берілген, әрбір күйдің шығу тарихы айтылған. С.Балмағамбетовтің орындауындағы “Қазанғаптың күйлері” атты үнтаспа шығарылды. Қазанғаптанушылардың ішінде Абдулхамит Райымбергеновті де атап өтуіміз керек. Ол ұзақ жылдар бойы Қазанғап күйлерін орындап, қалың жұртқа таныстырудағы еңбегі зор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері марқұм Бақыт Басығараев өмір бойы Қазанғап күйлерін тартып, халыққа жеткізді. Академик Ахмет Жұбанов ертеректе Басығараевқа хат жазып, түптің түбінде Қазанғаптың халықтың рухани байлығына айналатынын айтқан.  Ахаң (Жұбанов) бастаған ауыр да игілікті еңбектің нәтижесінде Қазанғап қайта оралды. Өнер сүйген адам үшін, жалпы қазақ үшін ең қуаныштысы осы. 2004 жылы Қазанғаптың туғанына 150 жыл толды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы “Күй тәңірі – Қазанғап” атты шығармашылық кеш ұйымдастырды. Сол сияқты танымдық, насихаттық мақсатта басқа да шаралар өткізілді. Сол жылы Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде күй кеші өтті. Кеште ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Ақселеу Сейдімбек Қазанғаптың күйшілігі туралы тұшымды әңгімелер айтып берді. Өткен жылы Ақтөбе қаласында Қазанғаптың 150 жылдығы күй сайысымен жалғасты. Сайысқа Астана, Алматы, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Орал, Атырау, Ақтөбе облыстарынан отызға жуық күйші қатысып, екі күн бойы Ақтөбе аспанын күймен көмкерді. Мерейтой Қазанғаптың туып-өскен, жерленген жері Шалқар ауданында қорытындыланды. Күйшілер Қазанғаптың бейіті басында болып, күйшіге тағзым етті, орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты.

    

123
скачать работу

Қазанғап күйші

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ