Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қуатты Қарулы Күштер – ел тыныштығының кепілі

жағдайы көтере қоймады. Бүгінгі таңда бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр.

Қазір маған бұрынғы әскери қызметкерлерден де өте көп арыздар түседі. Мәселен, 1998 жылға дейін зейнетке шыққандар кейінгілермен салыстырғанда зейнетақыны аз алатындықтарына шағымданды. «Біз де ел қатарлы еңбек етіп, тер төктік. Неліктен зейнетке ерте шыққанымыз үшін бізге аз зейнетақы төлейді?!» — деп орынды сұрақ қояды. Мен осы мәселе бойынша екі рет депутаттық сауал жолдадым. Биыл қаңтар айында Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депутаттары Қорғаныс министрлігінде көшпелі отырысымызды өткіздік. Онда әскерилердің әлеуметтік жағдайы, оның ішінде олардың баспана, зейнетақы мәселелері талқыланды. Қазір «Әскерилер мен олардың отбасыларының әлеуметтік мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленіп, келесі жылы Парламентке ұсынылмақ. Онда әскери қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделген.
- Өзіңіз айтқандай, қорғаныс саласына бөлінетін қаржы он жыл ішінде ондаған есеге артыпты. Бұл қаржы қазіргі міндеттерді орындауға жеткілікті ме?
- Заман талаптары өскен сайын қаржыға қажеттілік те арта түседі. Себебі әскери техника удай қымбат. Бізде, мысалы, әлі күнге дейін ескі ұшақтар пайдаланылуда.
- Ондай тікұшақтар жыл сайын апатқа ұшырайды…
- Қорғаныс саласын басқарған кезде өзім де сондай тікұшақпен құладым емес пе?! Таразда әскери округ құру бойынша жұмыстарды аяқтап, Шымкентке ұшу үшін әуежайға келгенбіз. Біздің тікұшақты аяқастынан айырбастапты. Сонымен, ұшып келе жатқан кезде Леңгірдің тұсында тікұшақ кенеттен төмен қарай құлдилады. Кейін білдік, үш метр жердегі құздың қасына құлаппыз. Жанымда 700 литр керосин болды. Құдай сақтап, аман қалдық. Бір аптадан кейін Ресейде де дәл сондай МИГ тікұшағы құлап, бәрі мерт болған.

КЕЛЕШЕККЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ
- Былтырғы ресми дерек бойынша әрбір үшінші жас әскери борышын өтегісі келмейді екен. Әрбір оныншы азаматтың денсаулығы әскерге жарамсыз. Ертең әскерге баратындар мүлдем қалмайтын шығар?
- Қазір келісімшартпен жұмыс істейтіндердің есебінен әскер қатарында борышын өтейтіндер саны азайды. Екінші жағынан, мендегі деректер бойынша әскерге барғысы келетіндер жеткілікті. Бұрын «бармаймын» деп ақша төлесе, қазір «барамын» деп ақша төлейтіндер бар. Бірақ шақырылатын орын аз. Бәлкім, сіз айтқандай, әрбір үшінші азамат әскерге барғысы келмейтін шығар?! Әйтсе де әскерге үшеуі емес, барғысы келетін біреуі де жеткілікті. Ал жастардың денсаулығы — үлкен мәселе. Жастар — біздің болашағымыз. Олардың дені сау болуы әскер үшін ғана емес, ел келешегі үшін маңызды. Қазақстан Президенті «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты биылғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына баса назар аударып, нақты міндеттерді белгіледі.
- Жалпы, келісімшартпен жұмыс істейтіндерді көбейтіп, әскери борышын өтеушілер санын азайту саясаты дұрыс па?
- Әрине. Біз жасы он сегізге енді толған балаларды әскер қатарына шақырамыз. Бірақ жаңа ғана мектепті бітіріп келген жас бала нені біледі?! Ал келісімшарттар арқылы инженерлер, жоғары білімді мамандарды әскери қызметке тартып, жұмыс деңгейін жоғарылата аламыз. Келісімшартпен жұмыс істейтін мамандар Қарулы Күштерді күшейтеді. Бірде-бір елдің әскері мамандарсыз қуатты бола алмайды.
- Ал офицерлер ше? Запастағы офицерлер қоғамдық ұйымы әскери саладан білікті мамандардың кетіп, кадрлік тапшылық байқалатынын бірнеше мәрте айтқан еді…
- Бұрынғы қиын уақыттарда әскер саласында мамандардың азайғаны рас. Ал жалақымен, баспанамен қамтамасыз ететін болса, онда олар неге кетеді? Қоғамдық ұйымдағы зейнеткерлер бұрынғы жағдайды айтса керек. Менің өзім әскерден кеткелі он жыл болды. Содан бері ел де, әскердегі жағдай да жақсарды емес пе?!
- Жаңа, озық техниканы сатып алған күннің өзінде оларды пайдалана алатын мамандар қайда?
- Жақында Мемлекет басшысы: «Қаншалықты заманауи қару-жарақпен, әскери техникамен жарақтандырылса да, кез келген әскердің жауынгерлік қабілетін бірінші кезекте мамандардың кәсібилігі анықтайды», — деген болатын. Қарулы Күштердің деңгейі жоғары болса, сол елде тұрақтылық сақталды. Қуатты Қарулы Күштер — ел тыныштығының кепілі.
Мен осы салаға келгенде әскери мамандар Ресейде ғана даярланатын. Ресейдің ең жоғары деңгейдегі басшыларымен бір кездесуімізде әскери одаққа кіретін елдердің әскери әзірлігіндегі бір кілтипанға назар аудартқан едім.
- Қандай?
- Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымы құрамындағы мемлекеттер әскери қызметкерлерінің дайындығы — әртүрлі деңгейде. Мәселен, Ресейдің жоғары әскери оқу орындарында дәріс алатын қазақстандық тыңдаушылар ресейліктерден бөлек, төмен дәрежедегі басқа бағдарламамен оқытылады екен. Онда олар жауға қалай жұмыла қарсы тұра алады?! Сонда Владимир Путин: «Балаларды оқыту — болашаққа салынған инвестиция», — деп, біздің сарбаздарды даярлауға кететін қаражатты төмендетіп, оларды бір деңгейде оқыту керектігі жөнінде айтқан еді. Сонымен бірге басқа мемлекеттермен, оның ішінде НАТО елдерімен әскери мамандар әзірлеу, жаңа техниканы меңгеріп, оқу-жаттығу өткізу жөнінде келісімшарттар жасаса бастадық. Сол кезде өзімізде де радиотехника институты, әскери академия құрылып, тұрмысы ауыр отбасы балалары оқитын әскери мектеп аштық.
- Әскери саланың қазір тағы бір осал тұсы бар сияқты. Ол- сыбайласқан жемқорлық емес пе?!
- Сыбайласқан жемқорлық — үлкен дерт. Әлемде оны 100 пайыз жеңіп шыққан бірде-бір ел жоқ. Қазақстанда Президент басшылығы онымен күресіп, бұрынғымен салыстырғанда біршама нәтиже байқалады. Бірақ әлі де бұл індеттен Қарулы Күштердің де толық арыла қоймағаны рас. Қаншама генералдар, жоғары лауазым иелері істі болды?! Сондықтан жемқорлықпен қатардағы солдаттан генералға дейін күрессе ғана оны азайтуға болады.
- Соңғы кезде ғаламтордағы форумдардан: «Қазақстанға әскер керек пе?» деген пікірталастарды оқуға болады. Мәселен, шекараны ҰҚК-ның шекара қызметі, ішкі тәртіпті ІІМ ішкі әскер бөлімшесі бақыласа, онда орасан зор әскердің қажеті қанша? Кейбір елдерде Қарулы Күштер мүлдем жоқ қой?!
- Қазақстанның жері кең, қазба байлығы мол. Оған қызығып, көз салушылар аз емес. Сондықтан «ешкім тиіспейді» деп алаңсыз отыру жөнсіз. Біздің елімізде тыныштық орнап, мемлекетіміз өркендеп, өссін дейтін болсақ, мықты Қарулы Күштер керек. Ол үшін қаражатты аямаған дұрыс. Қазір осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда.
Қарулы Күштердің әкесі де, шешесі де — Нұрсұлтан Назарбаев. Сол кісінің арқасында әскер құрылды. Мен бір кездері Астананың атын өзгерту керек деген ұсыныспен шыққан едім. Кеңес Одағы кезінде адам атын қалаға беру дәстүрі болған. АҚШ-та да мұндай тәжірибе бар. Мысалы, тарихта аты алтын әріппен жазылатын президент Линкольнның көзі тірісінде қалаға оның аты берілді. Сондай-ақ АҚШ-тың жетінші президентінің атындағы Джэксонвилл деген қала бар. Онда осы тәжірибені қолданудың несі әбестік?! Неге біз Астананың атын Нұрсұлтан деп өзгертпейміз?! Астананың құрылуы, дамуы және дүниежүзілік деңгейге көтерілуі — Мемлекет басшысының еңбегі. Сонымен қатар биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 20 жыл толады. Егер осы мәселе бойынша әскерилер бастамашылар тобын құрып, ұран тастаса, халық қолдайды. Нұрекең халықтың шешіміне қарсы болмайды. Әркімнің еңбегі тірі кезінде бағалануы керек.
- Ақпан айында қызыл әскердің құрылған күніне қатысты әріптестеріңіз арасында пікірталас болғаны аян. Жақында Мемлекет басшысы да ерлерді 23 ақпанда емес, 7 мамырда құттықтауға шақырған. Қалай ойлайсыз, қазақ әскері күні өз дәрежесінде атап өтіле ме?
- Қарулы Күштердің құрылғанына — 19 жыл. Біздің мемлекетіміз де, мерекелеріміз де жас. Дегенмен бұл мейрамды жылдан-жылға жастар да қолдап келеді. Кешегі күнді бүгінгімен салыстыруға болмайды. Егер жыл сайын бұл күнді атап өтіп, бір-бірімізді құттықтасақ, тәуелсіз еліміздің бұл мерекесінің де орны беки түспек. Мен де Қарулы Күштердің құрылған күнімен сарбаздарды құттықтап, олардың иықтарына жерден, бастарына аспаннан жұлдыз жауып, еңбектері жана берсін деп тілеймін!

Сәт ТОҚПАҚБАЕВ: Қуатты Қарулы Күштер – ел тыныштығының кепілі

Сұхбаттасқан Айжан КӨШКЕНОВА

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id57/7/1

12
скачать работу

Қуатты Қарулы Күштер – ел тыныштығының кепілі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ