Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу

ек алақанның қырымен ұрып орындалады. Бұл әдіс те бұлшық еттің қалың жерінде қолданылады. Келесі әдіс — теріні саусақтың ұшымен шымшып тарту арқылы орындалады. Бұл әдіс ағзаға өте пайдалы. Терінің созылғыштың қасиетін жетілдіреді. Ең соңында массаждың барлық әдісі қолданылып болғаннан кейін шапалақтау әдісі орындалады. Әдіс ағзаның функциялық қызметін қалпына келтіру мақсатында орындалады.

Сылау

Массаждың сипау әдісінен кейін орындалатын әдіс. Сипалау әдісімен салыстырғанда бұл әдістің өзіндік ерекшелігі сол, күш қолданылып орындалады.

Сылау әдісінің түрлері — алақанның қырымен үйкелеу арқылы орындалады, алақанның қырымен алма-кезек ұру арқылы орындалады (бұл әдіс, сипау кезіндегі орындаумен салыстырғанда қаттырақ күш түсірумен орындалады). Екі қолмен айналдыра (спираль түрінде) орындау.

Сылау әдісінің міндеті — бұлшық еттің созылғыштық қасиетін жетілдіру болып табылады. Уақытында жетілмеген бұлшық ет талшықтарын жетілдіру, бұлшық ет сарысуындағы жиналған керексіз қоспаларды ыдырату арқылы адам денесінен шығару. Бұлшық еттің қан айналымын жақсарту. Әсіресе, адамның буындарында жиналып қалатын тұз құрамын ыдырату арқылы жұмыс функциясын жақсарту.

Сылауды қолдану адам ағзасы үшін ең пайдалы тәсіл. Сондай-ақ, сүйектің сынған жеріне сылауды қолдану да өте маңызды. Бұл буын тарамыстары мен сынған жердегі сүйектің қосылған жеріндегі қозғалмай қалған бұлшық еттерін жетілдіреді.

Сылау әдісін орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Сылау әдісін орындау кезінде ағзаны міндетті түрде босаңсытып ұстау керек. Қалың бұлшық етке сылау әдісін қолдану кезінде массаж жасаушы адамның біраз күш-қуатын жұмсауға тура келеді. Бұл сылау әдісінің ағзаға тигізетін пайдасы осында.

Мүмкіндік болғанша, сылау кезінде май крем, сылауды жеңілдететін заттарды қолданбаған жөн болады. Себебі, сылаудың әсерін төмендетеді және массаж жасаушының көп күш-қуаты кетеді. Сылауды ұзақ уақыт бір жерде қолдануға болмайды. Сылау әдісін ағзаның барлық бағытында орындауға болады.

Сылау әдісінің орындалуы

Сылау екі қолдың қарымымен кезек-кезек орындалады. Екі қолдың кезегімен сылау арқаға, іш-құрылысына, жамбасқа және қол-аяққа жасалады. Бетке, мойынға, қолға бас бармақтың, немесе ортаңғы саусақтың қарымымен жасалады. Екі алақанның қарымымен егеу арқылы сылау өте тиімді болады. Екі қолмен айналдыра сылау буынға, аяққа, қолға жасалады. Саусақтың ұшымен айналдыра сылау арқа, бел омыртқа қабырғаға жасалады. Айналдыра сылауды орындау күшті талап етеді.

Қыздыру

Массаждың сипау, сылау әдісінен кейін қыздыру орындалады. Бұл әдістің сипау, сылаумен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Адамның мүшелерін керіп, созып, бүгіп, жазып, айналдыра, бұрау, айқастыру. Қыздыру массажы негізгі екі бағытта орындалады. Біріншіден — адамның мүшелерінің қозғалысы тура өн бойынан орындалса, екіншісі — мүшелерді айқастыру және айналдыра бұрау.

Қыздыру әдісінің міндеті, бұлшық еттің созылғыштық қасиетін жетілдірумен қоса, буындардың қозғалмалы қабілеттілігін жетілдіру. Мысалы, көптеген адамдардың тізелері толық өз деңгейіне дейін бүгілмейді, болмаса малдас құрып отыра алмайды. Бұл деген буын жүйесінің толық қанды жұмыс істемегендігінен болады.

Массаждың қыздыру әдісі, әрине, білетің адам жасаса 20-30 минут жалпы дамыту жаттығуымен шұғылданғандағы жүктеменің көлеміндей әсер етеді.

Массаждың қыздыру әдісі емделу үшін ғана емес, бұл спорттық массаждың да негізін қалайды. Себебі, қыздыру әдісін жасағанда ағзаның барлық мүшесі қозғалады, созылады, бүгіледі, айналдыра бұрылады.

Қыздыру әдісін жасаған кезде, ең әуелі ауырған жерінен бастаған жөн болады. Себебі дененің қай мүшесі болса да, созып, бүгіп, мүшелерді айқастыра созу, т.б. әдістерін қолданған кезде бірінші салмақ сол ауырған жерге түседі. Содан кейін сау мүшелеріне өз кезегімен массаж жасай беруге болады.

Қыздыру әдісі массаждың басқа әдістеріне қарағанда өте күрделі болғандықтан, әсіресе, айналдыра бұрау, айқастыра созу кезінде бір жерді ауыртып алмас үшін науқастың жағдайын біліп отыру керек. Сондықтан, қыздыру әдісін орындағанда адам мүшелерін бірден қозғап қалмай, жаймен бүгіп созуға болады. Сонда ғана пайдалы іс болады. Қыздыру әдісін орындағанда крем, т.б. заттарды қолдануға болмайды.

Қыздыру әдісінің орындалуы

Қыздыру әдісін орындау үшін, әсіресе, буындарында, ең әуелі шымшылап, теріні созып-жіберіп, бірнеше рет қайталап алып, содан кейін ғана сол буынды бүгіп-жазуға болады. Шымшылау әдісі, яғни, теріні созып-жіберу саусақтың қарымымен ғана, екі қолмен кезек-кезек орындалады. Қалың бұлшық еттерге бір қолмен жасалады.

Сілкілеу

Сілкілеу әдісі — массаж жасаудың соңғы түрі. Бүл әдісті қолданудың мақсаты, алдыңғы жолғы қыздыру әдісіндегі жүктемені тарқату, яғни, бүгіп-жазғандағы, бұрап-созғандағы бұлшық еттердің жұмысын реттеу болып табылады.

Әрбір мүшені созып тұрып сілкілеген кезде барлық бұлшық еттер дірілдейді. Осы кезде ағзаның қан айналысы күшейіп, жүйке жүйесінің тамырлары қозғалып, адамның жалпы бойы сергіп қалады.

Сілкілеу әдісінің негізгі үш түрі болады — негізгі сілкілеу, созғылау және итеру. Сілкілеу әдісі негізінен аяқ пен қолға қолданылады. Итеру әдісі де аяқ пен қолға пайдаланылады. Созғылау барлық дерлік мүшеге қолданылады. Мысалы, белгілі бір деңгейде басты да иектің астынан ұстап созуға болады. Сондай-ақ иықты, қол мен аяқты айқастыра созуға болады.

Сілкілеу әдісін орындағанда, айталық созғылап, арасында үзіліс жасап, үзіліс кезінде, осы созылған мүшеге шапалақтау, екі алақанның қырымен ұру, төрт саусақтың ұшымен тарау, т.б. әдістерді жасап, сілкілеуді қайта бастайды. Осылайша, бірнеше рет сілкілеу әдісі қайталанады.

Сілкілеу әдісі тек массаж жасап тұрған жерге ғана әсер етпейді. Сілкілеудің арасындағы үзіліс кезінде массаждың барлық дерлік түрі қолданылады. Сондықтан сілкілеу массажын бір мүшеге жасаған кездің өзінде ол барлық денеге әсерін тигізеді.

Сілкілеу массажының ең негізгі рөлі, яғни, ағзаға тигізетін пайдасы адамның бойындағы уақыты келгендегі сөніп бара жатқан рефлекстерді қалпына келтіреді. Мүшені сілкілеген кезде ағзаның қай жерінде болса да, ауырып тұрған белгісі білінбей кетеді. Себебі, сілкілеген мүшенің амплитуда көлеміне байланысты қан тамырлары тарылып және кеңіп тұрады.

Сондай-ақ, асқазан-ішек құрылысының жұмыс істеу функциясы жүйеге келеді. Ішкі бездерінің жұмыс істеу жүйесі реттеледі. Бүкіл ағзада зат алмасу жүйесі қалпына келеді.

Сілкілеу әдісінің орындалуы

Сілкілеу әдісі көпшілік жағдайда бір қолмен орындалады. Аса керек болған жағдайда, күштеп созу үшін екі қолмен орындалады. Массаж жасайтын мүшені қалай ұстауға болатындығы массаж жасаушының жағдайына байланысты болады. Әсіресе, қалың етті бір қолмен сілкілеп жасаған кезде қолды үзіп істеуге болмайды. Айталық, бел омыртқа, болмаса жіліншіктің қалың етіне жасаған кезде қолды босатып немесе тоқтап қалуға болмайды. Басталған қозғалыс аяғына жеткенше орындалады.

Сілкілеудің бұл қалың етке жасайтын әдісі негізінен төрт саусақтың ұшымен, керекті жерде үлкен саусақтың үшін пайдалану арқылы орындалады. Осылайша, төрт саусақпен массаж жасаған кезде басқалардан ерекшелігі сол, массаж жасаушы адам қолын дірілдетіп отырады.

Бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғамда әрбіріміз өз денсаулығымызға өзіміз жауапты екенімізді білуіміз керек.

Сондықтан да, тіпті ауырмаған адам әр кезде ағзаға толық (барлық денеге) массаж жасатып отырса, бұл денсаулығының пайдасына шешіледі.

Классикалық массажды қаншалықты емделу мақсатында қолдануға болатындығын түсіндіруге тырысайық.

Массаж жасауға арналған әр түрлі құралдар бар. Арнайы орындарда да жасауға болады. Мысалы, бұл құралдардың барлығы арнайы массаж жасайтын орындарда болады. Электромассаж, сондай-ақ, домалақ ағаш, арнайы таяқтар, резеңке таяқтар құралдары бар. Біздер бұл жөнінде хабардар етпей отырған себебіміз, оқулықтың мақсаты — өмірдің қандай да болсын тіршілік жағдайында арнайы жабдықталған орында емес, емделу массажын қарапайым күнделікті тіршілік орындарында қолдана білу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.

Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.

Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.

Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.

Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.

Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.

Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.  ,

Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000

Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.

Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.

12
скачать работу

Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ