Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәдени мұралардың түркілік тарихты зерттеудегі үлесі

өркениеттік биікке бағыттаған қозғалыс болды және бұрынғы дәуірлерде туған әдебиет үлгілері- біздің халқымыз ғасырлар бойы жасаған мәдени мұраның ажырамас бөлігі екенін дәлелдей түсті. Көне жазба ескерткіштерді зерттеу нысанасына алғанда комплексті тұрғыдан зерттеу әдісіне сүйенбейінше, оларды танып білу  және оның бүгінгі күн қажетіне қызмет ету мүмкіндігі де қиындай бермек.

Қ.И.Сәтбаев қазақ арасында кең тараған халық эпосы «Едіге» жырының белгілі бір нұсқасын кітап етіп бастыруда оған ауқымды алғы сөз жазуы, оған оның үлкен дайындықпен келгенін осы жырдың маңызын жақсы түсінгенін және кейінгі тағдырына жанашырлықпен қарағанын нақты көрсетеді. Ғалымның белгілі мөлшерде халықтық музыкаға, әдебиетке, жалпы рухани мұраға деген ықласы өзі өмір сүрген және өскен ортасында қаланған еді. Ш.Уалихановтың еңбектерін талдау  үстінде Томскіде оқып жүрген студент Қ.Сәтбаев тарихтағы белгілі тұлға, аты аңыза айналған асыл бейне Едіге батыр (1352-1419) жайындағы эпосқа тап болады. Бұл жырды 1841жылы әкесі Шыңғыс Уәлиұлы мен Шоқан  Аманқорғой округіндегі Жұмағұл мен Арыстанбай ақындардан жазып алып, қағазға түсіріпті. Осыдан кейін Шоқан оны орысшаға аударды. Сол аударманы, эпос жобасын орыстың шығыстанушы-тюркологы профессор П.М.Мелиоранский алғашқы рет қазақ тілінде баспадан шығарғанда (қазақша) сауатты адам ретінде кағазға түсіріп, аққа көшіріп берген Ахмет деген татар азаматы болса керек. Міне сөйтіп, бұл аңыз-әңгіме Қ.И.Сәтбаевтың өңдеуімен және алғы сөзімен 1927 жылы Мәскеуде қайтадан жарық көрді . Онын себебі Қ.Сәтбаевтың өзі айтқандай: Мелиоранскийдің «Едігесі» аты қазақша болса да, заты ноғайшаға жуықтанқыраған түрі бар. Мұның үстіне әңгіменінішінде келетін түрлі толғаулардың да аяқ алысы тасырқаған малдың тұяғынша, сандыраққа айналынқырағаны көрінеді». Бұдан артық далел болмас-ты. Қателік Шоқаннан да, Мелиоранскийден де емес, «қағазға түсіріп, аққа көшіріп берген» Ахмет мырзада. Ол кісіні де аса қатты сөкпей, сол кездегі «ноғайша» сөйлеуді  «сән көргіштік» ғадетке жүктеп өткен дұрыс. /6/

         Сол кездерде жиырманың ішіндегі жас жігіт тарихи оқиғалар мен тарихи кейіпкерлер ісіне  тереңдей барып былай деп жазған болатын: «Тарих жағынан алғанда Едіге батырдың әңгімесі ХІУ- ғасырдың ішінде басталуы керек. Ол кезде «қазақ» атауы жеке отау тігіп, «қазақ» атын қиып айдар такпаған мезгіл… Бұл қауым үлкен үш ордаға бөлінетін: Ақорда, Көкорда, Алтынорда. Ұлы хан Алтынордада тұратын. Әңгімеде келетін Тоқтамыш осы  Алтын орданың   ең соңғы ханы. «Сатемір» хан әлемді қанға бояған атақты Ақсақ Темір. Оны орыстар кейде «Тимур», кейде «Темірлан» деп атайды. Ақсақ Темір мен Тоқтамыш басында  дос болыпты. Достығының  себебі былайша: «ХУІ-ғасырдың аяқ шенінде  Көкорданы билейтін Орыс дейтін хан болған. Оның қол астына қарайтын «Толой» (Домбауыл) дейтін сұлтан Орыс ханмен бақ-күндес болып, қыпшақ жұртын ыдырата береді екен. Осы Толойдын баласы Тоқтамыш  әкесі өлгеннен кейін орыс ханынан есесін алу үшін өз еркімен  Ақсақ Темірге бағынып, күш-көмек алады. Орыс ханды жеңіп Көкорданы иемденеді.Мұнан кейін 1380 жылы Куликово соғысында Алтын Орданың батыры Мамай орыс жұртынын  князі Дмитрий Донский дейтіннен жеңіліп қалған  соң, Мамайдың әлсіздігін пайдаланып, Тоқтамыш  ханның тұсында  бүкіл  «Дешті қыпшақ » түгелімен бір адамның ұлысына кірген екі орданы жеке иемденген . Тоқтамыш бака мастанып Ақсақ Темірді мүқату үшін әскер жинап, 1383 жылы Түркістан жағына қарата шеру тартады. Сол жолында 1389 жылы жаз Темірдің қолына түсіп, женілгеннен кейін еліне қайтқан… Едіге әңгімесі Арқадағы түрік қауымдарының ең ескі, ең ертекті әңгімелерінің бірі. Бұл ертектің бір шеті Алтайдың төлеңгіттері мен қырғыздарда, бір шеті қазақ, бір шеті қырым  ноғайларының  аузында шұбатылып жүр…Едігенің бойында асылында батырлықтан гөрі билікке арнаулы сипаттар күштірек болған». /7,18/Бір ғажабы осы ғылыми еңбектің көптеген тұжырымдарының дәлділігі кейінгі қазақ эпосын арнайы зерттеген ғалымдар  еңбектерімен дәлелденіп отыр.   

      Ноғай ордасының атақты әмірі, Алтын Ордада 1396-1412 жылдарда іс жүзінде билеуші болған Едіге туралы эпос-ноғайлы жырларындығы өзекті туынды. Ол туралы эпикалық аңыз Ноғай ордасында оның тірі кезінде-ақ жайылған. Одан кейін де ол жөніндегі түркі-қыпшақ халықтарында әр түрлі аңыз-әңгімелерде фольклорландырылған эпикалық өмірбаяны жазылған. Бұған көп жағдайда оның жеке басының қасиеттері мен қолбасшы және билеуші ретіндегі жоғары беделі себеп болған, өйткені ол  белгілі уақыт бойы Алтын Оданың саяси бірлігін қалпына келтіріп, елде тәртіп орната алған еді, ал мұны Мамай да, Тоқтамыс та істей алмаған болатын. Халық түсінігінде ол өз мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күресуші және оны сыртқы басқыншылардың шапқыншылықтарынан қорғаушы ретінде көрінген еді. Едіге басқарған «манғыт жұрты» Алтын ордадан бөлектенген  елеулі феодалдық иеліктердін бірі болды. ХІУ-ғасырдың аяғында саяси аренаға шығып, Алтын ордаданың белгілі билеушісі болып алған Едіге өз қолымен қойған хандар арқылы Алтын орданы басқара отырып, «беклер-беги» немесе «ұлы әмір» атағы бар Едігенің билігі зор болған және көрші ұлыстардың өміріне зор ықпал еткен. Кейінде Алтын ордадан  бөлектенген бір қатар иеліктердің аумақтарында Шыңғыс ұрпақтарынан қайсыбір адамды хан көтеру Едіге ұрпактарының келісімінсіз жарамсыз деп танылатың дәстүр болған. /8, 235/

       Бізде кезінде үлкен дау тудырған сол «Ноғайлы жырлары» тобындағы «Едіге» жырының кейіпкері Едігенің шыққан тегі кім деген мәселе толық анықтала қоймаған. Бір зерттеушілер оның тегі қыпшақ десе, біреулері маңғыт, ноғай деп жорамалдайды. Түрліше ноғай сюжеттері осы кезеңде пайда болды. Ол кезде ноғайларда эпос дәстүрі жазбаша түрде дамиды. Сол жазбалардан ноғай сюжеттері далаға, көшпелі қыпшақтарға тарайды. Еділдегі ортақ сюжеттердің бірі- Асан қайғы аңыздары оларға қазақ даласынан барған. ХІІІ-ХІУ ғасырдағы Алтынорда әдебиетіне түркі тілдес халықтардың  қай – қайсысы да бір дәрежеде  ортақ мұрагер. Дегенмен де сол әдебиетті тұтынған, ілгері дамытқандар қалалық мәдениет пен мұсылмандық дінді ұстанған халықтар еді. Көшпенді тұрмысқа байланысты қазақ даласында мешіттік–медреселік әдебиет жасалмады. Бұл дәуірден, ХУІ- ғасырдың  аяғы мен ХУІІ-ғасырдың басында Жалайыр Қадырғали Қосынұлы жазған «Шежіре (жылнамалар) жинағы» («Жамиғ-ат тауарих») ғана осы күнге дейін сақталып жеткен, жазба әдебиетінің  ақырғы үлгісі ретінде танылмақ. /9/ Қазақ халқында ауыз әдеби  тілінің  үстем қызметі ХІХ- ғасырдың соңына  дейін созылып келді. Дегенмен, ХІХ- ғасыр қазақ даласы үшін ислам шығысының да, әрі классикалық шығыс жазба әдебиетінің де ықпалы молынан болған ғасыр болды.

       ХІХ-ғасырдың соңы – ХХ-ғасырдың басында жазылған  қиссалардың негізгі ерекшелігі- олардың Шығыста бұрыннан  белгілі  сюжеттерге  құрылуында еді. Шығыс әдебиеті мен тілін жетік білетін, Сыр өлкесінде ғұмыр кешкен атақты ақын Тұрмағамбет Ізтілеуов 1936 жылы Орта Азия халықтарының тамаша мұрасы, Х-ғасырда өмір сүрген тәжік ақыны Әбілқасым Фердаусидің «Шахнама» дастанын қазақ тіліне аударып шыққан. Бірақ түрлі себептердің салдарынан ақынның бұл қымбат қазынасы жарыққа шықпай, жалпы көлемі 40 мың өлең жолынан тұратын жалғыз дана қолжазбасы жоғалып кетіп, тек 1957 жылы 15 желтоқсанда әдебиетші-фольклорист Мардан Байділдаевтің көмегімен Қызылорда облысы жерінен табылады. Сөйтіп, халқымызға қайта оралған бұл төрт томдық асыл қазына қазақ «Шахнамасын» толық түрде кітап етіп басып шығаруға мүмкіндік берді./10/ ХІХ-ғасырда жер жүзі оқи бастаған бұл шығарманың кейбір бөлігін 1870 жылы Сарысулық Ораз молда аударған еді. «Рүстем-Зарап» деген бөлімін 1914 жылы М.Сералин «Айқап» журналында В.Жуковскийден аударып бастырған. Тұрмағамбет Ізтілеуовтің еркін аудармасы бұл мұраны тұңғыш рет қазақтық сюжет етті. Бұрынғы белгілі мазмұнды өз тұрғысынан  қайталап, не жаңаша жырлаудың өзі (М.Әуезов атаған «нәзирашылдық әдіс»), шын мәнісінде, ежелгі жазба әдебиетіміз дәстүрінің қайта жаңғыруы іспетті еді. Бұл туралы Мұхтар Әуезов кезінде:”...Бұлайша, әр тақырыптың әр ақында қайталануы  ешуақытта аударма деп таңылу керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан  толғау  немесе ақындық шабыт-салым сынасып, жырмен жырласу  іспетті  бір салт еді. Шығыс поэзиясы  бұл салтты  заңды деп біліп, осы дәуірде «назира», «Назирағөйлік», деген атауда берген”,-деп түсіндіреді. /11,150/ Мысалы, «Манас» жырының кейбір сюжеті Түрік қағанаты дәуірін суреттесе де, өзі ХІХ-ХХ ғасырларда қайта жырланды. ХХ-ғасыр басында Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәді Жәңгіров, Әріп Тәңірбергенов, Әсет Найманбаев, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Кете  Жүсіп Ешниязов және тағы басқа, үлкен бір ақындар тобы ежелгі  әдебиетіміздің  гуманистік идеяларын, Шығыста бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғырта жазып, шайыр-ақын кейде қиссашыл ақындар атанған еді. Олар жазған «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Гүлшат-Шеризат», т.б. көптеген қиссалар «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр» жырларымен қатар сүйіп оқитын және тындайтын туындылар болды. Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов өзінің ертеректе баспаға ұсынған «Халық мұрасы» деген еңбегінде қазақ қиссалары туралы: «Бозжігіт» кітабының қағаздары татардың көз жасынан шіріді» деп Ғабдолла Тоқай айтқандай, бізге жеткен махаббат жайындағ

123
скачать работу

Мәдени мұралардың түркілік тарихты зерттеудегі үлесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ