Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)

жылы Омбы қаласына, 1923 жылы Мәскеуге барып емделіп қайтады. Ленинградта болады.Алайда К.Жанатайұлы меңдеп алған ауруынан оңала қоймайды. Сонда да ол ауруға мойымай, емделуді, мықты мамандарға барып қарала беруді жөн көреді. Ақырында К.Жанатайұлы ел-жұртымен қоштасып, бақұлдасып, 1925 жылдың қазан айының басында Мәскеуге бармақ болып жолға шығады. Бірақ бұл ақынның соңғы сапары болды. 1925 жылы Күшікбай кезеңінде ақын дүниеден қайтады.

 

х х х

 

Көкбай-Абай мектебінің адал ұлы. Өйткені ол-Абайдың ұлағатты принципін мықты ұстанған ақиқатшыл, шыншыл тұлға. Ол құдай берген табиғи дарынының, жаратылыс болмыс бітімінің арқасында Абай салған даңғыл жолдан таймаған ақын. К.Жанатайұлының ақындық талантының ұшталуына, дүниетанымдық көзқарасының кеңеюіне Абайдың, Абай мектебінің зор ықпалы болғаны белгілі. М.Әуезовтің өзі Көкбайдың ақындығы туралы сөз қозғағанда: «Ол кезде Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма, импровизацияға ең жүйрік ақын Көкбай болғаны даусыз. Сол талантын бағалап, Абай бұны өзі жазып жүрген алғашқы өлеңдеріне ие ғып шығарады», — деп, Көкбайдың жай ақындардың бірі емес, талантты ақын екендігіне назар аудартады.

Көкбай, біріншіден, импровизатор ақын. Ақынның «Оспанға» , «Мұсажанға», «Молдабайға», «Төребайға», «Сараңбайға», «Зағипаға» сияқты өлеңдерінің көпшілігі табан астында дүниеге келген. Ал, олардың көпшілігі бірқақпайлар болып келеді. Олар табан астында шығарылған бір, не болмаса екі шумақ көлеміндегі өлеңдер тобы. Бірқақпайлар көбінесе адам мінез-құлқындағы, не кереғар ісіндегі кемшіліктерді әжуалауға, яки болмаса әзіл-оспақпен келемеждеуге арналған. Көкбай өзі ұнатқан адамы болса пір тұтып, асқақтата, мақтауын асыра жырлаған.

Абайдың өз тәрбиесінде болған және оның ақылы мен сыны бойынша тақырыптар таңдап, көлемді шығармалар жазған «анық шәкірт ақындар» ішінде ұлы ұстазының өлеңдеріне аты кірген де жалғыз ақын Көкбай болатын. «Ал, кейін Көкбай шығарған өлеңдерді алсақ, бұл жағынан да Абайды үнемі өзіне ұстаз, аға тұтқан Көкбай барын айқын танып отырамыз» ,- деп М.Әуезов айтқандай, Көкбай өлеңдерінен Абай бейнесін үнемі кездестіріп отырамыз. «Семейге Абай келсе, бізге думан», «Абайдан сабақ алдым бала жастан» деп басталатын өлеңдерімен қатар, көптеген шығармаларында Абай ұлылығын жыр етуден таймаған.

 

Абайдан сабақ алдым бала жастан,

Тең бар ма ойға терең онан асқан.

Алды бейіш, артына ырыс болсын,

Мен оның шәкірті едім ізін басқан,

 

-деп, Абайдың ақыл-ой тұңғиығына ешкімнің тең келе алмайтын ұлылық тұлғасын тереңдік, шексіздік ұғымдары арқылы түсіндіріп, өзінің Абайдан сабақ алған шәкірті екендігін мақтанышпен жырласа, енді бір өлеңінде Абаймен бірге жүріп, ақыл — кеңесіне, өсиетіне ләззаттанып, сол арқылы білім жолына түскендігін айтады:

 

Абаймен бірнеше жыл араластым,

Шешімін әр жұмбақтың ақылдастым.

Мұра етіп өсиетін, ләззаттанып

Жолына білім,өнер қалыптастым,- дейді.

 

Қаншама жыл Абай қасында болып, ұстазының ақылын бойына дарытқанымен Көкбай өзінің Абайдан алған тәлім-тәрбиесін, дүниетанымдық көзқарасын өзіне аз санайды. Абайдай ғұламаның айтқан ақыл-кеңесін, ой-танымдық өрісін аз ұғып, көп меңгермедім, бардың қадірін білмедім деп өкініш тұтады. Ұстазының дүниеден өткенін естіген талантты шәкірті:

 

Жаннатта жаның болғыр Абай құтып,

Жаныңда бос жүріппін шатып-бұтып.

Осындай ен дарияны жайлағанда,

Тым болмаса қалмаппын қана жұтып,-деп өлең шығарады.

 

Көкбай өлеңдерінің негізгі кейіпкерлері — замандастары, туыс-жақындары мен ауылдастары, бір сөзбен айтсақ өз ортасы. Олардың дені арнаулар. Көкбай арнаулары мазмұн жағынан алғанда мақтау және сынау түрінде туған. Мақтап шығарған өлеңдеріне жоғарыда келтірген Абайға, Оспан мен Молдабайға, Базаралыға, Ә.Бөкейханұлына, Ленинге арналған арнауларын жатқызуға болады.

Ал, көптеген өлеңдерінде елге зияны тимейтін, әркімнің өз мінезінің ерекшелігі болып көрінетін одағайлықты жеңілдеу әзіл-қалжыңмен мысқылдап мысал етеді. Көкбай шығармаларына зер салсақ, түрлі адамдар мінезін-құлқын көрсетуге өте шебер екенін, ойын шындыққа, парасатқа сүйеніп айтқандығын байқаймыз. Ақын өз заманындағы әділетсіздіктерді,өсімқор, мейірімсіз байларды ащы сынға алады. Бірде ол елге сараңдығымен әйгілі болған Алдырахметті («Сараң байға»), билік үшін ырылдасқан шен құмарлықты («Күлембай мен Дүтбайға» ), үй ішіне қарамай таң атқаннан ел кезіп жүретін қыдырымпаздықты, еңбексіз ат мініп, ас ішкіш, пәлеқұмар, ашқарақ, қомағай, мешкейлікті («Тоғыз көк»), сауда үшін ар-иманын сатып күн көретін алыпсатарлықты («Ұсақ байларға» ) сынаса, енді бірде өсек десе ішкен асын жерге қоятын, кесел іздеп жүретін ұрыншақтықты («Мұсажанға»), оқу мен өнер-білімде жұмысы жоқ, сергелдең серілікті («Салдарға») тілге тиек етеді. Осы өлеңдердің барлығында да Көкбай аузынан шыққан сөздің қай-қайсысы да нысанаға дәл тиетін шындығымен, тиген жерін осып түсетін өткірлігімен әсерлі естіледі. Көкбай өзінің маңайында, қасында жүрген ауылдастарының бойындағы өзге адамдар байқай бермейтін, суреткер көзімен өзі ғана көре алған оқшау мінез ұшқындарынан жанды бейнелер жасайды. Көкбай өлеңдерін оқи отырып оның ру басы жуандарды, ел ұйтқысын бұзар кейбір болыс-билерді, тілі мен жағына сүйенген теріс пиғылды арамзаларды дәл ұстазынша өткір тілмен әйгілеп, әшкерелеп қайыра өлеңге қосқандығын байқаймыз. «Мұсажанға», «Дүтбайға», «Ағыбайға» сияқты өлеңдерінен Абайдан көп мазмұн, идеялық үлгі алған және оларды өзіне мұрат тұтқан талантты ақын екендігі көрінеді. Көкбай ақын көтерген мәселелер сан алуан. Олар-елдің береке-бірлігі, заман, елді, жерді қорғау, халыққа қызмет ететін ерлерді дәріптеу, адам мінез-құлқындағы жарамсыз қасиет, дағдыны сынау. Сондай үлкен тақырыптың бірі-елдің өзара бірлігі. Ел арасындағы береке-бірлікті,татулықты көздеген Көкбай ақын оны ең алдымен өз туыстарынан, руластарынан, ауылдастарынан бастап жолға қоюды көздейді. Ел ішінде болатын алауыздықты, көре алмаушылық қасиетті, қызғаншақтықты жоюды көксеген ақын, ең алдымен, өз руластарын ынтымаққа шақырады: Байғұс-ау, Мұсабаймен тұрқың бірдей, Олар жұлдыз болғанда, біз үркердей. Аспанда алты жұлдыз бас қосып тұр Жүрсеңші біреуіңді бірің ілмей.

Айналасындағы толып жатқан ұрлық-қарлық, қулық-сұмдық, алаяқтық пен айуандылық ақынды толғандырмай қоймайды. Әділ, тура биліктің құны кетіп, шындық пен адалдықтың аяқ асты болуы, жуанның момынға істеген зорлығы,өктемдігі ақын өлеңдерінде кең көрініс тапқан. «Жақсылыққа», «Арбалы Сарытау», «Хафиз Қабылбековқа» деген өлеңдері осы бағытта туындаған. К.Жанатайұлының «Ұмсындыққа» деген өлеңі әйел бостандығы, қалың мал мәселесіне, «Жаз болса жалқау қазақ жатушы едің» деп басталатын өлеңі еңбек тақырыбына арналған.

Көкбай тек өз ауылдастарының, замандастарының, халқының өміріндегі кездесетін келеңсіздіктерді құр сынаушы ғана емес, оларды бұндай қасиеттерден, әдеттерден арылуға, адамгершілікке, парасаттылыққа шақырушы. Ақын адамгершілік қасиеттерді әрі уағыздаушы, әрі оны бағыт ретінде көрсете білуші. Яғни, ақынның басты мақсаты-кереғарлықты түзету, кемшілікті жою. Көкбай өлеңдерінің түп-төркінінде, негізінде осы мақсат жатыр. Бұл ақынның Абайдан үйренген ізгі қасиеті.

 

х х х

 

Көкбай қағыстары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, мазмұн, мағына жағынан көптеген айтыстардан кемшін түспейді. Көкбай сөздері айтқан жерін ойып түсер өткірлігімен, әзіл-қалжыңды орнымен келістірер тапқырлығымен ерекшеленеді. Көкбайдың ең алғашқы өлеңмен қағысуы, сөз жарыстыруы, айтысуы Семейдегі училищеде оқып жүрген кезінде болады. Ақынның Әріп, Біралы, Саржан, Жүнісхан, Кемпірбай және Міржақыппен қағыстары сақталған. Олардың көбі табан астында суырылып салып айтылған туындылар болса, кейбіреулері екі ақынның бір-бірімен хат арқылы жазысып айтысқандары.

Көкбай Жанатайұлының қағысулары дегенде ең алдымен аузымызға жастайынан Сыбанның жас перісі атанған ақын Әріп Тәңірбергенов түседі. Екі ақынның шығармашылық жолдары бір бастаудан нәр алып, қайта тоғысып кетіп отыратын арналар сияқты әрдайым байланысқа толы. Туыстық жағынан нағашылы-жиенді болып келетін екі ақын бала кездерінен бастап араласып, өнер жолына бірге қанат қағады. Ғұмыр бойы әзіл-қалжыңмен бір-бірін зілсіз сынап өткен ақындардың өмірі кейінгі буынға, ұрпаққа үлгі-өнеге. Көкбай мен Әріптің ең алғашқы айтысы жас кезінде болса, ең соңғы айтысы жиенінің қатты науқастанып, өлім аузында, ауырып жатқанда болады. Осы уақыт аралығында екі ақын бір-біріне қалжың айтудан бір танбай, тату-тәтті құрдастай әзілдесіп өткен. Әріптің жасы Көкбайдан үш-төрт жыл үлкен болғанымен, тең құрбыдай қалжыңдасып, сыйластықтарын жоғары орынға қойған.

Көкбайдың айтыс-қағыстарында ақын аузынан маржандай тізіліп шығып жатқан әрбір түйінді ой әділдігімен, қисындылығымен, көркемдігімен ерекшеленеді. Әлеуметтік тақырыпқа, яки әзіл-қалжыңға құрылған айтыстарының қайсысында да болмасын, Көкбай қашан да шындықты бетке ұстар парасатты жауаптың, әділ әзіл-қалжыңның бел ортасында. Ақын аз сөзбен алғыр ой айтуға шебер екендігін көптеген қағысуларында көрсете алған. Ақын қағысулары айтыс төрінен орын алары сөзсіз.

 

х х х

 

К.Жанатайұлы шығармашылығының көлемді бір саласы — қисса-дастандары, поэмалары. Көкбай — ұзақ оқиғалы үлкен шығармалар жазған эпик ақын. Оның эпикалық туындыларынан Абайдың ақындық дәстүрінің жалғастығы, Абай ықпалы айқын аңғарылады. Абай әңгімелі, оқиғалы жыр-даста

123
скачать работу

Көкбай Жанатайұлы (1861-1925)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ