Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Клетканың химиялық құрамы

луын, қарапайымдылардың талшықтары мен кірпікшелерінің қозғалуын, клетканың бөлінуі кезінде хромосомалардың жылжуын, өсімдіктердің қимылдарын қамтамасыз етеді.

Қорғаныш қызметі. Көптеген ақуыздар ағзаны зиянды әсер етулерден қорғайтын бүркеніш ролін атқарады. Мысалы, мүйізді құрылымдар – түк, тырнақ, тұяқ, мүйіз механикалық қорғаныш түрлеріне жатады. Ағзаға бөтен ақуыздар – антигендерді енгізген жағдайда қан клеткаларында ақуызды зат – антидене бөлінеді де, антигенді қауіпсіздендіріп, ағзада иммунологиялық қорғаныш қызметін атқарады.

Энергетикалық қызметі. Ақуыздар энергия көзі бола алады. Ақуыз көміртегінің диоксиді, су және азотты заттарға дейін ыдырау кезінде клетканың көптеген тіршілік үрдістеріне қажетті энергия бөліп шығарады.

Көмірсулар – клетканың қажетті компоненттерінің бірі, жануарлар жасушаларына қарағанда олардың мөлшері өсімдік клеткаларында көп болады. Көмірсулардың құрамына көміртегі, сутегі және оттегі кіреді.

Көмірсулар моносахаридтер және полисахаридтер деп екіге бөлінеді. Қарапайым көмірсулар – моносахаридтерге қарапайым қанттар жатады. Олардың құрамына бес (пентоза) немесе алты (гексоза) атом көміртегі және сонша молекулалы су кіреді. Көптеген өсімдіктердің жемістерінде болатын глюкоза мен фруктоза моносахаридтердің мысалы бола алады. Глюкоза қанның да құрамында кездеседі.

Күрделі көмірсулар – полисахаридтер, қарапайым көмірсулардың (моносахаридтердің) бірнеше молекуласынан түзіледі. Азықтық қант сахароза,  глюкоза мен фруктоза молекулаларынан тұрады. Крахмал, гликоген, клетчатка (целлюлоза) сияқты күрделі көмірсулардың құрамдарына қарапайым көмірсулардың неғұрлым көп молекуларлары кіреді. Мысалы, клетчатка молекуласына глюкозаның 300-ден 3000-ға дейін молекуласы кіреді.

Моносахаридтер суда жақсы ериді, ал полисахаридтер нашар ериді. Жануарлар клеткасында кездесетін полисахарид – гликоген, ал өсімдік клеткасында – ерігіш крахмал, ерімейтін целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин және т.б. полисахаридтер кездеседі.

Көмірсулар қызметтері:

-            энергетикалық қызметі. Көмірсулар – тірі клеткалар үшін энергия көзі. Олардың тотығулары кезінде клетканың тіршілігіне аса қажетті химиялық энергия бөліп шығарады;

-            құрылыс қызметі. Көмірсулар өсімдік клеткаларының қабырғаларын түзіп, құрылысшы қызметін атқарады. Күрделі көмірсулар ақуыздар (гликопротеиндер) және майлармен (гликолипидтер) қосылып және клетка қабықшасының құрамына кіреді;

-            қор жинау қызметі. Қордағы қоректік заттар, мысалы, гликоген мен крахмал – көмірсулар.

Липидтер – май және май тәрізді заттар, міндетті компонент болғандықтан, барлық клеткаларда болады. Майлар молекуласы глицерин мен май қышқылдарынан түзіледі. Май тәрізді заттар – липоидтер – май қышқылдарының эфирлері мен спирттерден түзіледі де оларға холестерин, кейбір гормондар, лецитин жатады. Май қышқылдары – липидтерге олардың маңызды биологиялық суда ерігіш қасиетін береді де, липидтер клеткалардың биологиялық мембраналарында маңызды роль атқарады. Мембраналардың ортаңғы липидті қабаты клеткадан клеткаға судың бос өтуіне кедергі жасайды. Майлар – энергия көздері. Тері астындағы май маңызды жылу изоляциялық роль атқарады.

Нуклеин қышқылдарын ең алғаш рет 1869 ж. Фридрих Мишер клеткалардың ядросынан ашты. Нуклеин қышқылдары дегеніміз –                   мономер-нуклеотидтерден түзілген полимерлі молекулалар. Әрбір нуклеотид пурин және пиримидин негіздерінен, пентозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Барлық клеткаларда нуклеин қышқылдарының екі типі кездеседі: дезоксирибонуклеин (ДНҚ) және рибонуклеин (РНҚ) қыщқылдары. ДНҚ клетканың ядросында пайда болып, сонда қызмет етеді, ал РНҚ ядрода пайда болып, цитоплазма мен ядрода қызмет етеді.

ДНҚ молекуласы – спираль түрінде иілген, қос полинуклеид тізбегінен тұрады (1,2-сурет). Әрбір дара тізбек – өзара байланысқан мономер-нуклеотидтерден түзілген полимер. Әрбір нуклеотидтің құрамына екі тұрақты компонент (фосфор қышқылы және дезоксирибоза көмірсуы) және бір тұрақсыз компонент кіреді. Тұрақсыз компонент төрт азотты негіздердің: аденин, гуанин, тимин немесе цитозиннің бірі болып келеді. Сондықтан ДНҚ молекуласында барлығы төрт түрлі нуклеотид болады. Дегенмен, ДНҚ молекулалары олардың тізбегіндегі нуклеотидтердің әр түрде кезектесіп орналасуына байланысты әр алуан болып келеді. ДНҚ-ның екі тізбек азотты негіздердің бір молекуласына бірігеді. Бұл жағдайда аденин тиминмен, гуанин цитозинмен бірігеді. Сол себепті, бір тізбектегі нуклеотидтер кезегі, екінші тізбектегі кезекті тура анықтайды. ДНҚ молекуласының қос тізбегіндегі нуклеотидтердің бір-біріне сәйкес келу құбылысы комплементарлық деп аталады (2-сурет).

ДНҚ-ның басты қызметі – тұқым қуалаушылық ақпаратты сақтап, өндіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

РНҚ-ның молекулалық құрылымы ДНҚ-на ұқсас болғанымен, біршама өзгешеліктері де бар. РНҚ-ның молекуласы нуклеотидтерден түзілген дара тізбек. Оның құрамына да төрт түрлі нуклеотид енеді, бірақ ДНҚ-ындағы тиминнің орнында РНҚ-ында урацил болады. Сонымен қатар, РНҚ-ның молекуласының барлық нуклеотидтерінде дезоксирибоза емес, рибоза болады.

Клеткада РНҚ-ның үш түрі бар. Олардың атаулары атқаратын қызметтеріне сәйкес келеді:

-            тасымалдаушы РНҚ (тРНҚ) көлеміне қарай ең ұсақ, ақуыз синтезі жүретін орынға аминқышқылдарын тасымалдайды;

-            информациялы (ақпаратты) немесе матрицалы РНҚ (мРНҚ) тРНҚ-ға қарағанда неғұрлым ірі. Олар ақуыздың құрылымы туралы ақпаратты ДНҚ-нан ақуыз синтезі жүретін орынға жеткізеді;

-            рибосомалық РНҚ (рРНҚ) рибосомалардың құрамына кіреді. РНҚ-ның барлық түрлері клетканың ядросында комплементарлық принципімен ДНҚ-ның тізбектерінің бірінде синтезделеді. РНҚ-ы клеткада арнайы ақуыздарды синтездеуге қатысады.

Аденозинтрифосфат (АТФ). Барлық клеткалардың құрамына кіріп, энергия қорын жинаушы қызметін атқарады. АТФ молекуласы азотты негіз – адениннен, көмірсу-рибозадан және фосфор қышқылының үш молекуласынан (қалдығынан) түзіледі. АТФ-тағы фосфор қышқылының молекулалары тұрақсыз химиялық байланыспен байланысқан. Тұрақсыз макроэргиялық байланыс энергияға өте бай. Осы байланыстар үзілген кезде энергия бөлініп шығып, клетканың тіршілік етуіне және органикалық заттар синтезіне жұмсалады. Негізгі синтез митохондрияда жүреді, бұл реакция қайтымды:

АТФ + Н 2О    =   АДФ +Н3 РО4 + Q                                           (1)

АДФ + Н 2О     =  АМФ +Н3 РО4 + Q                                          (2)

Энергиямен қамтамасыз ететін болғандықтан клеткадағы АТФ-тың мәні зор. Оның молекулалары биосинтез, механикалық жұмыстар, белсенді тасымалдау, температураны қалыпты ұстау сияқты клетканың үрдістерін энергиямен қамтамасыз етеді.

12
скачать работу

Клетканың химиялық құрамы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ