Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көне Шығыс мәдениеті

қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.

Ежелгі Үндістан– адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.

Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV–IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.

Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IVғасырда пайда болған.

Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VIғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.

Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.

Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).

Б.з. дейінгі VIғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді  көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып, онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу» деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу - өмірмен кез-келген байланысты толық үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім болса да) қабылданады. Алайда нирванаға кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің», жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист үшін мәні бар.

Буддизмнің универсальдығы мен иілімділігі оның әлемге алуан бағыттарда тарауына мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм, тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста ізбасарлары аз емес: кейде адамдар бөтен мәдениет жолдарында өзінің рухани проблемаларын жеңіл шешуге болады деген үмітте болады.

123
скачать работу

Көне Шығыс мәдениеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ