Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қызметке қабылдау туралы бұйрық (өкім)



 Другие рефераты
Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ Еңбек шарты Қымыздың емдік қасиеті Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері

Қызметкерді жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын бұйрықпен (өкіммен) ресімделеді. Жұмыс беруші бұйрығының (өкімінің) мазмұны жасалған еңбек шартының мазмұнымен сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы (өкімі) еңбек шартына қол қойылған күннен бастап үш күн ішінде қызметкердің қолын қойдыра отырып, таныстырылады. Қызметкердің талабы бойынша жұмыс беруші оған бұйрықтың (өкімнің) расталған көшірмесін беруге міндетті.

Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібімен, қызметкердің атқаратын міндеттеріне қатысты ішкі нормативтік құжаттармен және ұжымдық шартпен таныстыруы керек.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар басқару құжаты ғана емес, сонымен бірге бастапқы есептік құжат та болып саналады. Өйткені ол азаматты жұмысқа қабылдау, ауыстыру немесе босату фактісін белгілейді және оған еңбекақы есептеуге негіз болып табылады.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық ұйымға қызметке алынған әрбір адамға шығарылады. Жұмысқа бірнеше қызметкерді бір мезгілде алған кезде, әсіресе уақытша және маусымдық жұмыстарға қабылдағанда, барлығына арнап бір бұйрық шығаруға да болады.

Бұйрықты ресімдеу кезінде ұйымның құрылымдық бөлімшесі, мамандық немесе лауазым атауы, егер қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде тексеруден өткізу белгіленсе, сынақ мерзімі, сондай-ақ жұмысқа қабылдау шарты мен алдағы жұмыстың сипаты (екі қызметті қоса атқару, басқа ұйымнан ауысу тәртібі, уақытша болмаған қызметкердің орнына алу, белгілі бір жұмысты орындау және т.б.) көрсетіледі. Бұл деректер еңбек шартынан алынады. Бұйрықта міндетті түрде қызметкердің жұмысқа кіріскен күні көрсетілуі тиіс.

басшысы және қызметкер қабылданып жатқан құрылымдық бөлімшенің басшысы бұрыштама қояды. Материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымға еңбек шартын жасаған кезде, оған міндетті түрде бухгалтер, сондай-ақ заң бөлімінің бастығы бұрыштама қояды.

Басшы қол қойған бұйрық тіркеліп, үш күннің ішінде қызметкерге таныстырылады.

Әдетте бұйрық бір данада дайындалып, кадр қызметінде сақталады. Егер ұйымның бухгалтериясы бұйрықтың түпнұсқасын есепке алатын болып белгіленсе, онда жеке құрам бойынша бұйрықтар екі дайындалып, қол қойылады. Басқа бөлімшелер үшін көшірмелері дайындалады.

Бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырылады. Бухгалтерияда қызметкердің жеке шоты ашылады және еңбек кітапшасына жазба жасалады.

скачать работу


 Другие рефераты
Рене Декарт и его Рассуждение о методе
Влияние предметной деятельности на развитие детей
Просвещенный абсолютизм Екатерины II
Русский музей- культурный центр XIX века


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ