Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ

жөніндегі сот органдары жүргізеді. Қажет болған жағдайда құрылық мемлекеттерінің азаматтары ондай органдарға, Адам құқықтарының Америкааралық комиссиясына шағымдана алады.

Аталған құрылық мемлекеттері адам құқықтарын қорғау тетіктерін  жетілдіріп келеді. Ампаро ісіне енгізілген өзгерістердің бірі – бұзылған ұжымдық құқықтарды қорғау. Өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған процесс бұқараға тиесілі құқықтардың бұзылуына тікелей байланысты. Бұқара мүддесінің бұзылуы құқықтық араласуды талап ету нәтижесінде жаңа құқықтар пайда болғаны белгілі. Мұндай, «үшінші толқынды» құқықтар, негізінен, конституцияларда бекітілген. Мысалы  таза қоршаған ортаға құқық Перудің саяси конституциясының 33-34-баптарында, Чили конституциясының 19-бабында, Эквадор Конституциясының  14-бабында бекітілген. Нақты атап өтілмесе де, осындай құқық Аргентина конституциясының 41-бабында да бекітілген. Осы құқықтар бұзылған жағдайда, зардап шеккен азаматтарға ампаро ісі бойынша сот органдарына жүгінуіне болады.

Жоғарыда атап өтілгендей, ампаро институты қос қызметті болып табылады. Мысалы, ресейлік заңгер А.Б. Зеленцовтың пікірінше «ампаро — ағылшындық-саксондық құқықтық дәстүрдің habeas corpus институтын жалпы сипаттама түрде ұқсас бұқаралық-құқықтық институт» [7, с.45]. Бірақ бұл институт ағылшын институты сияқты адамның тек қана бас бостандығын қорғау емес, сонымен қатар азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Сондықтан ампаро институтын конституциялық бақылау тетігі деп те қарастыруға болады. Мысалы Мексикада кез келген жеке не заңды тұлға өзінің қазіргі қолданыстағы 1917 жылғы Конституцияда бекітілген құқықтарын конституциялық сот төрелігі аясында қорғай алады. Осындай тәртіп бірқатар Латын Америкасы елдерінде орнатылған.

Латын Америкасы мемлекеттерінің ішінде ампаро процедурасы бойынша озық ілім негіздеген және тәжірибе жинақтаған Мексика болып табылады.  Осы елдің озық тәжірибесін жан-жақты зерттеген ресейлік зерттеушілер В.В. Еремян және А.А. Клишас ампаро институтының әмбебаптығын көрсете келе, оны конституциялық сот төрелігіне жатқызады [8, с.43-44; 9, с.230].

Мексикада конституциялық бақылаудың нысаны ретіндегі ампароны құқықтық реттеудің негізі болып 1917 жылғы Конституция, 1988 жылғы Сот билігі туралы Органикалық Заң, 2003 жылғы Ампаро туралы Органикалық Заң болып табылады [10]. Ампаро институты Мексика Конституциясының 103 және 105-баптарында бекітілген.

Негізінен ампароның тікелей  (directo) немесе уни-инстанционалдық және жанама (indirecto) немесе би-инстанциалдық ампаро сияқты екі түрі бар. Бірақ  процедура бойынша іс қарау тәртібі, процессуалдық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше түрлерге немесе нысандарға бөлінеді. Мысалы, негізгі түрлерге бөлінеді. Ұлттық құқықтық   доктринада ампаро процедурасының мынадай жіктеуі келтірілген: 1) ампаро, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау құралы (amparo como defensa de los derechos de libertad);  2) заңдарға қарсы (amparo contra leyes); 3) ампаро-кассация (amparo como casacion); 4) әкімшілік істері бойынша ампаро (amparo por actas administrativas).

Ампаро   процедурасы бойынша:

1) Жоғарғы Соттың актілеріне;

2) сайлау өткізуді дайындау және өткізетін сайлау комиссиялырының және өзге органдардың шешімдері мен мәлімдемелеріне;

3) Конституцияға сәйкес берілген құзіреттер шеңберінде Бас Конгрестің және оның екі палаталарының, штаттар легистратураларының, осы органдардың тұрақты комиссияларының лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау, қызметттен босату немесе олардың қызметін тоқтата тұру туралы шешімдері  бойынша актілеріне  шағым жасауға болмайды.

Жоғарыда келтірілген құрлықтық жіктеуге сәйкес мексикалық ампароны 4 түрге бөлуге болады. Оның алғашқысы ампаро конституциялық құқықтарды қорғау құралы. Келесі түрі — «заңға қарсы ампаро» (қалыптасқан атау бойынша). Ол Конституцияның нормаларын бұзатын кез келген құқықтық нормативтік актінің күшін жою үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді.  Одан кейінгі — «Ампаро — кассациялық сот» бойынша кассациялық процесс негізінде салалық түрлерге бөлінеді. Мысалы, азаматтық, қылмыстық және т.с.с.  Ал ампароның «әкімшілік істері бойынша» соңғы түрі әкімшілік соттардың шешімдерінің заңдылығына күмән туған жағдайда қуынуға мүмкіндік береді.

Егер ампаро ісінің процедурасына келетін болсақ, мысалы, құқықтары бұзылған адам сот органдарына қорғау туралы өтініш береді,   істің мән-жайын түсіндіреді, ал сот бұйрық береді.   Осы кезден бастап әкімшілік сотта қаралғанға дейін және тиісті шешім шығарылғанға дейін ол адамның жеке басына тиіспеуі қамтамасыз етіледі. Осылайша ампаро даулы актіні тоқтатып қана қоймайды, азаматқа қол тигізбеу институтын енгізеді, яғни оның жеке басы мен қауіпсіздігі кепілдендірілген қорғауға алынады. Мексиканың Жоғарғы соты ампаро аясында заңды күшіне енген төменгі сатыдағы соттардың азаматтық және қылмыстық істерін егер олар заңға немесе оған түсініктемеге қарсы болса қайта қарайды. Осылайша, мексикалық ампаро процедурасы тек қана конституция нормаларын ғана емес, қолданыстағы бүкіл  заңнаманы қорғауға және конституциялық ережелерді және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап бақылау-соттық тетіктік сипат береді. Осындай табиғаттағы конституциялық әділет институтының қос қызметі бар: бір жағынан ампаро процедурасы конституциялық бақылау институты, екінші жағынан барлық мемлекеттік билік тармақтарының органдары мен лауазымды тұлғалары қызметтерінің заңдылығын қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Осындай тетіктер мен мүмкіндіктер ампаро институтының адам құқықтарын қорғаудың пәрменді институт екенін көрсетеді. Оны барлық Латын Америкасы мемлекеттері мойындаған, азаматтар кеңінен қолданады деп тұжырымдауға болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

1 www.catedras.fsoc.uba.ar/udishal/constituciones.htm. (15.10.2010)

2 www.constitucion.rediris.es (5.08.2010)

3 Constituciоn de Uruguay. www. cervantesvirtual. com./portal/constituciones/pais. = Uruguay = constituciones. (15.10.2010)

4 Примашев Н.М. Конституционная реформа 1994 года в Аргентине // Вестник РУДН. Серия: Юридические науки. 2000. № 1.

5 Alcala Nogueira H. El recurso de proteccion en el contexto delamparo de los derechos fundamentales latinoamericano e interamericano // Ius et Praxis. 2007. № 13 (1). P. 75-134. www.rediris.es (5.08.2010)

6 Bórquez Ferrada J.C., Bordalí Salamanca A., Cazor Aliste K. El amparo constitucional contra los actos de la administración del Estado en Iberoamérica: un análisis comparado con el recurso de protección chileno // Ius et Praxis. 2004. № 2. P. 169-195. www.rediris.es (5.08.2010)

7 Зеленцов А.Б. Административная юстиция. М., 1997.

8 Еремян В.В. Процедура ампаро как механизм защиты мексиканской Конституции и фактор сохранения политической стабильности // Вестник РУДН. Серия: Юридические науки. 1998. № 1.

9 Клишас А.А. Компетенция органов судебной власти Мексики по рассмотрению дел в рамках процедуры ампаро // Вестник РУДН. 2002. № 2.

10 www.mex.org.

 

 

Садыков Т.К., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы

12
скачать работу

ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ