Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары

яқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша крлданылады.

Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттың банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға ңажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.

 

1-    Ұлттың банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері

пайыздар, кезеңнің соңына

Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған №6(92) 2006 ж

 

Ескерту: РЕПО операциялары бойынша мөлшерлемелер 8.12.2006 ж. бастап, мерзімдер бойынша күн сайын белгіленеді.

Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банк­терге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

Резервтік талаптар, ашық, нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талап­тар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялың банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.

Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20%мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланыс­ты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

 

 

1.3 Пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі

 

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдың резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байла­нысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтерінің тағайындалу негізі коммерциялың банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялың банктердің несиелеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық, банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік жүйе экономикалың құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттың банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

1. Міндетті резервтер;

2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық, банк орташа айлық, қайта қаржыландыру мәлшерлемесінің 50%көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төленді.

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

 

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты

 

Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Респуб­ликасының ұлттық валютасының — қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету — мемлекеттің орталык банкісі — Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республика­сы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты:

-         қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

-         ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

-         ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;

-         ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандықшектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.

Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойын­ша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта кар­жыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жузеге асы­ратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді.

Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.

Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелге

12345След.
скачать работу

ҚР-дағы кәсіпкерлік дамытудың проблемалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ