Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ

рінің ассиметриялы иннервациясының анизокариясы, қолдардың интенсивті терморлары жатады. Жеке бұлшықеттер тобының  тартылулары, гиперкинезиясы, гемипарезі, атаксия, нистагм, дизартрия жатады. Энцефалопатияның айқын түрлерінде офтальмоплегия, амаврозом, афазия, гемипарезбен жүретін тамырлар кризі түріндегі жедел ми бұзылыстары  болады.

Сүлелі қорғасынмен уланулар кезіндегі клиникасында асқорту  мүшелері жағынан да өзгерістер болады. Оларға қорғасынды кайма, асқазан ішек жолдарының маторлы және секреторлы қызметтерінің бұзылыстары, қорғасынды ұстамалар, өт шығару жүйесінің дискинезиясы жатады.

Қорғасынды кайма дегеніміз-қызыл иектің айналасындағы сұрғылт түсті жолақ. Олардың пайда болуы   қорғасынның күкіртті қосындысының жиналуымен сипатталады.

Асқазан ішек жолдарының ауыр зақымдануларына қорғасынды ұстамалар тән.Ол сүлелі қорғасынмен улану кездеріндегі  латентті түрінде де және жүйке жүйесімен қандағы айқын өзгерістер кезінде де пайда болуы мүмкін.

Қорғасынды ұстамалардың типті түріне іштегі жайылмалы түрдегі ұстама түріндегі ауырсынулар тән. Тілі жабынмен жабылған, іші қатты,  басқан кезде  ауырсыну аздап басылады.  Бір мезгілде ұзақ уақыт бойы  нәжісінің қатуы мүмкін, үлкен дәреті қойдың құмалағы тәрізді болады. Рентгенде ішектегі спастикалық атониялық өзгерістер пайда болады.Кейде контрасты массаның ұзақ уақыт кідіруімен ішектің парездері болуы мүмкін (бірнеше тәулік бойы). Көрсетілген өзгерістер артериялдық гипертензямен қатар жүреді.

Емі: Сүлелі қорғасынды уланулар кезінде аурудың  клиникалық белгілерін және айқындалу деңгейін анықтау керек. Емдеу және алдын алу шараларына қорғасынмен байланысты үзу және оны ағзадан шығару керек.

Соңғы кездері қорғасынды ағзадан шығару үшін комплексондарды  кеңінен қолдана бастады. Комплексті түзетін қосындылар аминополикарбон қышқылдары мен кальции атомы бар туындыларға жатады. Комплексондардың әсерінен улылығы аз және қорғасыны бар  жақсы еритін комплексті түзеді, ол  ағзадан тез шығруға әсер етеді.

Көбінесе пентацин және тетацин-кальциін қолданады.

Соңғы жылдары сатурнизмді емдеу кездерінде  кеңінен пеницилламиннің Д-түрін қолданады (Д-3.3-диметилцистеин немесе Д-пеницилламин).

Комплексонмен емдеу кезінде кезеңді түрде қанның құрамы мен зәрдегі қорғасынның бөлінуін тексеріп отыру керек. Жалпы қарсы көрсеткіштеріне бауыр және бүйрек аурулары жатады.

Еңбек ету сараптамасы: Егер науқаста улану түрлері болса, ауруханалық парақ бойынша  1-2 айға  басқа жұмысқа ауыстырылады. Осы кезде амбулаторлық немесе профилакториялық жағдайда жалпы ағзаны күшейтетін және шығаратын (Д-пеницилламин) ем тағайындайды. Кейіннен бұрынғы жұмысына қайтып келеді.

Уланудың жеңіл түрінде стационарлық ем көрсетіледі (шығарушы ем). Шыққаннан соң науқас 1-2 ай қорғасынмен қатынасын үзу керек, кейіннен (лобараторлы көрсеткіштері қалыптасқаннан кейін) сол жұмысына қайта оралады.

Сатурнизмнің айқын түрінде  науқас стационарлық түрде ұзақ ем алады.  Қорғасынмен жұмыс көрсетілмейді. Асқынулар мен олардың айқындығына байланысты, бұндай науқастардың еңбек ету қабілеттері жартылай немесе толығымен жоғалуы мүмкін.

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Қорғасынды улану басым зақымданулармен жүретін кәсіптік аурулар тобына жатады:

1. тыныс ағзалары

2. бүйрек, зәр шығару жолдары

3. қан жүйесі

4. тері

5. жүйке жүйесі

 

2. Жеңіл дәрежелі қорғасынды улануға тән синдромдар:

1. полиневриттік, қорғасынды колика

2. астеновегетативтік, ретикулоцитоз, базофилді-дәнді эритроциттердің санының көбеюі

3. энцефалопатиялық, гиперхромды анемия

4. тромбоцитопениялық, қорғасынды колика

5. полинейропатия, ретикулоцитоз, базофилді-дәнді эритроциттердің санының көбеюі

 

3. Машина құрастыру заводының металл жабыстырушысы (паяльщик) ішіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуына, 5-6 күн ішінің қатуына шағымданады. Тері жабыны бозғылт, еріннің шеті қошқыл. Пульс минутына 60соққы, АҚ 155/80 мм.рт.ст., іші кепкен, пальпация кезінде нақты локализациясы жоқ аурсынулар. Қанның анализінде: Нв-60 г/л, лейкоциттер формуласы қалыпты, 1 млн-ға 800 базофилді түіршікті эритроциттер, ретикулоциттер 20%, зәрде порфирии -10 балл, зәрде қорғасын 0,5 мг/л Сіздің диагнозыңыз?

1. қорғасынды колика

2. жедел холецистит

3. жедел аппендицит

4. жедел аралық порфирия

5. бүйрек шаншуы

 

4. Қорғасын шаншуы симптомдардың келесі триадасымен сипатталады?
1 . жүрек айну, өткір толғақ тәрізді іш ауырсынуы, іш қату

2. өткір толғақ тәрізді іш ауырсынуы, іш қату, іш өткізетін заттардың әсеріне көнбейтін іш қату, АҚ  200 ммртбағ дейін көтерілуі, брадикардия

3. бірнеше рет құсу, іш қату, толғақ тәрізді іш ауырсынуы

4. дене қызуының көтерілуі, құсу, ішінің ауырсынуы, тахикардия

5. жүрек айну, құсу, ішінің ауырсынуы

 

5. Сатурнизмнің патогенезіндегі неврологиялық  симптомдарға жатады:

1. нерв клеткаларының дегенеративті өзгерістері

2. порфириндік алмасудың бұзылуы

3. миелинизация процесінің бұзылуы

4. вегетативті бұзылыстар

5. жоғарыдағының бәрі

 

6. Жұмыс орындарындағы ауадағы қорғасынның рұқсат етілетін концентрациясы?

1. 0,03 мг/м3

2. 0,01 мг/м3

3. 0,007 мг/м3

4. 1 мг/м3

5. 10 мг/м3

 

7. Металл жабыстырушысы (паяльщик) жұмысшы ішіндегі толғақ тәрізді ауырсынуына, жүрегінің айнуына, аяқ-қолдарының сыздап ауырсынуына, 3 күн ішінің қатуына шағымданды. Обьективті: шырышты қабаттары бозғылт түсті, склералар субьектириясы, еріннің шеті алқызыл қошқыл. Пульс минутына 60 соққы, АҚ 155/80 мм.рт.ст., іші кепкен, пальпация кезінде шамалы аурсынады. Қанның анализінде: Нв-60 г/л, эритроциты 3,9, 1 млн-ға 800 базофилді түіршікті эритроциттер, ретикулоциттер 20%, зәрде гематопорфирии -10 балл, зәрде қорғасын 0,5 мг/л. Сіздің диагнозыңыз және науқастың жұмыс істеу қабілеті?

1. өткір іш, жалпы ауру, хирургия бөліміне жатқызу

2. созылмалы қорғасынды улану, жеңіл дәрежесі. Кәсіптік ауруы бойынша ақылық еңбекке жарамсыздық парағы

3. созылмалы қорғасынды улану, ауыр дәрежесі, қорғасынды колика, стационарға жатқызу,  Кәсіптік ауруы бойынша ақылық еңбекке жарамсыздық парағы

4. жедел гепатит, жалпы ауру, стационарға жатқызу

5. асқазанның ойық жарасы, өршу. Жалпы ауруға байланысты стационарлық ем, ақылық еңбекке жарамсыздық парағы

 

8.      Ауыр дәрежелі соз қорғасынмен улану кезіндегі науқасқа ем тактикасы. Қорғасын шаншуы

1. тазалау клизмасы, промедол 1%-1,0 тері астына

2. тазалау клизмасы, но-шпа 2,0 тері астына

3 .атропин 0,1%- 1,0 тері астына, тазалау клизмасы, жылы ванна

4. папаверин 2%- 2,0, жылы ванна

5. 5% глюкоза ерітіндісімен ЭДТА 10%-20,0 көк тамырға, жылы ванна, атропин 0,1% 1,0 тері астына

 

9. Соз.қорғасынмен уланудағы анемияның патогенезіндегі бұзылыстар:

1. гемоглобиннің қасиеті

2. бүйрек функциясы

3. бауыр функциясы

4. порфирин және гем синтезі

5. барлық аталғандар

 

10. Созылмалы қорғасынды уланудың орташа ауырлық дәрежесінде арнайы ем жүргізу үшін қажетті заттар:

1. метилен көгі

2. лейкоген

3. купренил

4. темір препараттары

5. В тобының витаминдері

12
скачать работу

ҚОРҒАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫНДЫЛАРЫМЕН УЛАНУ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ