Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)

р сынап-мінеуге, объектіге алынған PR-субъектінің кемшіліктерін баса көрсетіп, аудитория алдында беделін түсіруге, ол жайында теріс, жағымсыз көзқарастар қалыптастыруға бағытталатындығы байқалады. Біз мұндай мәтіндерді «саяси ойында» теріс мақсатта қолданылатын тәсіл деп табуды жөн көрдік. Өйткені PR-ақпараттарды теледидар арқылы тарату үшін PR-субъекті эфирден көрсетіліп, PR-ақпарат аудитория алдында негізделіп, дәлелденуі тиіс. Ал қағаз арқылы, жазбаша формада таралатын PR-ақпаратқа мұндай талаптар қойыла бермейді. Мұндағы ақпараттың шынайылығы, растығы фотосурет арқылы ғана дәлелденуі мүмкін, бірақ бұл – міндетті шарт емес. Осы жағдай да PR-ақпаратты тарату үшін ең қолайлы БАҚ түрі ретінде газеттердің таңдалуына себеп болады деп ойлаймыз.
3.3.2 «БАҚ құралдарында PR-ақпаратты тарату тәсілдері (газет мәтініндегі тілдік манипуляция)» атты тармақшада медиа-мәтіндегі тілдік манипуляция тәсілі кеңінен сөз болады. Бұқаралық коммуникацияда алдына қойылған прагматикалық мақсатына жету үшін автордың үнемі жақсы, дұрыс тәсілдерді қолдана бермейтіні байқалады. Яғни адресант аудиторияны өз пікірінің дұрыстығына сендіру үшін оқырманның когнитивтік санасында бұрыннан қалыптасып орныққан ғаламның тілдік бейнесіне белгілі бір өзгерістер енгізуге тырысады. Автор мүддесіне сәйкес қолданылатын осындай тілдік тәсілдерді екі топқа бөліп, оларды:
1. Тілдік амал-тәсілдер;
2. Тілдік айла-тәсілдер деп атадық.
Мұндағы бірінші топқа бұрыннан белгілі, авторлар актив қолданатын, адресатқа жағымды әсер ету үшін пайдаланылатын тілдік бірліктер, екінші топқа реципиентке жасырын түрде әсер ету үшін, авторлардың немесе жекелеген бір топтардың теріс ниеттегі мүдделерін жүзеге асыру үшін қолданылатын тәсілдерді жатқыздық. Осы соңғы топқа байланысты мәселелер лингвистикалық әдебиетте «тілдік манипуляция» деп аталып жүр.
Қазіргі қоғамымызда манипуляция тәсілі (шындықты бұрмалау) саяси дискурсқа байланысты кеңінен қолданылатынына көз жеткіздік. Әсіресе сайлау қарсаңында және сол науқанның барысында қазақ баспасөзінде сананы бұрмалаудың, яғни когнитивтік сананы түрлі тәсілдермен өзгертуге тырысатын ақпараттардың баспасөзді жаулап алатыны анықталды.
Бір сөзбен айтқанда, адам баласының өзін қоршаған орта туралы ақпаратты табиғи таза күйінде емес, медиа-сүзгіден өткізілген, өңделген, автор көздеген мүдделерге сай құрылған күйде алуы осы бұрмалаудың түрліше тәсілдер арқылы жүзеге асырылуына кеңінен жол ашады. Баспасөз бетіндегі сайлау қарсаңындағы үгіт-насихаттық материалдарда манипуляция вербалды және бейвербалды тәсілдер арқылы кеңінен көрініс табады. Ондағы түрліше амал-тәсілдер жинала келіп индивид санасында когнитивтік қақтығыстың орын алуына әкеледі. Бұл негізінен газет материалдарының әсерін күшейтуге бағытталған тәсіл болып табылады.
Жұмысымызда қазіргі қазақ газеттеріндегі тілдік манипуляция тәсіліне құрылған мәтіндер жан-жақты талданып, оған қатысты мынадай тұжырымдар жасалды: біріншіден, тілдік манипуляция көпшілік көзінен тасалау, беймәлім жағдайда өтетін оқиғаға арналған мәтіндерде кеңінен пайдаланылатыны және оның әсіресе саяси дискурста айрықша көрініс табатыны анықталды; екіншіден, мұндай PR-мәтіндерде адресанттың прагматикалық ұстанымын жүзеге асыратын қарқындандырғыштардың ішінен – сөзойнатым тәсілі кеңінен қолданылатыны байқалды; үшіншіден, тілдік манипуляцияға құрылған PR-мәтіндердің кейіпкерлері көбінесе нақты болмайды, «кейбіреулер», «шенеуніктер», «биліктегілер» түрінде аталатын мұндай Х-субъектілер «Өзім –Өзге» бинарлы концептісінің екінші сыңарының мәнін жан-жақты ашуға бағытталады.
3.4 «Газет мәтініндегі концептілердің берілу ерекшелігі» деп аталатын тармақта қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси концептілерге көбірек көңіл бөлінді. Бұқаралық коммуникациядағы саяси дискурсты құрайтын негізгі концептілер тізбесін: Билік – Президент – Заң – Оппозиция – Халық түрінде көрсетуге болатындығы анықталды. Осы тізбек прагматикалық аясы аса кең «өзім/өзге» бинарлы концептісі шеңберінде қарастырылды. Себебі аталмыш терминдер қазіргі қазақ басылымдарында жиі қолданылатын, әртүрлі мән-мазмұнда танылатын өзекті базалық ұғымдарға айналып отыр. Сондай-ақ олардың мазмұндық ерекшелігі ұлттық, мәдени, ғылыми, тарихи, жалпы энциклопедиялық білімдер негізінде танылады.
Жұмысымызда қазақ газеттеріндегі билік концептісінің вербалдануы нақты мысалдар түрінде көрініс тапты: «Билік – үлкейткіш шыны... Онда сиқырдың элементі бар», «Билік – орынтақ», «Билік – мемлекет деген алып машинаның тетіктерін іске қосу», «Биліктің бөденесі» (Е.Ертісбаев), «Билік пен оппозиция – Алаш деген арбаның қос тертесі», «Билік бір адамның, оның отбасының және олигархтың қолында», «Билік – ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау» т.б.
Медиа-мәтінге прагматикалық және когнитивтік талдау жасау барысында бұл екі саланың негізгі ұғымдарын сабақтастықта алып қарастырудың мәні зор. Осылайша зерттеу нәтижесінде газет материалына арқау болатын өзек концептінің құрылымына мәтіннің тақырыптық-мағыналық кескіндемесі (немесе ақпараттық-талдамалық қаңқасы) сай келетіні анықталды. Жұмысымызда бұл сәйкестік мынадай сызба түрінде көрсетілді.

123
скачать работу

Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ