Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері

тысты айтылған ғалымдар пiкiрлерiне назар аударалық.Мәселен, Ә.Құрышжанов, М.Томанов бiрлесiп жазған «Орхон – Енисей жазуы ескерткiштерiнiң зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктерi» атты еңбекте көне түркi тiлiндегi шылауларды қазiргi түркi тiлдерiндегi шылаулармен салыстырады. Олар көне түркi тiлiнде шылаулар категориялық дәрежеде қалыптаспағандағын айта келе, көмекшi есiмдердi қосып қараған. Одан кейiн жазбалар тiлiнде бүгiнгi түркi тiлдерiндегiдей жалғаулықты шылау жүйесi жоқ, сондықтан оларды салаластырушы, құрмаластырушы деп бөлуге негiздiң жоқ екендiгiн айтады. Бiз ғалымдардың жалғаулықты шылау жүйесi жоқ дегенге келiскенмен, категориялық негiзде көрiне алмайды дегенiне қосыла алмаймыз. Әрине, қазiргi қазақ тiлiндегi жалғаулықтар тобы көне түркi тiлiмен салыстырғанда сан жағынан да мол және беретiн мағынасы да сан қырлы. Оның үстiне олардың қолданыс ыңғайы да көне тiлмен салыстыруға келе бермейдi. Сонымен қатар көне түркi тiлiндегi кейбiр шылау сөздер қазiргi қазақ тiлiнде сақталмаған және олардың орнына басқа сөздер қолданылады. Мәселен, А.Кононовтың осыған қатысты ойы мынандай: «Позднее, начиная с караханидского периода, под воздействием арабского и персидского языков и литературы на этих языках собственно тюркские союзы, модальные слова и частицы были почти полностью вытеснены арабскими и персидскими займствованиями» [26,б.200]. Бұл пiкiрге көз қарасымызды айтсақ, көне түркi тiлiндегi жалғаулық шылаулардың барлығы дерлiк қолданыстан шығып қалмаған. Ал араб – парсы сөздерi орын басқанымен шылау сөздерге зиян келген жоқ, керiсiнше кiрме сөздердiң баламасы ретiнде дамып, бүгiнгi тiлде қолданылып жүр. Ал жалғаулық шылаулар болса, көне ескерткiштер тiлiнде өте сирек.Олар бұл дәуiрде жаңа да iзiн сала бастаған. Тiл құрамы өседi, өзгередi, қайта қалыптасады, ескiредi,кемидi, ақыр соңында ұмытылады, бiрақ ол мүлде жоғалып кетпейдi., бiр күйден екiншi бiр күйге көшiп немесе бiр түрден екiншi бiр түрге ауысып, дамып қалыптасып отырады. Осыған қатысты А.Щербак өзiнiң «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» деген еңбегiнде руникалық жазба ескерткiштерiнде жалғаулық шылаулар кездеспейтiндiгi туралы түйiнi мынандай: «Некоторые экспрессивно – выделительные частицы примечательны тем, что являясь акцентирующим средством, они одновременно выполняют сочинительные и подчинительные функции. И посколько частицы, как акцентирующее средство, имеют тюркских языках длительную, а союзы появились относительно поздно, прочно укоренилось мнения о том, что многие тюркские союзы ведут свое происхождение от усилительных частиц»[37,б.104].Ғалым әрi қарай байланыстырушы элементтердiң басқа тiлдерден де қалыптасатындығын түсiндiредi. В.Насиловтың пiкiрi де осы тәрiздес жалғаулықты шылаулардың орнына демеулiктер қызмет еткендiгiн көрсетедi.: «В грамматическом строе Орхон – Енисейских памятников не являются сложившейся категорий. Синтаксический строй рассматриваемых текстов исключает как соединительно – сочинительные, так и подчинительные союзы, что неоднократно констатировалось многоими тюркологами.Единственными лексическими средствами , приблежающимисяк категории союзов, слушает частицы та – и, да, же и йеме – и, также, еще» дейдi [20,б.44]. В.Кондратьев зерттеуiнде йеме шылауының жалғаулық мағынасында қолданылатындығын айта келе, азу сөзiн жалғаулық шылау деп тұжырымдайды.[38,б.131].Ғ.Айдаров жалғаулықтар қатарына йеме,өк, та/те, да/де – лердi жатқызады [15,б.148]. Ал А.Кононов өзiнiң «Грамматика языка тюркских рунических памятников 7-9 вв.»деген еңбегiнде жалғаулықтарға азу, йеме, тақы, уду, та, артуқы сөздерiн алып, оларды iштей ыңғайластық жалғаулықтар және талғаулық жалғаулықтар деп екiге бөлiп жiктеген. Осылардың iшiндегi уду (ұдұ), та, тақы, йана сөздерiне қатысты ой – пiкiрiмiздi бiлдiре кетейiк.А.Кононовта «артуқы/артуқ» «Большой, больше» - ы афф.принадлежности «еще, кроме того»: Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс – Сорок да еще семь раз ходили они в поход – деп берiлген[20,б.200].Бiздiң ше артуқы сөзiн шылаулар қатарына қосып қарағанына келiскенмен, жалғаулықты шылау түрiне жатқызғаны дұрыс емес. Себебi түркологияда кейбiр сандардың орын алмасып келулерi сияқты немесе санаулық атауының айтылуы жөнiнде өзiндiк ерекшелiктерi мен қасиеттерi туралы айтылған мәлiметтер баршылық.Мәселен, М.Томанов: «Көне түркi тiлiнде санаудың басқа да бiр тәсiлi болған.Әуелi ондықты бiлдiретiн сөз, оған тiркесе артуқ сөзi, сонан соң қажеттi бiрлiк айтылған.Мысалы: Қырқ артуқ жетi (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бiр (31) т.б. Жүзден жиырмасы артық тәрiздi сан – мөлшерлiк сөз тiркестерi осындай қолданыстың iзi» деген болатын [39,б.205].Сол сияқты Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының «Шипагерлiк баянында» санаудың басқа түрi берiледi. Мысалы: көз мұрын (3), қос қол кем ауыз (9), қыр кем ауыз (40), қос кел есе кез құлақ (10 х 4 =40), қос қол есе көз құлақ, қоспа артқы көз мұрын (10 х 4 +3=43) т.б. болып келедi.Бұдан байқайтынымыз сандық ұғымды беру үшiн анатомиялық сөздер аралығында келiп, лексика – грамматикалық мағынасымен қоса байланыстырушылық қызметiн атқарады.
С.Маловтың еңбегiнде мұндай санаудың түрi қазiргi сары ұйғыр тiлiнен кездесетiндiгi сөз етiледi. Осындай деректерге сүйене отырып, «Қырқ артуқы йетi йолы сүлемiс» - деген сөйлемдегi артуқы сөзiн шылау сөз деймiз. Нақты айтқанда,екi сан есiм ортасында тұрған аналитикалық формант немесе күрделi сан есiм жсау жолындағы мөлшер мәнiндегi шылау сөз болады. Сонда бұл сөйлем «қырық жетi реттен артық жорыққа аттанған» - болып аударылуы керек едi. Дегенмен ғалым шылау екенiн аңғарып зерттеуiнде атап өткен. Артуқ сөзi көне жазба ескерткiштерiнiң iшiнде көбiне Бiлге қағанда кездеседi. Мысалы: Отуз артуқы үч йашыма уқ ертi – Отыздан артық үш жасымда хан болдым. Бұл сөйлемдi «отыз үш жасымда қаған болдым» деп берсе де түсiнiктi. Аталмыш тұлға бұдан басқа сөйлемде шылаулық қызметте көрiнедi. Табғач атлығ сүсi бiр түмен артуқы йетi бiң сүг iлкi күн өлүртiм – Табғаш атты әскерiн бiр түменнен артық жетi мың әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм. Осы сөйлемдi «табғаштың он жетi мыңнан артық атты әскерiн алғашқы күнде өлтiрдiм» деп берсе де, артуқ сөзi шығыс септiктi сөздермен тiркесiп келедi. Көне түркi тiлiнде артуқ сөзi сындық мағынада байқалмайды. Артуқ сөзiнiң шылау екенiне күмән келтiрмес үшiн тағы бiр мысал келтiре кетелiк. Мысалы: Йарақынта йалмасынша йүз артуғ оқун урты – Қарауына, сауытына жүзден артық оқ тидi. Жалпы артуқ (артық ) сөзi қазiргi қазақ тiлiндегiдей шығыс шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылау қызметiн атқарған. Сөйтiп көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiндегi артуқ тұлғасын жалғаулыққа емес, шығыс септiктi меңгеретiн септеулiк шылаулар қатарына қосуымыз керек.
Ал та сөзiне келетiн болсақ, көне жазба тiлiнде бұл форма тек демеулiк шылау ретiнде ғана қызмет атқарған. Мұны тiлдiң теориясына жүгiну арқылы тұжырымдадық. Қазақ тiл бiлiмiнде мынадай ереже қалыптасқан: та/да шылауы жалғаулық ретiнде қолданылуында өзара бiр-бiрiмен ыңғайласатын екi сөздiң немесе сөз тiркестерiнiң, сондай-ақ салалас я сабақтас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердiң байланысуына, жалғасуына дәнекер болып, қызмет етедi [22,б.366 ]. Осы тұрғыдан алып қарағанда та/де формалары демеулiк шылау мағынасында болады. Түркологияда та/де-лердiң алғаш жалғаулық шылау қызметiнде болмағанды сөз етiлген. Мәселен, түркi тiлдерiнiң тарихи – салыстырмалы грамматикасында «Вариант та как союз в древнетюркских памятников пока не отмечен. Указонное выше фонетические развитие союза произошло в более позднее время – после 11в. самостоятельно в каждом из тюркских языков» делiнген [29,б.512].
Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де күшейткіш демеуліктердің тек қана та/де дыбыстық варианттары қолданылғын. Олар жалғаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене бастаған. Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана ұшырасады. Олардың білдіретін грамматикалық мағыцналарын мысалдар арқылы та/де демеулігіне тоқтаған кезде бердік. Осыған қатысты көне түркі тіліндегі йеме сөзі нақты та/де демеулік шылауының қызметінде көріне алады. Мысалы: Оғузу йеме танқанч ол тіміс – Оғыздар да дағдаруда депті. Біз йеме сүледіміс – Біз де аттандық. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Ырық Бітіг жазуы мен Тонйұқық және Мойын – Чор ескерткіштерінде кездесетін ұдұ тұлғасы туралы септеулік шылауларға тоқталған кезде айттық. Әйтсе де, А.Кононовтың бұны жалғаулық шылаулар қатарына қосу себебі неде? Мысалы: Ілтеріс қаған қазғанмасар ұдұ бен өзүм қазғанамасар деген сөйлемді алған да, ұдұ сөзін также мағынасында береді. Аудармасы былай: «Если бы Эльтериш каган не приобретел (земель) и я также не приобретал бы…»[20,б.206]. Ал С.Маловтың аудармасында оның мағынасы следуя деген сөзбен беріледі.Жалпы ұдұ сөзі жалғаулықты шылау мағынасында көріне алмаған. Біздіңше, бұл сөз сөйлемдегі (контекстік) мағынасына қарай негізінен үстеу сөз табына жатады.Қазақ тіліндегі жалғаулықтарды зерттеген ғалым Р.Әміров алтай тілі грамматикасы мен М.Терентьевтің еңбегіндегі «қазақ тілінде жалғаулықтар жоқ, сөздер қатар – қатар тізіледі» және П.Мелиоранскийдің көне тілде жалғаулықтар өте аз кездеседі деген пікірлерін айта келіп, руникалық жазбаларында жалғаулықтардың барын, олардың басқа сөз табының орнына жүретіндігін және талғаулықты мағынаны білдіретін «азу» сөзінің әрі жалғаулық, әрі сұраулық демеуліктің қызметін атқаратындығын тап бассып, оның қазіргі тува тілінде кездесетіндігін де айта кеткен болатын.[40,б.70].
Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіште
1234
скачать работу

Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ