Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі

нің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар «ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.

Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес шешім шығарады.

Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган болып табылады.

Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет атынан шешім шығарады.

ҚР-да биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін жүзеге асыратын – сот билігі органы болып табылады.

ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің «Сот және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына негізделген.

ҚР-ның Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады. Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.

ҚР-да соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде қарау.

1. Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырып, әділет Министрлігінен рұқсат алған адам бола алады.

2. Жоғарғы тұрған сотқа судья болу үшін ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 5 жылдан кем емес, сот органында 2 жыл және әділет басқармасында, прокуратурада, тергеу және анықтау бөлімінде, біліктілік емтиханын тапсырған Жоғарғы Сот Кеңесінің рұқсатын алған адам бола алады.

3. Әскери соттың судьясы болу үшін заңгер болумен қатар әскери қызметкер болуы керек.

Соттар тұрақты судьялардан, парламент Сенатымен тағайындалған (жоғарғы Соттың судьялары) және ҚР-ның Президентімен тағайындалатын (жергілікті сотттың судьяларын) олардың қызмет атқару мерзімі кей жағдайларда заңмен ғана тоқтатылады. «ҚР-ның Соттар және судьялардың мәртебесі туралы” жарлық 46,47 баптар.

Судьялардың құқықтық жағдайы:

ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.

Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:

- сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;

- сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;

- көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға болады;

- судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және материалдық

жағынан қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.

Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері, құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала (қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге сайланады.

Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.

Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:

1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету, депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;

2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;

3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымдардың мәселесін шешу;

4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың басшыларының есебінен тыңдау кіреді.

Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып, жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен босата алады.

Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі әкімге сенімсіздік көрсетіп дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоя алады.

Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.

Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1. Жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік экономикалық дамуы жоспарын және бюджетті жасау және оны іске асыру;

2. Коммуналдық меншікті басқару;

3. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау немесе босату;

4. Республика Заңдары негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер жүргізу.

ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.

12
скачать работу

ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ