Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Кітапханашылар байқауы

quo;Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты хикаяттары, «Жеңеше», «Монолог» әңгімелері енген екен. Шөл далада бір жұтым суға зар болған жолаушыдай шөліркей оқыдым. Бұл шөліркеуім балалық шақты іздеп, аңсауым екен. Әсіресе Х.Андерсен атындағы Халықаралық сыйлықты иемденген «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» хикаясы керемет. Бас кейіпкері Асанның ойымен берілген, бар-жоғы 14 тыныстан немесе оқиғадан тұратын хикаятта каншама жарқын ой, тамыры терең мәселе жатыр десеңізші! Неліктен біз бала шағымызда жанымыз нәзік, мейірімді, жүрегіміз ән салып тұрғандай болады, ал есейіп «үлкен» болғанда жүрегіміз селт етпейтін тасжүрекке айналамыз деген сан сұраққа жауап тапқандай боласың. Мүмкін соның бір тамыры үлкендер тарапынан кеткен қателік болар. Асанның өзіне сөз берсек.
... Мамам керемет акылды. Ақылдылар адаммен әсте сөйлеспейді, тек ұрсып-жекуді, төкпелеп ақыл айтуды біледі. Табалдырықтан сүрінсем де, жеп отырған нанымды абайсызда түсіріп алсам да, колма-қол калта-қалта ақылы дайын. Сенсең, кейде бес бөлмелі кең үйде андыздаған ақылдан қашып тығылар орын таппай сасамын. Қара құлағын бұрасаң, кемеңгерліктің не қилысын төр үйдегі жалпақ бет теледидар да төгіп тастайды. Қайта мамам құсап бақырып-шақырып, әлсін-әлсін табақ, кеселерді жерге атып ұрмай-ақ, көйлекке ала галстукті тағып тастап, жағымды дауыспен сызылтады-ай, тегі. Ал мен, А.Қайырсынов, ми қаритын ақыл орнына бас сап алысар, төбелесіп татуласар, кеудесінде жаны, жөн-жосықсыз сөйлейтін сөзі, ойнақтаған көзі, он үштегі жасы бар дос іздеймін! Естисіңдер ме, дос қажет! ...
Хикаяттың өзі «Неге?» деген сұраққа жауап іздеуден басталады. Неге Асан қасапхананы (мал соятын арнаулы орын) өртемекші болды екен? Неліктен мектеп дирекциясы Асанға қасапхананы өртемекші болғаны үшін алғыс жариялады? Жас оқырман, осы сұрақтардың жауабын білгің келсе, хикаяттың басынан аяғына дейін үтір-нүктесін қалдырмай зер сала оқып шық дегім келеді.
Қайдасың балдай тәтті балалық шақ?! Балалық естелігімізді ұрлатып алмай, өзімізбен алып жүрейікші!

 

Құрметті оқырмандар!
Байқауға қатысушылардың көркем шығарма туралы айтқан ойлары сіздерді қызықтырса, онда сіз оны міндетті түрде оқып шығасыз деген үміттеміз.
Кітаптар сіздерді ұлттық әдебиет және өлкетану бөлімі мен оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің абонементтерінде күтеді.

Біз сіздерге шын жүрекпен,
ақ ниетпен сәттілік тілейміз!

12
скачать работу

Кітапханашылар байқауы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ