Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны

ындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілерінежылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.   

2.                 Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

 Жедел лизингтің негізгі объектілерінежабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

123
скачать работу

Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ