Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

борышы.Бұл азаматтардың  конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру   болып табылады.

 

 

    Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, оның әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау   болып табылады.

    Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген, нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады.

    Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет.Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.

    Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде –бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылу немесе жазалануға тиісті емес.Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

 

 

2.4.Қылмыс және қылмыс құрамы

 

    Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық -құқылық  түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті  және құқыққа  қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.

    Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді.Өмірде қылмыстық құбылыстар әр түрлі нысандарда көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігімен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған.

    Қылмыстың жалпы түсінігі – барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.

    Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады.Қылмыстың құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана.Ол – нақты қылмыстың заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі.Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер – қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлік  және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілердің жиынтығы есепке алынады.Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады.Осы екі қылмыстың құқылық- түсініктерінің бағыты да әр түрлі.Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.

    Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады.Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік.Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.

    Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың обьектісін, қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьективтік жақтарын, және субьектінісін атап көрсетеді.Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі элементтерге бөлінеді.Әрбір қылмыс құрамында оның обьектісін, обьективтік және субьективтік жақтарын, және субьектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады.Осы элементтердің әрқайсысы қылмыстың құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да осы элементтердің біреуінің жоқ болуы қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді.

    Қылмыстың құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады.Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамының элементтерін сипаттау деп аталады.Мысалы, қылмыстың субьективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамының субьективтік жағы деп аталады.

    Қылмыстың обьектісі деп, сол қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз.

    Қылмыстың обьектісі заң қорғайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.

    Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың обьективтік жағын құрайды.

    Обьективтік жағының белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі – адамның әрекеті немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырамдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалтыру, т.б.).Біршама қылмыс құрамының обьективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді.Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың обьективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады.

    Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда обьективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. 

    Қылмыстың субьективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады.

      Субьективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады.Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады.

    Субьективтік жағынан бір қылмыстар қасқаналықпен (ұрлық), екінші біреулер абайсыздықпен (абайсызда кісі өлтіру), үшіншіден қасқаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін.

    Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі.Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады.Кейбір қылмыс құрамының субьективтік жағының белгілерін қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады.Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру.

    Қылмыс құрамының субьективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады.

    Қылмыстық заң бойынша   қылмыстың субьектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады.

    Қылмыстық жауаптылыққа  есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толғпн (14,15-бап) жеке адамдар жатады.

    Сонымен кез келген қылмыс құрамының субьектісінің жалпы белгілері болып:жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады.Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ған жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді.Мысалы, пара алудың субьектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субьектісі болып әскери қызметшілердің болуы қылмыстың субьектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор.

    Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмыстың құрамының жалпы түсінігі, қылмыс құрамы

12345
скачать работу

Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ