Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Коммерциялық емес ұйымдар

деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:

1) толық серiктестiк;

2) сенiм серiктестiгi;

3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;

4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;

5) акционерлiк қоғам.

Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:

1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;

2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.

Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.

Пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативтерi — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиiс.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы оқулық» - Алматы, 2005 ж.

2. Толық-экономикалық орысша-қазақша сөздік – Алматы, 1999 ж.

3. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.

Пред.6
скачать работу

Коммерциялық емес ұйымдар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ