Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері

юань – 13.3 пайыз, 2002 жылғы табысы 6941 юань – 14.4 пайызға өскен. Ауыл-қыстақ тұрғындарының адамбасындық таза кірісі 2000 жылы 1618 юань – 9.8 пайыз, 2001 жылғы таза табысы 1710 юань – 5.7 пайыз, 2002 жылы таза табысы 1863 юань – 8.9 пайызға көтерілген (8). Егер соңғы жылдардағы Шыңжандағы қала-қыстақтардың бет-бейнесінің шыт-жаңа өзгергенін, көлік жолдары мен телефон байланысының жақсаруы мен арзандауын, қытай тұрғындарының беттері ажарланып, жҝздерінің жадырап қалғандығын ескеретін болсақ, жоғарыда келтірген биліктің сандық мәліметтерінің шындыққа жақын екендігіне сенгіңіз келеді.

Демек, бұл Қытайдың Батыс бөлікті игерудің алғашқы сатысындағы жетістігі. Зор көлемдегі қауырт игеру осы жылдан (2005 жылдан) басталмақ. Оның дайындық құрылыстары қарқынды жҝрілуде. Солардың ішінде тек су құрылыстарын атап айта кетейік. Шыңжан ҝкіметі жаңа су құрылыстарын салуды басты орынға қойды. Олар 2010 жылға дейін бірнеше өзендерді арнасынан бұрып ағызатын ірі каналдар мен су қоймаларын салу жұмысын жҝргізіп жатыр. Атап айтқанда, Ҝрімші қаласы мен Қарамайлы қаласының су проблемасын тҝбегейцлі шешу ҝшін, Қара Ертістен Жоңғар ойпаты арқылы Қарамайлы қаласына баратын канал іске қосылды. Енді Қара Ертіске құйятын Буыршын өзенінен Ҝрімші қаласына бағытталған ірі канал құрылысы қолға алынды. Сонымен қатар, ол шөлейт жерлерді басып өтетін бұл каналдың бойын жағалатып, тез өсетін ағаштар егіп, құмдауыт даладан жасыл белдеу жазира қалыптастырып, оны ағаш материалдары базасы мен сҝтті сиыр өсіру базасына айналдыру шаралары да қатар жҝргізілуде.

Ал Іле аймағында Іле өзенін бұру каналы мен ҝлкен су құймасын салу құрылысы өзінің алғашқы жоспардағы жұмысын аяқтап қалды. Бұл құрылыс Іленің Тоғызтарау ауданы мен Текес ауданның қиылысқан қысаңында салынуда. Олардың Іле өзенін белгілі мөлшерін бұрып ағызатын канал салудағы мақсаты екеу. 1 - Іле өңірінен 120 мың гектар тың жер игеріп, оны Шыңжан биязы жҝнді қойын өсіретін және ет пен сҝтті бірдей беретін сиыр өсіретін базаға айналдару. 2 - Іле өзенінің негізгі қайнар көзінің бір саласы болған Көксу өзенін Тянь-Шань тауының аржағына тесіп өткізіп, онда суалып баражатқан Әйбиху көлінің экологиялық пробелемасын шешуге пайдалану. Демек, Қытайдың Батыс аймақты игеруде немесе Шыңжанды қауырт игеруде трансшекаралық Қара Ертіс пен Іле өзендерінен жаңа каналдар салу мен ірі су құймаларын жасуы, қалайда ол өзендерден Қазақстанға келетін су мөлшерін азайтатындығы сөзсіз. Тек су мөлшері азайып қана қоймайды, сонымен қатар, ол өзендер бойындағы кәсіпорындардан шығарылатын ылас сулар ол өзендерге құйылып кетпеуіне кепілдік жасалмаған. Сонда одан келетін зардапты алдымен Қазақстан тартады. Бұл мәселе екі ел қатынастарына жағымсыз жағдай тудыруы әбден мҝмкін. Оны Қытай басшылары жақсы тҝсінеді. Сондықтан өткен жылы мамырда Қазақстан Республикасының призеденті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барып Ху Цзинтаомен (Ху Жинтау) кездескенде, Қытай президентінің: «Қытай трансшекаралық су ресурстарын әділетті әрі тиымды пайдану жағында» (9) деп, алдын-ала ескерткендей болуы сол себептен екені белгілі. Әрине бұл мәселе Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан қашанда тыс қалған емес. Осы реткі тарихи сапарында трансөзен мәселесін «Елбасы ҚХР төрағасы Ху Цзинтаомен болған жоғары дәрежелі кездесуінде көтерген» (10). Бұл мәселе бойынша екі жақты келісімді жҝзеге асыру ҝшін құрылған арнайы комиссия жұмыс істемек көрінеді. Оның нәтижесін уақыт өзі көрсетер. Илайым Қазақстанға келер зардап аз болғай деп тілейік.

Дегенмен Қытайдың Батыс аймақты игеруі немесе Шыңжанды қауырт игеру жоспарының іске асырылуы Қазақстан ҝшін де көптеген тиымды орайлар әкеліп отырғандығын ескеруіміз және одан пайдалана білуіміз керек деп ойлаймын. Шыңжан ҝкіметі ішкері өлкелерден және шетелдерден инвестиция тартудың заңдық негіздерін жариялады. Қазір Шынжаңға Орталық ҝкіметтің бюджетінен тыс, жергілікті ҝкіметтер мен ірі компаниялар және жеке саудагерлердің қаржысы құйылуда. Сонымен қатар Шыңжана жҝз мыңдаған еңбек кҝштер де ағылып келуде. Соның нәтижесінде, қазір Шыңжана өндіріс қызып, базар қайнай бастады.

ҚХР Шыңжан ұйғыр автономиялы районы ҝкіметі 2000 жылы 30 тамызда «ШҰАР шетел инвестрларын инвестиция салуға ынталандырудың бірнеше саясаттық белгілемерін» мәліәмдеді. Ол жалпы 25 тараудан тұратын белгілемеде, инвестиция салатын жетекші өндіріс секторлары, жеңілдік саясаттары және тартылған инвестицияға кепілдік беру мәселелері нақтылап айқындалған. Аталмыш белгілеменің 5–ші тарауында: Шетел кәсіпкерлерінің инвестициясымен құрылған кәсіпорындардың он жылдан артық жұмыс істегендеріне, шетел инвестициясы кәсіпорындары мен шетелдік кәсіпорындарының пайдасынан алынатын жергілікті салықтан босатылады» (11) - деген сияқты кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер көрсетілген. Соған орай, шетелдік кәсіпкерлер Шыңжанға инвестиция әкеле бастады. Демек, Шыңжанды қауырт игеру науқаны және соған сәйкес қабылданған заң ережелер мен саясаттық белгілемер қазақстандық кәсіпкерлердің Шыңжанға инвестиция салуына өте қолайлы болып отыр деп санаймын. Өйткені, Қытай ҝкіметі Шыңжан тұрғындарының жалпы саны таяуда 30 миллионға жетеді деп отыр (іс жҝзінде одан да көп болмақ). Адамның көп болуы әлеуметтік сұранысты көбейтеді, яғни оның өзі ҝлкен рыног. Оның ҝстіне Қытайдағы еңбеккҝштің арзандығы өндірген тауардың өзіндік құнының жоғары болмауына кепілдік береді. Қазірдің өзінде Қазақстан өндірген азық-тҝлік пен сусындықтар Шыңжан базарында жоғары бағада сұранысқа ие. Сондықтан отандық азық-тҝлік, компит және сусындық өнімдерін Шыңжанға экспорт етуге бағыттан пайдалы болмақ.

Бұл бағытты Елбасының өзі нұсқап отырғандығын атап айту артық болмас. Өткен жылы мамырда Ҝрімжі қаласында өткен «Қазақстан мен Қытай – сауда және инвестиция әріптестер» атты бинес-форумда сөйлеген сөзінде Президент: «қазақтандық және қытайлық кәсіпкерлердің бірлесіп қатысуы екі жаққа да тиімді, әрі пайдалы болатынын алға тарты. Сондай-ақ, Елбасы, осы мақсатқа қазақстандық кәсіпкерлердің инвестиция салуға қазірдің өзінде дайын екендігін жеткізді» (12). Сондай-ақ оның нақтылы мысалы ретінде, Елбасы Ҝрімшідегі арнайы экономикалық ауданға орын тепкен, шырын өндіретін «Райымбек – фуд» кәсіпорынның шымылдығын ашып берді. Бұл Қытайда ашылған ең алғашқы кәсіпорын болды. Ендігі жерде осындай ынтымақтастықты дамытатын 30-дан астам келісімге қол қойылғандығы – екі ел кәсіпкерлерінің өзара істестігі әлі кең көлемде дами тҝстіндігінен дерек береді.
Елбасының осы реткі сапарында қол қойылған Қазақстаннан Қытайға мұнай құбырын тарту, жҝк тасымалы көлемін арттыру сынды келісімдерге негізделсек, ҝстегі жылы екі елдың өзара барыс-келісі анағұрлым арта тҝспек. Нақтылап айтқанда, Қытай азаматтарының ресми келісім-шарт бойынша Қазақстанға келетін жұмысшылардың саны еселеп артады. Әрине олардың уақыттық шектемесі болуы керек.

Ал Қытайдың Қазақстаннан астық алуға аса зор ынта байқатып отыр. Олардың ойынан Қазақстан астығын екі тҝрлі жолмен алғысы келетіні байқалады. Біріншіден, өндірілген дайын астықты тікелей сатып алу; екіншіден, өздеріне жақын облыстардан жерді жалға алып, астық егіп оның өнімдерін Қытай рыногіне шығару. Егер екінші тҝрдегі ойлары іске асатын болса, онда еліміздің шығыс жақ шекара аудандарындағы тұрғындары сиреп қалған жерлерге қытай дихандары «уақытша» орын теуіп, астық өндірісімен шұғылданатын болады. Бір елде екінші елдің азаматтарының «уақытша» ұзақ мерзім отбасмен тұрақтап тұрып жұмыс істеуі, қашанда әлеуметтік мәселелерді келтіріп шығармай қоймаған. Ондай тарихи мысалдар өте көп. Сондықтан ондай оқиғаларды болдырмаудың шараларын алдын-ала қарастырған, екі ел арасында қалыптасқан тату көршілік қатынастарды сақтауға пайдалы деп ойлаймын.

Қортып айтқанда, ҝстегі жылдан бастап Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары бұрынғыдан жоғары деңгейде дами тҝседі. Дегенмен даму барысындағы бҝркемеленіп жатқан жағымсыз факторлардың екі ел қатынастарына болашақта кері әсер етуінен осы бастан сақтанған жөн. «Сақтықта қорлық жоқ» демей ме халқымыз.

 

1. Егемен Қазақстан. Ас., 19 ақпан, 2005.
2. Зың Фейюань. Го жа ши бу кай фа бау гау – Мемлекеттік Батыс бөлікті игеру жөніндегі есеп-материалдары. Пекин, 2003 ж. 555 б.
3. Бұл да сонда. 556 б.
4. Бұл да сонда. 4 б.
5. Шынжаң нянь жиян – Шынжаңның жылдық мәліметтер жинағы. Ҝрімжі, 2001 ж., 30 б.
6. Шынжаң нянь жиян. 30 б.
7. Го жа ши бу кай фа бау гау – Мемлекеттік Батыс бөлікті игеру жөніндегі есеп-материалдары. 416 б.
8. Бұл да сонда. 418 б.
9. Асар Қазақстан. А., 24 мамыр 2004 ж.
10. Егемен Қазақстан. А., 21 мамыр 2004 ж.
11. Шынжаң нянь жиян. 41 б.
12. Егемен қазақстан. 21 мамыр 2004 ж

12
скачать работу

Қытайдың батыс бөлікті игеру стратегиясы және оның Қазақстан-Қытай қатынасына әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ