ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Другие рефераты
Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.
Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары.
Қазіргі уақытқа дейін осы нарықтарға Қазақстан астығын тасымалдау Ресей, Өзбекстан және Түркіменстан аумақтары арқылы темір жол бойымен жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, біздің астықтың экспортының бәсекеге қабілеттілігі осы елдердің көлік саясатына айтарлықтай дәрежеде тәуелді.
Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу нарықтарына отандық астықты жеткізу және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын, Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық баламалы бағытты дамыту туралы шешім қабылданды.
Айтылмыш бағытта өткен жылдан бастап Ақтау портында астық терминалының өткізу қабілеттілігін арттыру бойынша және Бакуде астық терминалы мен диірмен кешенінің құрылысының жобалары іске асырылуда.
Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад (Иран) порттарында астық терминалдарының құрылысы бойынша қосымша жобалар іске асырылуда.
Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің ең қысқа жолы — Қара теңіз (Украина) порттарының бірінен астық терминалын сатып алу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін өздерінің әлемдік астық нарығындағы қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын қамтамасыз етеді.
Одан басқа, халықаралық талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманға сай бордақылау алаңдарын ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл отандық еттің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын арттырады, ет өнімдерінің экспорттық көлемін елеулі түрде өсіреді және етті өткізудің «жайылымнан дастархан басына» кепілдендірген жүйесін бір ретке келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға берілген.
Мақтаны қайта өңдеу саласын дамыту үшін мақталықтың сортты тұқымдық материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоспардың ТЭН әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар, «Алатау Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк» АҚ компаниясының тобы «Meridian Capital» ЖШС сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша серпінді жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жобаны іске асыру орны — Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, мегаферманың болжаулы қуаттылығы – 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдерін, 15 мыңға жуық ірі қара мүйізді мал басын өндіру. Жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау аяқталды, жеке қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, азықтық дақылдардың күздік егістігі жүзеге асырылды, мегаферманың қажетті инфрақұрылымының құрылысы үшін жер белгіленді. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы лизингке малдар, жабдықтар және арнаулы техникалар, сонымен қатар өзінің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өндіріс қуатының құрылысына несиелік қарыз берумен болжанады. «Meridian Capital» ЖШС қаржыландыруға өзінің өтінімдерін қалыптастыруды жүзеге асырып жатыр. Жобаның операторларын мемлекеттік қолдау көрсету шаралары – жеңілдік және субсидия беру мәселесі ынталандырады.
«Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды.
«Денсаулық өнімдері» фабрикасы құрылысының жобасы Цесна компаниясының тобы «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС арқылы жоспарланған. Жобаны іске асыру орны – Ақмола облысы. Балалар тағамын (астық тұқымдастары негізіндегі құрғақ қоспалар, көкөніс езбелері), спорттық тағамдар, диабетпен ауыратындарға арналған, әскери қызметкерлерге және тұрғындардың арнаулы топтарына арналған тағамдар, жалпы алғанда емдеу-профилактикалық қасиеті бар негізгі азық-түлік тағамдарының өндірісін ұйымдастыру жоспарланған. Зауыттардың қуаттылығы – 27 мың тонна дайын өнімдер шығару. Жоба алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру арқылы талқыланды.
«Қазақстанның астық өңдеушілер және наубайшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері серпінді жоба ретінде «Ұн және макарон өнімдері» атты ұлттық брендін құруды мәлімдеді. Жобаның мақсаты: ұн және макарон өнімдерінің ең ірі өндірушілерін осы өнімдерді әлемдік нарықтарға жылжыту мақсатымен, «Ұн және макарон өнімдері» брендінің астында біріктіру. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге және астық өңдеушілер мен тауарөндірушілердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен бірігіп Тұжырымдаманы және брендін қалыптастыру шараларының жоспарын жетілдіру үшін жұмысшы тобын құрды, брендін қалыптастырудың және жылжытудың аналитикалық зерттеулері сатып алынды. Тұжырымдама жобасы жетілдіру кезеңінде.
«Raimbek» компаниясының тобы жеміс-жидек, сүт пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары). Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда 3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында 2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын құру, олардың екеуі — Алматы облысында, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы, құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен болжанады. Қазіргі уақытта қаржыландырудың мүмкін болатын параметрлері қарастырылуда.
«Отес-Атил» компаниясының тобы биологиялық/экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына 2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру. Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы тобының арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы» АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған айналым қаржыларын толықтыруға несие желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3 зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі қарастырылуда. Жобаларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік негіздемесі қосымша жұмыс орындарының құрылуы, нарық жағдаятының кеңеюі, экспорттың ұлғаюы, қосымша құны жоғары дайын өнімдермен көрінеді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық өндірістердің және соған сәйкес жалпы АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|