Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі

ісі Тунг Ябгуға бағынышты болған Сир тардуштар ең мықтысы. Сир тардуштар Тунг Ябгумен келісе алмай Шығыс Көк Түріктердің жеріне көш жасап оларға бағынды. Осылайша Тәңірі тауларының солтүстік жері босады. Қарлұқтардың күшіне енуі де бәлкім осыдан болар (15).

Қарлұқтар, төлестердің тізімінде көрсетілмейді, олар Көк Түрік әулетіне жақын екендігі айтылады.

627 жылы Батыс Көк Түрік мемлекетінің билеушісі Тунг Ябгуға көтеріліс жасаған қарлұқтар, олардың күйреуіне себеп болды.

626 жылы Шығыс Көк Түрік мемлекетінің құлауы кезеңінде орын алған Тоғыз Оғыз термині, Төлес тайпаларының Тола өзені жағалауымен Керулен өзеніне қарай жалғасқан яғни Шығыс Көк Түріктердің территориясының шығыс бөлігінде мекендеген халықтың деректердегі атауы болып табылады. Жалпы оларға кіретін тайпалар мыналар: Пуку (P`u-ku), Хун (Hun), Байырку (Bayirku), Тонра (Tonra (T`ung-lo), Су-чи (Ssu-cshie (Izgil), Чи-пи (Ch`-i-pi), А-пу-се (A-pu-sse), Ку-лун-ву-ку (Ku-lun-wu-ku), Эдиз (Ediz (A-tie) (16).

679 жылы Көк Түріктер Қытай мемлекетіне бағымсыздыққа қарсы күрес барысында Тоғыз Оғыздармен де бетпе-бет қарсыласатын кездері болды. Сондықтан да Орхон жазбаларында Тоғыз Оғыздармен Көк Түріктердің соғыстары жайлы көп айтылады.

Жалпы айтқанда Көк Түріктердің билігі кезінде Төлес, Сир тардуш, Түркеш, Қарлұқ, Қырғыз, Тоғыз Оғыз, Оғыз тайпалары тарих сахнасынан көрінеді және түрік тарихында маңызды рөл ойнайды. Алайда, 603 жылдан кейін Төлес атауының қолданыстан шығуы бірнеше кіші тайпалардың ортаға шығуына алып келді. Саяси қарым-қатынастарда, әлеуметтік жағдайларда, соғыстарда мемлекеттің тікелей тірегі тайпалар екендігі көрініп отыр. Мемлекетті құру барысында Бумын, Төлес тайпаларының 50 мың отбасылық әулетін өзіне бағындырғаннан кейін, осы күшке сеніп, бағымсыздық жолында маңызды адымдарға қол жеткізді. Мемлекетте ішкі қырқыстар кезінде мемлекеттің басты тірегі болып табылатын тайпалар көтерілістер жасап осы қайшылықтардың артуына жол ашып отырған. Әсіресе таққа талас, алым-салықтардың артуы, себепсізден себепсіз жасалған соғыстар олардың көтеріліс жасауына сылтау болатын. Олардың Қытай айлаларына түсіп мемлекетте тынышсыздық шығаратын кездері де өте жиі болатыны соншалық, тіпті мемлекеттің күйреуіне дейін барды. Біз білетініміздей Көк түрік мемелекеті Ұйғыр, Басмил, Қарлұқ тайпаларының ортақ қозғалысының нәтижесінде құлады.

Төлес атауы тек ғана тайпа атауы емес еді. Бұл мәселе тарихта бірнеше рет қозғалды. Деректер бойынша барлық тайпалардың жалпы атауы болып табылады. Ал осы жалпы аты бізді одан сайын ертеректегі тарихқа апарады. Ұлы Ғұн мемлекеті заманында Тиң-лиң (Ting-ling),Ке-кун (Ke-k’un),Қырғыз (Kirgiz), Хо-чие (Ho-chie)тайпалары туралы айтылады. Осылардың ішіндегі Тиң-лиң (Ting-ling) Алтай тауларынан Орал тауларына қарай ұзайтын аймақта мекендеген тайпалардың бір тармағы болатын. Біздің заманымыздың  2 ғасырынан кейін олардың орнына Као-че (Kao-ch’e (Kanglı), яғни Қаңлылар келді.  Као-челер (мағ.: үлкен арбалылар)да Тиң-лиңлер сияқты үлкен тайпа болатын. Као-че (Kao-ch’e (Kanglı)аты жойылғаннан кейін, олардың орнын Төлестер алды. Төлестер де 603 жылға дейін осылай өмір сүрді.

Осы кезде Батыс және Шығыс Көк Түріктердің саяси-әлеуметтік күйреуі осы тайпаларға ықпалын тигізді. Енді тайпа ретінде емес тармақ – тармақ болып бөлініп шыға бастады. Олардың ең бастысы Сир Тардуштар болатын. Олар Батыс Көк Түрік жерінде, яғни Қырғызстан мен Қазақстан территорияларында 634 жылы Он Оқ құрылымы пайда болды. Бұл құрылым кейіннен Түркеш атына ие болып осыдан кейін келетін Оғыздардың негізін қалады, ал 766 жылдан бастап Батыс Оғыздары деп аталды. Селжұқ және Осман империяларын құрған Оғыз Түріктері осылар болатын. Қарлұқ, Көк Түрік, Ұйғыр мемлекеттерінің ішінде өмір сүрген олар кейін өз еріктерімен әрекет жасай бастады. Соңында Қараханидтер дәуірінде маңызды рөл ойнады. (17). Қазіргі Ферғана (Өзбекстан және Қырғызстан)жерін көбінесе солтүстік Ауғанстан қолданып келеді. Тоғыз Оғыздар шығыста отырғандықтан Ұйғыр мемлекетінің басты халқының негізін қалады. 840 жылы Ұлы Ұйғыр мемлекеті құлағаннан кейін олардың бір бөлігі Кытайға кетті. Қалған бір бөлігі де Тұрпан аймағына келіп Қараханидтерге қосылды. Ал қырғыздар бұрыннан Енисей аймағында жасаған. Бұлар 1700 жылдарға дейін осылайша жасады. Ал одан кейін ойраттардың күштеуімен Тянь-Шаньға келіп, қазіргі таңдағы күйлеріне айналды. Ұйғырлар, Төлес тайпаларының шығыс бөлігіндегі тобынан шыққан болатын. Олар Тоғыз Оғыздардан кейін өз мемлекеттерін құрды. Ал мемлекет күйрегеннен кейін бір бөлігі Қытайға, бір бөлігі Тұрпанға кетті.

12
скачать работу

Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ