Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Латын Америка елдері. 1910-1917 жж. мексикалық революция

ағы тарихи келісім деп қарауға болады. Конституцияда барлық азаматтардың теңдігі жарияланды, ұлттық мүдделер жеке мүдделерден жоғары қойылды; елдің барлық табиғи байлықтары мемлекет меншігіне берілді; тұрғылықты халықтардан тартылып алынған барлық жерлер мен жайылымдар қайтарылды, латифундистер иеліктері шектелді; шіркеу мемлекеттен ажыратылды, оның меншігі ұлт меншігіне өтті; 8 сағаттық жұмыс күні, төменгі жалақы мөлшері, 20 күндік ақылы жылдық демалыс, жұмысшылардың кәсіподақ құру және ереуілге шығу құқығы жарияланды.

Қабылданған уақытында Мексиканың 1917 жылғы конституциясы сол замандағы ең демократияшыл конституция болды. Бірақ оның озық, үлгі боларлық жақтарымен қатар кемшіліктері де болды. Мәселен, оның көптеген демократиялық принциптері конституция мәтінінде ғана жарияланды, оларды жүзеге асыру үшін мексика халқы әлі де күресуі қажет болды.

1910-1917 жылғы революция буржуазиялық-демократиялық сипаттағы революция болды. Оның негізгі қозғаушы күші шаруалар, ұсақ буржуазия, пролетариат, ұлттық буржуазия болды. Революция нәтижесінде буржуазиялық құрылыс бекіп, ұлттық тәулсіздік нығайды. Латифундизм, шаруалардың жерсіздігі неме жер жетіспеушілігі, ескі қанау тәсілдері сияқты феодализм қалдықтарына соққы жасалды. Революцияның тарихи маңызына келетін болсақ, оның мақсаты, міндеттері және сипаты (диктатураға қарсы күрес, аграрлық және әлеуметтік мәселелерді шешу талаптары, шетелдік монополиялардың өктемдігін шектеу және шетелдік интервенцияға қарсы қозғалыс) басқа да Латын Америка елдері үшін өзекті болып, үлгіге айналды. Мексика революциясының жаңғырығы бүкіл XX ғасырдағы Латын Америка елдерінің тарихынан жүріп өтті.

12
скачать работу

Латын Америка елдері. 1910-1917 жж. мексикалық революция

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ