Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көнеден жаңаға бет алған образ

е» күшіне енгеннен кейін, атасы Абылай мен күйеуі Үәли бастаған Россиямен тығыз қарым-қатынас саясатын дамыта, ұлғайта түскен ханша Айғаным солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бәріне бел шешіп, белсене араласып, іс-көзін білетін зеректік, алғырлығымен халық арасында үлкен беделге ие болған. Айғаным қазақ елінің Россияға өз еркімен қосылуының прогрестік мән-мағынасын дер кезінде жіті түсініп, патша өкіметі алдына жергілікті халықты оқу-білім, отырықшылыққа тарту және қазақтардың өзін-өзі басқаруы керектігін анық мәселе ретінде көтерген. Оның оқу-білім алуға аса маңыз бергендігі Сырымбетте қазақ мектебін ашып, өз ұлы Шыңғысты Сібір казактарының әскери училищесіне оқуға беруінен байқалса, алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне барынша ынталы болғандығы Батыс Сібір генерал губернаторы лейтинант Капцевичке отырықшылыққа ойысу мақсатымен Сырымбет төңірегінен жер беріліп, сол жерге өзіне арналған кең, зәулім үйі, моншасы, мектебі мен мешіті бар мұнтаздай қора-қопсылы, күнделікті тұрмысқа ыңғайлы әрі тартымды мекен-жай салдырып беруін сұранып, 1822 жылдың ноябрь айында өтініш білдіруінен көрінеді. Айғанымның нақты тілектер қойып жазған бұл өтінішінің толығымен жүзеге асқандығын П. П. Семенов-Тян-шанскийдің «Тянь-шаньға саяхат» атты мемуары 2- томының 54-бетіндегі: «АлександрІ Уәли ханның жесіріне үлкен ілтипат көрсетіп, қырғыз даласындағы 1-үйді салдырып беруге әмір еткен, әрі Шоқан Уәлиханов сонда туған» - деген жолдарынан аңғарылады...
Шыңғыстың Сырымбеттегі мекен-жайында орақ ауыз, от тілді ақын-жыраулар таңды таңға ұрып, алтын саусақ, бал таңдай әнші-күшілер мәжіліс соңын өнер сайысына айналдырып, аңызшы-ертегішілер жиын-тобырды мәре-сәре етіп, апталап, айлап жатып өз өнерін ортаға салған. Мұның бәрі енді қалыптасып, қанаттанып келе жатқан жас ғұламаға игі әсерін тигізіп отырған.
Алты жасында Күрлеуіт Қыпшақ Жаманқұлдан «Едіге» жырын тыңдаған Шоқан «Ер Қосай» мен «Ер Көкшені» Атығай Арыстанбай Тобылбайұлынан естіген. Қаракесек Жанақ Сағындықұлынан ел шежіресі мен ауыз әдебиетінің үлгілеріне құлағы қанық болған. Шоқан нұралық Шөже Қаржаубайұлынан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең ұзақ нұсқасын жазып алған. Көкесі Хақназардан күй атасы Қорқыттың ботадай боздаған сарынын сан рет тыңдаған. Күй сарынынан ажалмен арпалысты бажалайлап, өлімді өнермен, надандықты іліммен жеңуге болар деп түйсінген. Өз құралпыластарынан Ақанның мұңшыл да сыршыл, Біржанның шабытты да шалқар, Жаяудың ащы да асқақ әндерін тыңдаған».[3 26-25]
Шоқанның анасы – Зейнептің әйгілі Мұса Шорманның қызы екені О.А. Сегізбаевтің «Мировозрение Чокана Валиханова» атты еңбегінде айтылған. «Мать Чокана – Зейнеп была дочерью видного казахского бия Баян-Аульского округа Чермана. Ее родной брат Мұса Черманов, дядя Чокана, который находится с ним в тесных связах, был образованным казахом».
Көнеден жаңаға бет алған әжелер образы қазақ халқының салт-дәстүрімен, тәлім-тәрбиесімен тығыз байланысты. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің маңызы зор. Бесікке салу, бесік жырын салу, шілдехана секілді салт-дәстүрге әже тікелей қатысты. ХVІ-ХVІІІ ғасырда батыр бабаларымызбен бірге батыр әжелеріміз өзінің жерін қорғаған. Сол заманның өзінде-ақ қоғамдағы әжелер орны айқындалғанын байқаймыз. Бірақ Тәуелсіздігіміз тәу еткен мына заманда ертеде аялы алақанымен бүкіл елінің болашағын бір бесікпен тербеген әжелеріміздің қоғамдық орнының болмай қалғандығы қынжылтады. Айғанымдай бүкіл елінің қамын ойлаған әжелеріміз бүгінде отбасылық жағдайдан алыстамай отыр. 70 жыл ерлер мен әйелдерді тең етеміз деген саясаттық бізге берген олжасы да осы шығар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. С. Өтенияз. Шоқан. Алматы: Ғылым.1995.
2. М. Мырзахметұлы. Айналған аты аңызға Момышұлы. Тараз. 2000
3. С. Мұқтарұлы. Шоқан және өнер. Алматы: Өнер. 1985
4. С. Мұқанов. Таңдамалылар. 8-том. Алматы:1976.
5. Ш. Уәлиханов. Таңдамалы. Алматы: Жазушы. 1980.
6. Баян Сәрсембина. Абылай алаңы аукционға түсті. //Жас Алаш. №66. 17 тамыз. 2006.

12
скачать работу

Көнеден жаңаға бет алған образ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ