Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қоғамды жүйе ретінде әлеуметтік талдау

зімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді.

Қоғамның ақпараттануына байланысты қазіргі технологиялық төңкерістің ерекшелігі – ол адамдар қарым-қатынасын әмбебаптандыру мен жаһандандыруға түбегейлі жаңа алғышарттар жасайды. Микроэлектрониканың, компьютерленудің кең таралуы, коммуникация құралдарының және ақпарат құралдарының дамуы, еңбек пен мамандандыралудың тереңдеуінің арқасында адамзат бырынғай әлеуметтік – мәдени бүтіндіке бірігеді. Техникалық өндіріс пен бүкіл адамзат қызметінің денгейі жоғарылаған сайын, адамның өзінің даму дәрежесі, оның қоршаған ортамен қарым – қатынасының денгейі жоғарылауы тиіс.

Алайда қазіргі әлемдегі әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси процестерінің жаһандануының жағымды жағымен қоса «қазіргі заманның жаһандандық мәселері» аталатын бірқатар күрделі мәселер туғызып отыр: экологиялық, демографиялық, саяси, т.б. Бұл мәселелердің жиынтығы адамның алдына жаһандық «тіршілік үшін күрес» мәселесін қойды. А.Печчен адамазаттың қазіргі ғаламдық мәселелер арасындағы болашағын зерттейтін «Рим клубы» атты орталығын ашты.

Оның ұсынысымен және «Рим клубының» тапсырысымен кең ауқымды зерттеулер жасалып, қоғам мен оның тіршілік ету ортасы арасындағы өзара әрекеттің дағдарыстық тенденциясының дамуының ғаламдық моделі құрылды. («Әлем – 2” Д. Форрестер (1971), «Әлем – 3” Д. Медоуз (1978) т.б.).

Жаһандану модельдерінде «әлем бүтіндей” алынады. Жүйелік динамика көмегімен бүкіл әлемге жалпы есептеу жүргізе отырып, Форрестер мен Медоуз жер ресурстарының шектеулілігі, әсіресе, ауыл шаруашылығына жарамды аудандардың шектеулілігі мен күрт өсіп отырған халықтың тұтынуының жоғарылауы арасындағы қарама-қайшылық бүкіл әлемді ХХІ ғасырдың ортасында ғаламдық апатқа әкелуі мүмкін деп болжайды: қоршаған ортаның апаттық ластануы, өлімнің күрт өсуі, пайдалы қазбалардың азаюы және өндірістің құлдырауы, т.б.

Форрестер мен Медоуз жасаған модель бүкіл адамзатты өзінің дамуының жолдарын ойлауға мәжбүр етті. Алайда осы модельдердегі кейбір методологиялық көрсеткіштердің кемшіліктері ондағы тұжырымдардың дұрыстығына күмәндануға алып келді. Атап айтқанда, модельді құрастырған кезде параметрлерді іріктеу математикалық өңдеуді мүмкін ететін таза нақты-ғылыми және қолданбалы критерийлер бойынша жүзеге асты, өндіру мен тұтыну орташа шамалары, қызметтер мен тамақтану халықтың 1адамға шаққандағы мөлшерімен есептелді делінеді. Бұл параметрлердің барлығы «өздерінің нақты әлеуметтік мазмұнынан арылды».

Месарович — Пестель моделі осы сынды белгілі бір дәрежеде есепке алуға тырысты. Алдындағы зерттеуден айырмашылығы олар өздерінің «Әлем-3» зерттеуінде дағдарыстардың дамуын шектей алатын, оларды жою мүмкіндігін зерттей алатын, олардың алдын алу мүмкіндіктерін іздеуге қабілетті факторлар санына талдау жасауға ұмтылды. Месарович — Пестель моделі әлемді тек біртекті бүтіндік ретінде емес, ал бір-бірі арасындағы байланыс халықтың экспорты мен импорты және миграциясы арқылы жүзеге асырылатын өзара байланысты 10 аймақтар жүйесі ретінде қарастырды. Аймақ — бұл әлеуметтік-мәдени параметр, ғаламдық қоғамдық жүйедегі шағын жүйе.

123
скачать работу

Қоғамды жүйе ретінде әлеуметтік талдау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ