Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қылмыс туралы түсінік

н негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығында кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті қыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс кұрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа катысуды түзетін болса, онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65,66, 67, 68, 69. 73, 76 - баптарында көрсетілген шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті корғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен та-туласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау үкімінің-ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.

Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық, және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің, бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әртүрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас болып, ұйықтап жатканын көріп, одан кек алу мақсаты-мен, есік, терезені сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде түрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4 тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкіне өрт жіберу арқылы қасақана құрту (87-бап, 2-белігі, «а» тармағы); 2) кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі).

Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.

Мысалы У. төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырыктай тас лактырады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп, оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс жасағанын көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақа-тын түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Оның үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының, 1-бөлігінің «а» тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.

Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды. Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.

Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстың жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды (12-бап, 3-бөлігі).

Яғни айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міңдетті белгісі ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307-бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі де мүмкін (176-баптың 2- бөлігі, «в» тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс болып табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жат-пайды.

 

ІІ. ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы

 

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы

12345След.
скачать работу

Қылмыс туралы түсінік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ