Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Баян образының жасалуы
тері, қимыл – қозғалыстары арқылы олар туралы мәліметтер толыға түседі. Олардың сөйлеу мәнері, моциялық диапазоны, көптеген портреттік белгілері оқиға өрісіне қарай өсіп - өніп отырады. Бұлардың бәрі психологиялық портрет галереясын құрайды.
Жырда алғаш Қодар Баянды шын ұнатқан, қыздың көңілінен шығу үшін барын салатын, көкірегін бәсеке мен қызғаныштың жалыны шарпымаған ақ көңіл, көпшіл, еңбекқор жан болып суреттеледі.
Бетке жан қаратпайтын Қодардың мысын басып, тоқтау болар жалғыз жан – Баян. Баянның күліп айтқан бір жылы сөзі үшін, құрбандыққа шалынуға дайын намысқой Қодар бейнесі үлкен шеберлікпен берілген. Осы бірсөздері, біртоға Қодардың қолын қанға малатын бейненің дәрежесіне дейін өсу жолы Баян бейнесімен қатарласа оріледі.
Жырда өз сезімімен арпаласқан Қодар ақыры Қозыны өлтіріп тынады. Бірақ Қозыны өлтіргенмен Баянның Сарыбай баласына деген махаббатын өлтіруге шамасы жетпейді.
Қозының кегін алмақшы болып Баян Қодарды Шоқтерекке айламен алып барып өлтіруінен Қодардың аңқау, аңғалдығын көрсек, екінші қырынан Баян не істесе де қарсы келе алмайтын сүйген жүрек иесінің характері байқалады.
Атаңа сіңіспейді адал күшім,
Құл болдым есігіңе сенің үшін.
Ертеден қара кешке қылсам дағы,
Бір аллаға жақпады менің ісім.
Мұнша қастық қылғандай неттім, Баян,
Әке- шешем жылатып келдім Баян.
Тіл ұшымен мені сен жақын қылып,
Аңдып жүріп түбіме жеттің, Баян
деген сөздерден Баянның ісін- ақ, сөзін- әділ көрген аңқау Қодарды көреміз. Қодар Баянға сеніп өледі. Ал Баян болса, айласын асырып, Қодардан кек қайтарады. Егер Қодар бейнесі болмаса, Қозы мен Баянның махаббаты жоғары деңгейдегі ақ, пәк махаббаттың символына айналмас еді.
Қозының кегі үшін Қодарды өлтірерде Баян сұлу айтқан мына сөзден қайсар қазақ қызының бірбеткей, өжет те өр мінезі айқын байқалады.
Әкеме сіңіп еді сенің күшің,
Құл болдың есігіме менің үшін.
Шоқ белбеу, алтын айдар мырзам қайда,
Шұнақ құл өлтіремін соның үшін.
Міне, осылайша жырдағы Баян образы жан- жақты сомдалып, оқырманға жақындай түседі. Баян бейнесі қазақ мәдениетіндегі әдеміліктің, ақылдылықтың, парасаттылықтың, тұрақтылықтың айнымас үлгісі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С. А. Қасқабасов. “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу ” жыры және түркі эпостық дәстүрі (мақала).
“Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” эпосы және түркі әлемі”
“Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” жырының 1500 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. /11- бет/ Алматы “Интерпринт” 2003.
2. Қазақ фольклористикасының тарихы /42 бет.
3. Қозы Көрпеш- Баян Сұлу Алматы “Жалын 1985”
| | скачать работу |
Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Баян образының жасалуы |