Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құранды түсіну

саған, оның иесі – Аллаһқа қиянаттық жасаған болады. Мұсылман жастарымыз осы маңызды ескертпелер негізінде Құранды оқуы және түсінуі ләзім деп санаймын. Ал, Құранда жиіркенішті қылықтар, қатыгездік пен аяусыздыққа шақырулар, өмірді қиындататын ережелер жоқ. Құрандағы дін өте түсінікті және қарапайым. Ол адамға еркін ойлау қабілетін бере алады. Ол таза ақылға, ізгі ақылға, имандылыққа, ихсанға шақырады. Адам құқықтарын құрметтеуге, бүлік жасамауға, бұзақылықтан аулақ болуға, Аллаһқа, оның елшісі мен мұсылман әміршіге бағынуға шақырады. Құран өзге діндер мен сенімдердің болуына рұқсат етеді. Адамдардың нәсілдік, ұлттық белгілерін жоққа шығармайды және мансұқтамайды. Бейбітшілік ішінде, әділетті қоғам орнатылуын талап етеді. Адамдарды ақылды және ақылдың ізгі өнімдерін пайдалануға шақырады. Еңбек етуге, ізденуге, қажыр-қайрат жұмсауға шақырады. Құранның аяттарында бүгінгі ғылым мен өркениетке қарсы талаптар жоқ. Ондай кері талаптар тек адамдар жазған әдебиеттерде ғана болуы мүмкін. Міне, Батыс халықтарының «исламда қатыгездік бар!», «исламда адам құқықтары, әйел құқықтары тапталған!» т.т. деп отырғаны Құранға байланысты емес, фәни адамдардың тұрмыстағы дінге енгізіп жазған дүниелеріне байланысты айтылуда. Міне, бұны ажырата білуіміз керек. Христиан діні және оның теологиясы ғасырлар бойы шіркеу басшылары мен теологтардың жазған дүниелері негізінде қалыптасқан. Христиандық дінін қалыптастырған, оның сенім қағидалары мен діни рәсімдерін белгілеген, аталмыш діннің жүздеген тармаққа бөлініп кетуіне себеп болғандар – фәни адамдар, шіркеу көсемдері. Олар құдайы бұлақтың орнын адами бұлақтың толтыруы қағидасын мұсылмандарға да әкеп істеткісі келеді. Алайда, исламда діннің алаңында адами бұлақ жүрмейді, тек Аллаһтың түсіргені мен көрсеткені ғана жүреді. Осыны барша адамзатқа түсіндіруіміз шарт. Фәни адамдардың пікірлері олардың өзіндік пікірлері ретінде бағалануы тиіс. Бір фәни адамның пікірін, қорытындысын әкеліп, оны Аллаһтың үкіміне тең (!), тіпті, одан да жоғары (!!!) қою ислам дінінің өзегіне сәйкес келмейді. Ал, сол фәни адамның Құранға және жоғарыда келтірілген өлшемдерге сәйкес жасаған пікірлері мен қорытындыларын автордың еңбегі мен ғылыми іжтиһадын құрметтеумен қабылдаймыз. Орта ғасырлардағы кейбір ғұламалар мен сөз құрастырушы авторлардың еңбектерінде келтірілген ойлар мен ұсыныстарды сол адамдардың алған біліміне, өскен ортасына, материалдық мүмкіндігіне, сол дәуірдегі ғылым мен білімнің деңгейіне, саяси уә тарихи уақиғаларға байланысты бүгінгі деңгейден қайтадан сарапқа салып, Құранның таразысына салып, өлшеп алуымыз шарт. Сонда, бүгінгі мұсылман әлемінде жинақталған және «дін» патенті соғылған сенім-нанымдардың, ережелер мен қағидалардың қайсыларының Құранға (Исламға) сай келетіні анық болады.
Мұсылман жастар беттерін болашаққа бұруы керек деп ойлаймын. Бүгінгі мұсылман әлемінің ең басты проблемасы – надандық, қараңғылық. Қараңғылық ұғымы Құранда «зұлым» деп аталған. Ал «залым» қараңғылықтың ішіндегі адамды білдіреді. Өйткені, әлемдегі зұлымдықтар білмегендіктен яки білімнің жетіспеуінен болады, ізгі ақылдың қосылмауынан болады, Жаратушының фитратына (жарату негізіне) қайшы келгендіктен болады. Қараңғылықты тек нұр, яғни жарық жеңеді. Құран адамзатты қараңғылықтардан нұрға жетелейді. Аллаһ көктер мен жердің нұры. Құран болса Аллаһқа шақырады. Құран еңбекті қадірлейді. Адамды жынысына қарап бағаламайды. Құранда тепе-теңдік пен үйлесімділік бар. Құран еркек пен әйелді бірін-бірі толықтыратын адамдар ретінде қарастырады. Құран ізгі іс жасауға және ақылды пайдалана отырып, ғылыми ізденіске салынуды, әрдәйім еңбек етуді (жиһад) талап етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, Құран тек анық дәлелі бар нәрсеге жүгінуді сұрайды, күмәнді мәліметке, күдікті нәрселерге бой алдырмауды, олардан аулақ жүруді ескертеді. Құран мұсылмандарды әлеуметтің мәселелерін өзара кеңесу арқылы, талқыласу арқылы шешуге шақырады...
Әрине, Құранның сөздері Аллаһ Тағаланың аяттары. Тағы да Құранның айтуынша, Аллаһтың аяттары (белгілері, дәлелдері, айғақтары, ишараттары) тек Құран аяттарымен шектелмейді. Табиғаттағы құбылыстар, ғарыштағы қозғалыстар, математика мен физиканың заңдылықтары, күндіз бен түн, өсімдіктер мен хайуанаттар әлемі, теңіздер т.т. барлығы да Жаратушының аяттары (белгілері). Әр иманды пенде Жаратушының Құрандағы аяттарымен қатар өзге де аяттарын зерттеуі, түсінуі керек. Сол үшін әр иманды пенде позитивті ілімдерді – математика, физика, химия, билогия, медицина, астрономия, геология т.т. терең зерттеуі абзал. Бұларға қоса гуманитарлық саладағы ғылымдардан философия, тарих, филология, логика, социология, психология, саясаттану, экономика, эстетика т.т. сияқты ғылымдардан жан-жақты хабардар болуы тиіс. Аталмыш ғылым салаларынан хабардар, жан-жақты біліммен жабдықталған адамда оң ойлау қабілеті, математикалық ақыл, талдаушы ойлау, сараптау қабілеті, салыстыру қабілеті, себеп пен салдар арасындағы байланысты анықтау және нәтижелерді болжау потенциалы, эстетикалық сана қалыптасады. Міне, бізге осындай білімді мұсылман жастар қажет. Олар өздерін өткен тарихпен шектемейтін болады. Бұл жерде өткен тарихты қаралау яки мансұқтауды мақсат тұтып жатқан жоқпын. Өткенді өзінің уақытымен, өзінің шартымен білуіміз керек, бірақ өткенге қадалып, өткен тарихқа өзімізді таңып тастамауымыз қажет. Мақсатымыз дамуда, өсуде, жаңалық ашуда, адамзатқа пайдалы іс пен өнім өндіруде болуы керек. Еліміздің ең дамыған һәм ең өркениетті елдер қатарында болуына атсалысуымыз керек. Бұл тек прогрессивті ойлаумен, схоластикадан (фундаментализмнен), көр-соқыр сенімнен алшақ болумен ғана мүмкін болмақ.
Құран аяттары Жаратушының сөздері болғандықтан олар «өзгеріссіз» алаңды құрайды. Құранға ешкім еш нәрсе қоса алмайды және одан еш нәрсені де алып тастай алмайды. Құраннан тыс алаң болса «өзгеруі мүмкін» кеңістікті құрайды. Адамға қалдырылған осы алаңда адам баласы жоғарыдағы өлшемдер негізінде өз ой-ақыл деңгейіне, ғылым мен білімнің жетістіктеріне қарап тұжырымдамалар жасайды. Бұл тұжырымдар уақыт өткен сайын өзгеріске ұшырауы, толықтырылуы мұмкін. Фәни адамдар жасаған тұжырымдарды, пікірлерді, іс-әрекеттерді жоғарыда аталған «өзгеріссіз» алаңға апарып салу – діннің алаңына қол сұғушылық, фәни нәрселерді бақиға айналдырушылық болып табылады. Ал, фәниді фәни деп, бақиды бақи деп ажырата білген жөн. Қорыта айтқанда, бүгінгі ислам әлеміндегі тоқыраушылықты тек Құранға, яғни Жаратушының нұрлы жолына оралумен ғана жеңе аламыз деп айтар едім. Құран осындай потенциалды біздерге бере алады. VIII-XIII ғасырларда өмір сүрген мұсылман ғалымдар қатып қалған догматтардан құралған схоластиканы емес, Құранның жетегіндегі ақыл мен ғылымға негізделген прогрессивті ойлауды басшылыққа алған еді. Олар адамзат тарихында алтын әріптермен жазылған тамаша өркениетті қалыптастыруға орасан зор үлес қосқан тұлғалар. Олардан кейін келген эзотерикалық ағымдар мен схоластикалық мектептер мұсылмандардың еркін ойлауына шек қойды да оларды ой өндірмейтін, белгілі фәни тұлғалар қалыптастырған ұғымдарға көр-соқыр инанатын бұқараға айналдырды. Ғылыми ізденіс пен өндірістен қол үзіп қалған мұсылмандар әр салада артта қалды. Мұсылмандар тек тұтынушыға айналды. Ғылым деп жоғарыда аталған фәни адамдардың түсініктері ғана танылды. Ғылыммен шұғылдану Аллаһ Тағаланың аяттарын зерттеу және олардың мағыналарын ашу емес, бұрынғылардың жазғандарын қайталау және жаттау болды. Шіркеудің схоластикасынан азат болған Еуропа болса ғылым мен өнерде даму жолына түсті. Олар әлі сол жолды берік ұстанып келе жатыр. Мұсылман үмметі дүр сілкініп, өзін кертартпа сенімдер мен схоластиканың құрсауынан құтқаруы үшін ең алдымен еркін ойлаудың алдындағы кедергілерден, негізсіз бос сенімдерден, қараңғылық уағызшыларынан және олардың өнімдерінен құтылуы, Құранның нұрымен ғылыми ізденіске түсуі, өнерде алға жылжуы шарт дер едім. Сөз соңында тағы да Құран аяттарын келтіремін:
Олар Құранды әбден оқып, тереңдеп түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің хұзырынан болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер табар еді ғой! (Ниса сүресі, 4/82)
Еш күдік жоқ, ескертушіні біз түсірдік, біз! Оның шын мәніндегі қорғаушылары да бізбіз! (Һижр сүресі, 15/9)
Мен сендерден еркек болсын, әйел болсын, ешбір еңбек етушінің еңбегін зая етпеймін (босқа шығармаймын)! Бәрің де бір-біріңненсің! (Әли Имран сүресі, 3/195)
Шынында Аллаһ өзіне ортақ қосылуын кешірмейді. Мұның сыртында қалғанды қалағанына кешіреді (Ниса сүресі, 4/48)
Айт: «Аллаһ құлдары үшін шығарған көрікті заттарды (әшекейлерді) уә таза ризықтарды кім харам еткен (тиым салған)?». Айт: «Бұлар дүниедегі өмірде иман еткендер үшін, ал қиямет күні болса тек қана олардікі. Білетін бір қауым үшін аяттарымызды (белгілерімізді) осылайша егжей-тегжейлі баяндаймыз (Ағраф сүресі, 7/32)
Олардың көпшілігі тек күдікті мәліметті басшылыққа алады. Алайда, күдікті мәлімет шындық атынан еш нәрсені де білдірмейді. Күдіксіз Аллаһ олардың істегендерін білуші» (Йұнұс сүресі, 10/36)
Ей, иман еткендер! Күдікті мәліметтен көбірек сақ болыңдар! Өйткені, оның бір бөлігі күнә болып табылады! (Хұжұрат сүресі, 49/12)
Біз бұл кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахмет және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік. (Нахл сүресі, 16/89)
Біле тұра шындық пен жалғанды (хақ пен нахақты) араластырмаңдар! Біле тұра хақты жасырмаңдар! (Бақара сүресі, 2/42)
Олардың көпшілігі тек күдікті мәліметті басшылыққа алады. Алайда, күдікті мәлімет шындық атынан еш нәрсені де білдірмейді. Күдіксіз Аллаһ олардың істегендерін білуші» (Йұнұс сүресі, 10/36)
Бәрің түгелдей Аллаһтың желісінен ұстаңдар және ешқашанда жіктерге бөлініп айырылмаңдар! (Әли Имран сүресі, 3/103)


ӘЛЕМДЕРДІҢ РАХМЕТ ЕЛШІСІ[1]

Нұрға толы өмірімен, нұрғ
123
скачать работу

Құранды түсіну

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ