Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ КЕСЕНЕСІ



 Другие рефераты
ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТІҢ ДАМУ СИПАТЫ КҮЛТЕГІН АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен өрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет өнерінде бұрын-соңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің өзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 м-ге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18,2 м), бірнеше күмбез, 35 бөлме бар. Ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы – 3 м. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен өтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар көгілдір қышпен өрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сөздерді оқуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет өнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 жылдың 20-рамазанында жасалғандығын көрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Иасауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. ХVІ ғасырдан кесенеде және оның төңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оның төңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 жылы Түркістан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары зеңбірекпен атып, кесененің 11 тұсына зақым келтірген. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қожа Ахмет Иасауи кесенесі тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда ҚР Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында Қожа Ахмет Иасауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді.

Ж.Әскербекқызы

скачать работу


 Другие рефераты
Феминология как наука
Состояние водных ресурсов России и Сибири
МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897-1961)
Тыныс алу орталығы. Тыныс алудың реттелуі


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ