Конституция тұрақтылықтың кепілі
лер” деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б.
ҚР Конституциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚР Конституциясының 74-бабына сәйкес, КР Конституциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.
Өркенді дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Конституциямызда Қазақстан азаматтарының міндеттері туралы жазылған бапта Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу және сақтау көрсетілген. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Қазақстан қоғамының ұзақ жылдарға арналған өркенді дамуының бағытын нық айқындап берген Конституцияға біздің де айтар алғысымыз мол. Өйткені, біздің Ата Заңымыз — Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.
Әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 1993ж. 28 қантар
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы 1995ж. 30 тамыз
-
Совет Социалистик республикаларының Конституциясы, 1936ж.
5 желтоқсан, 25.10.1977
-
Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулық, Алматы 1998ж.
-
Жалпы ұлттық республикалық газет «Егемен Қазақстан», 31тамыз 2010ж.
-
Сарсембаев Б.С.
Сотрудник МИД РК
| | скачать работу |
Конституция тұрақтылықтың кепілі |