Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қобыланды батыр жыры

суреттелетін тараулар – қазақтын халық поэзиясының ен үздік үлгісі.
Дастанда әр алуан характері, әр алуан образ көп. Сараң да күншіл, болымсыз Қараман бейнесі – Қобланды образына кереғар. Қобланды мен құрдас бола тұра, Қараман сол атқа лайық емес, Қобландының Қазан, Алшағыр, Көбікті сияқты дұшпандары да - бір-бірінен өзгеше, дербес образдар. Басқа көптеген халықтардын батырлық эпосындай емес, қазақтын батырлық жырында талай-талай небір тамаша әйел образдары бар. Ол батырлардың өздеріне пара-пар болып келеді. Қобыландының қарындасы Қарлыға мен шешесі Аналықтын, Алшағыр ханнын анасының тамаша тұлғаларына қоса дастанда батырды қатты сүйген екі әйелді психологиялық жағынан шыншыл да әсерлі, асқан көркем образдар жасалған. Егер Қобыландының жұбайы Құртқа – күйеуінің қамын жеп, қиялдағыны болжап, қарсы әрекет ететін шын достың терең дана махаббатының бейнесі болса, ал Қарлыға – нағыз құштар да іңкәр, буырқанған махаббаттың бейнесі. Сүйгеніне бола ештеңеден тайсалмайды, туысқандық және рулық шырғыны бұзып, туған әкесі мен ағасын, елі-жұртын құрбан етіп кетеді.

12
скачать работу

Қобыланды батыр жыры

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ