Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қытай философиясы

200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

12
скачать работу

Қытай философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ