Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қожа Ахмед Ясауи

дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Ясауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз.

 

"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді

 

Ясауи былай дейді: "Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады". Сондықтан да Ясауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Ясауи ілімінде бұл доктрина оның "таным" теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.

 

Ясауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Ясауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз.

 

Сопылықтың ықпалын, Ясауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз.

 

Ахмет Ясауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы "алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә" деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.

 

Қожа Ахмет Ясауидің қанша жыл жасап, ғүмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Ясауиді 125 жыл өмір сүрді дейді. Оны растайтын "Хикметте" мынандай өлең жолдары бар.

 

Иер устида улмас бурун тирик улдим,

Алтмиш учта суинат деди иштіб билдім.

Иер астида жаним била куллик қилдим,

Иттиб, уқиб, иерга кирді  Кул Қожа Ахмад. 

Ираилардин фаиз уа фатух алалмадим.

Иуз Игрима бишка кирдим билалмадим.

Хақ тағала тағатларын, Қылалмадым,

Иштиб, уақиб перға қирди Қeл Қожа Ахмад.

 

Осы жолдарды негізге алсак, Қожа Ахмет Ясауи жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге келген болып шығады. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен одан қалған асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді. Ахмет Ясауи өзінің үзақ өмір жолын түйіндей келіп:

 

Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,

Ақиқатты таза сүйе біл.    

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен      

Халық қана дүниеге ие 6ұл, —

 

-деп, Ахмет Ясауи тек насихатшысы емес, XIIғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.

 

         Ахмет Ясауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. 

 

Сондай-ақ Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Ясауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

 

 

 

Мұхтар Шаханов

 

Қожа Ахмет Йасауи ескерткіші.

 

XIV ғасыр тудырған ғаламаттардың бірі - Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи ескерткіші. Бірақ өкшінішке қарай, осы алып ғимараттың оң қанатын сәулеттендіру жұмысы аяқталмай қалған.

(Газет мақаласынан үзінді.)

 

***

Талай-талай білімпаз асылдарды

Теңескенде келтірмей иығынан,

Ескерткіш тұр, қаншама ғасырларды

Ұзатып сап, күлімдеп миығынан.

 

Жалқау, қиқар түйедей тартыншақтап,

Жылжыды еміп сүстінен кемел жердің.

Ескерткіш түр ұлылъщ қалпын сақтап,

Даңқын сақтап данышпан шеберлердің.

 

Мизам түсіп, күз қызығы қалган кезде азайып,

Түркістанда бір ескерткпп бой көтерді ғажайып.

Күннен-күнге келбеттеніп, күннен-күнге сән құрып

Нән ескерткіш бой көтерді жұртты өзінше таң қылып.

 

Сан мыңдаған құл-құтандар ертелі-кеш тынбастан,

Сар даланың кеудесіне жазып жатты бір дастан.

Мерейі асқақ, зарлы дастан секілді еді ол дегенмен,

Иран, үнді елдерінен жеткізілді шеберлер.

Жалынынан темір балқып, илеуіне тас көнер,

Хас шеберлер арасында болатын бір жас шебер.

 

Ол туралы жұрт айтатын: «өнерінің өрті бар»,

Тәңір қалай жарылқайын десе, әрине, еркі бар.

Саусағының салымы бар, сосын, әттең, бөркі бар...

Ал әйтпесе, қызда сирек кездесетін көркі бар».

 

Қайран шебер калбаң қағып, еркін алып тынысын,

Басқарып жүр ескерткіштің ою-өрнек жұмысын.

Қор бейнеттен жұрт кешкісін дем алғанда болдырып,

Түркістанды түрлендіріп ән бастайтын сол жігіт.

 

Ол ән салса, қапас, тұйық кеудесінде жел тұрып,

Бірде жарын, бірде анасын кез алдына келтіріп,

Басыбайлы батпан мұңы сәл де болса кертіліп,

Құл-құтандар жадырасып, қалатын бір серпіліп.

 

Ол ән салса, ұзақ түнді кірпік ілмей атырған,

Сәукелелі қыз шығатын шеттегі алтын шатырдан.

Тілек сайын тізгіндескен неткен іңкәр өмір бұл?

Сол бойжеткен балдызы еді, қаһарлы Ақсақ Темірдің.

 

Міндет ауыр. Хан бұйрығы мәмілеге қарай ма?

Ғимаратты енді аз күнде бітірген жөн қалай да.

Шеберлерді ықыластап, ынталамақ ниетпен,

Хан оларға балдызының қызметін сый еткен.

 

Хан балдызы – Мәрзия ару ішке бүгіп мұратын,

Күнде түсте шеберлерге сусын әкеп тұратын.

Сырт көздерді қалдырмайын дейді ме өрттің өтіне,

Паң бойжеткен жұқа ғана перде ұстайтын бетіне.

 

Гужбан тағдыр иығына нені артса да көнердей

Шебер жіпт Мәрзияға ғашык, еді өлердей.

Ғашығының айдай жүзін бір көруге тамсанды,

Бірде сусын әкелгенде пердесіне қол салды.

 

Қыз қымсынып тұрып қалды, тұрып қалды күлімдеп,

Алма беті гүл-гүл толқып, оймақ ерні дірілдеп.

Сосын, ләм деп тіл қатпастан, еркін басып шеткері,

Өзіне арнап орнатылған ақ шатырға беттеді.

 

Мосқал шебер күйіп-пісті: «Қарағым-ау, мұның не?

Көпсінгенің осы нұрсыз шабаталы күнің бе?

Сезіміңнің төзім жібін албырттығың қиды ма?

Енді қайттің? Әлде басың өкпелі ме иығыңа?

 

Пітінелі болмак, енді саған мына атар таң,

Ертең ерте Ақсақ Темір оралады сапардан.

Болған жайды балдызы оған айтпай, сірә, түрмайды

Айтты, бітті. Жаның онда жаһаннамға зырлайды.

 

Солай, ұлым. Әміршіден енді рақым іздеме,

Бірақ, сенің кесепатың соқпай кетпес бізге де».

Жігіт боп-боз. Қаны қашып, сөзін зорға бастады,

(Бедерсізін бұрын қалай сезбей келген достары).

 

- Туысқандар,

Қамданайық, амал-айла жасайық,

Біреу айтты:

- Бүгін түнде ұйымдасып қашайық.

Келісілді. Бірақ, бірақ,... жөн болды ма қашқаны?

Хан әскері қуып, ұстап, зынданға әкеп тастады.

 

Енді ненің мәні қалды. (Мұңдан, мейлі мұңданба?

Ертеңгілік Мәрзиядан хат кеп түсті зынданға.

Жігіт жылдам оқып шыңты дір-дір етіп қолдары,

Кыздың хаты мынау еді сондағы:

 

«Бір күнде ашып мінезіңнің бар қырын,

Тез сөндірдің жігеріңің жарқылын.

Ұнап еді батылдығың алғашқы,

Тырағайлап қашқаның не, жарқыным?

 

Жарылардай сондай құштар сезімнен,

Өзімді-өзім тұсаулаушы ем төзіммен.

Өлімнен де қаймықпаған тілекті,

Қалай оқи алмағансың көзімнен?

Өнерің бар қараган жұрт қанбаған,

Әның анау аспанымда самғаған.

Құдай саған бәрін беріп,  Тек қана

Ерлік бермей қойғанына таң калам

Енді бәрі өшті, бәрі сөнді. Далбаса.

Амал қанша өз сенімің алдаса?

Сен өлді деп өкінбеймін.  Әттең-ай,

Бітпей қалған мына ескерткіш болмаса...

 

Бұлақ өмір сүргенімен, құрақсыз

Сезім өмір сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегенінде ерлігі жоқ адамның,

Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

12
скачать работу

Қожа Ахмед Ясауи

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ