Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың қалыптасуы және оның зерттелуі

.Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін қалаған.Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды.Кейбір ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады.Ф.Буслаев, П.Давыдов, А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді.Шылауды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын [9,б.192].
Жалпы шылаулардың кеңес туркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде қаралатындығы белгілі.Қазақ тіл білімінде «шылау » атауымен сөз табы есебінде А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады.Мұнда шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаманова өз зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен [10,б.14]. Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық жоқ.
Кесте 1 Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тілі үчун тегі сайу өк/оқ кісре
кідін өтрі Та/да ба/му
Қазақ тілі үшін дейін сайын ақ кейін соң Да/де
Та/те ма/ме
па/пе
Көне т. тілі ғу/гү аша че тапа түгүл қына Бірле
қоды
Қазақ тілі ғой
қой аса шақты таман түгіл ғана
қана Бірге бойы

20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған. Мысалы: Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік жалғауының соңғы – ң фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен болып қолданылатыны белгілі.Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз құрамында бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» және «Түркістан уалаяты» газет тілдерінде менен және мен қысқа формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында кездесетіндігін айтады[11,б.75]. Қазақ тлінде тілдік нормаларда көмектес септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов бірлесіп жазған ғылыми еңбекте беріледі[12,б.69]. С.Мырзабеков варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын сингармонизммен үйлеспейтіндгін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: «Көмектес септік- терінде жазу- сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай алмай қалды» деп түйіндейді[13,б.78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та өз зерттеуінде айта кеткен[14,б.50].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер, биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған.Қазіргі қазақ тілінде бірге сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес сөздер жайлы Ғ.Айдаров «Служебные части речи в языке надписей орхонских памятников»деген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі де зерттеу қажеттігін айтқан.Осы мақаласында «Ара» сөзін септеулік шылау деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына жатқызған[15,б.148-153]. «Ара» сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы «екін» сан есімімен тіркесіп келеді.Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып, үстеу қызметінде қолданылған.
Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары негіз болған.Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған сөздер бастапқыда қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін, сипатын білдре бастаған. Бұған себеп, аталмыш тұлғаның активті түрде екі жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық, ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі. Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзінажыратып алуда да әр түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші Б.Сағындықұлы: «Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру, қалыптасузаңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан- салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды» дейді[15,б.3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй – қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Ж.Вандриес: «Ни одно слово не стоит одиноко в сознаний говоряшего.Наоборот, мы всегда стремимся группировать слова, открывать новые соединяющее их связи.Слово всегда ассоцируется с каким- либо жестом слов , через свою семантему или морфему или даже через своей фонемой» деп сөздердің қандай да болсын элементі арқылы этимологиясын анықтауға болатындығын айтуға болады [16,б.172].Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып қарастарыды. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар делінеді. (А.Кононов [17,б.200], А.М.Щербак [18,б.58], В.М.Насилов [19,б.41], А.Д.Шукюров [20,б.249]). Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасының мәселелері» деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: «тегінде шылау сөздер ерте кездегі толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы не мағынасыз сөздерге айналуын екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді» дейді[16,б.4]. Ары қарай Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы, көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған деген пікірі барын айтып, «тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдм қашықтап кеткен» деген тұжырым жасайды. Жалпы түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан басталса да, ғалымдардың болжамдары бірізділік таныта алмай келеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
2 Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-
Қазан:Татгосизд,1926.-127б.
3 Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,
А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл
білімі институты,1978. – 277б.
4 Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –
Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
5 Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының
қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
6 Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы
мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет
сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
7 Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР
ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
8 Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы/Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
9 Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в
киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. –
1992.- 192с.
10 Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-
26б.
11 Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық

123
скачать работу

Көне Түркі тіліндегі шылаулардың қалыптасуы және оның зерттелуі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ