Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құстардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері



 Другие рефераты
Балдырлар ҚҰСТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI МӘДЕНИ ӨСIМДIКТЕРI Қазақстандағы өсімдіктер қорының таралу ерекшеліктері

Құстар эволюциялық қатынаста ең жас болып, екi аяқпен жүру, қауырсынды жабын, қанат пен тұмсық, қарқынды зат алмасуы бар жылықандылық, жақсы дамыған бас миы және күрделi мiнез-құлықтары бар жоғары дамыған жануарлар болып есептеледi. Құстардың осы ерекшелiктерi, оларға Жер шарында кеңiнен қоныстануға  және барлық мекендеу орталарын – құрлықты, суды, ауданы игеруге мүмкiндiк бердi; олар жоғары полярлы кеңiстiктерден өте ұсақ мұхиттағы аралдарға дейiн тараған. Мекендеу орталары құстар эволюциясында  iрiктеу факторы болып табылды (дене, қанат, аяқ құрылысы, қозғалу, қорек табу тәсiлдерi). Құстарға маусымдық циклдер тән, олар көбiнесе көшпелi құстарда байқалады және өз аумағынан шықпайтын көшпендi немесе отырықшы құстарда аса байқалмайды. Құстардың сан-алуан түрлiлiгi әсiресе тропикалық аймақтарда шоғырланған. Құстардың әр түрi бiрнеше биогеоценоздарда тiршiлiк етуi мүмкiн. Ең көп болып, арасында етқоректiлерi, өсiмдiкқоректiлерi, араласқоректiлерi  бар орман құстарының тобы  есептеледi. Олар бұталарға, қуыстарға, жерлерге ұя салады. Ашық аймақтың – шалғындардың, далалардың, шөлдердiң құстары ұяларын жерге салады; жағалаулардағы құмтар жартастарға ұя салады және бiрнеше түрдiң құстары бiрге мекендей отыра  бiрiгiп жаулардан қорғанып, құстар базарын түзейдi. Құстарға анық байқалатын популяция санының өзгеру динамикасы тән. Солай, құстардың ең көпшiлiгi (100 млрд дараққа дейiн) жеткiншектер ұшқаннан кейiн ал, ең азы (санының 10 есе азайғаны) келесi жаздың басында байқалады. Құстар санының өзгеруiне адамның шаруашылық қызметi үлкен рөл атқарады. Ормандардың, саздардың, шалғындардың көлемi қысқаруда, кейбiр құмтар жойып тасталуда. Қорек тiзбегiнде құстар рөлi үлкен,  себебi олар көптеген қорек тiзбектерiнiң соңғы түйiндерiн бейнелейдi. Жемiстер мен дәндердi таратуда да құстардың маңызы өте зор. Адамның үй шаруашылық қызметiнде құстардың маңызы негiзiнен ұнамды: олар кемiрушiлердi, зиянкестi жәндiктердi, арам шөптердiң дәндерiн жояды, сондықтан оларды бау-бақшалардың  биологиялық қорғанысы деп қарастыруға болады. Құстарды қорғау. аялау, қоректендiрiп тұру керек, әсiресе қыста, ұяларын бұзбау керек. Ашық, елгезек, ұяңдыбысты құстар болмаса, бiздiң ормандар, шалғындар, саябақтар, су қоймалары жым-жырт, тым-тырыс болып қалады. Құстар әкелетiн зиян олардың әкелген пайдасынан әлдеқайда төмен. Олар бауларды, жүзiм бақтарын ойран етедi, егiлген дәндердi шоқиды, көк өскiндердi жұлады сондықтан оларды үркiтiп тұру қажет. Құстардың ұшақтарға соғысуы жиелеп кеттi. Құстар – тұмау, энцефалит, сольманеллез сияқты жұқпалы ауруларды, кенелер мен кандалаларды  тасмалдайды. Адамдар сәндiк, сайрағыш құстарды асырап, құс өсiрумен айналысады.

Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты  жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен  жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе  үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен  жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен  жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.

Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы  туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей  болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы  және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi  және басқа  белгiлерi, олардың  бауырмен  жорғалаушыларға  ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың,  қыры жоқ төстiң  құйрықтыңқұрылысы,  алғашқы құстар  нашар  ұшып,  ағашта тiршiлiк еттi деп  тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл   бұрын,  ағаштарда  тiршiлiк етiп, бұтақтан  бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен  жорғалаушылардан  шыққан. Кейiннен  табиғатта  қазiргi құстардың белгiлерi  дамыған дарақтар  ғана сақталған.

скачать работу


 Другие рефераты
Компенсация потери экологического равновесия
Ағза және орта факторлары және олардың ағзаға әсері
Организационные формы интеграции компаний
Геналдонская трагедия в Северной Осетии


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ