Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

көксеген Мағжанның жырлары коммунистік жолды таңдағандарға жат болған. Соның бір көрінісі – Мағжанның 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан өлеңдер жинағын мәскеулік қазақтардың талқылауы. 1924 жылдың 24 қарашасында әдебиет үйірмесі ұйымдастырған бұл жиынға КСРО халықтары орталық баспасының директоры Нәзір Төреқұлов, Орталық комсомол комитетінің бюро мүшесі, жастардың коммунистік интернационалы  атқару комитетінің бөлім бастығы Ғани Мұ­ратбаев та қатысады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жас ақын, сол кезде Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік универ­ситетінде оқып жүрген Өтебай Тұрманжанов баяндама жасайды. Баяндаманы талқылауға қатысушылардың пікірі екі бөлініп, жиналыс «Мағжан буржуазияшыл-ұлтшыл, бізге мүлде жат ақын» дегенге саятын қаулы қабылдайды. Кейін осы қаулы Қазақстанның орталық газеті «Еңбекші қазақта» жарияланады. Мұның Мағжанға қатты соққы болып тигені, ақынды үлкен күйзеліске ұшыратқаны сөзсіз. Оның «Тоқсанның тобы» деген толғауында:

Жырларым елді жалпылап,

Жасырман жүзді жақтадым,

Тоқсанға енді тоқтадым,

Толғанып, ойлап, талқылап…

Тоқсаннан сонау он аулақ,

Мен тоқсанмен біргемін, – деуі содан.

Мағжанға қарсы шабуылдың үдеуіне сол кезде Мәскеуде оқып жатқан жастар ғана түрткі болды десек қателесер едік. Оған Сәбеңнің, кәдімгі Сәбит Мұқановтың да бел шешіп, білек сыбанып кірісіп кеткені белгілі. Идеялық қарсыластарына ымырасыз  Сәбең Мағжанды да аяған жоқ, өзгелермен бірге сынның дойыр қамшысын оған да сілтеді.

Мағжан кім қанша даттаса да былғанбайтын асыл емес пе, соны кейін Сәбең де түсінген болуы керек, ақын туралы пікірі өзгеріп, артына Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы зерттеу еңбегін қалдырып кетті. Атақты жазушының «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» деп аталатын кітабына енген осы еңбекте Мағжан туралы мынадай жолдар бар:

«… Ақындық жағынан келгенде, Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиетте жаңа түрлер енгізу ретінде, Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан  асқан ақын қазақта жоқ». Бұл Мағжан өмірден озбай тұрып 1932 жылы айтылған сөз. Нақ осы кезде қуғын-сүргінге ұшырап, қиналып жүрген Мағжан да Сәбеңнен сырт айналуды жөн деп таппайды, хат жазып одан ақыл-кеңес, көмек сұрайды.

Осы арада Мағжан Жұмабаевтың Сәкен Сейфуллинмен қарым-қатынасы туралы да әңгімелей кету артық емес сияқты. Мағжан  1937 жылы Алматыға табан тірегенде Сәбең қарсы алғанмен «Менің жолым-теріс. Сәкендікі – дұрыс болды. Алдымен соған сәлем берейін» деген тілегін білдіреді. Сәбең өзінің естелігінде жазғандай, ретін тауып Сәкенге хабар бе­реді. Сәкен қарсы болмайды, екеуі көздеріне жас алып құшақ-тасады. Осы  арада Мағжан  Сәкеннен кешірім сұрайды. Сәкен: «Саған бәрі де кешірімді, бізден енді кешірім сұрама» дейді. Сол күні Мағжан Сәкен үйінде қонып қалады.

Сырт көзге қатардағы оқиға сияқты болып көрінгенмен екі алыптың түсінісуі – бұл тарихи сәт еді. Өйткені, оған дейін олардың арасы жақсы емес-ті. Мағжан мен Сәкен тұңғыш рет Омбыда кездескен, сонда бірге оқыған. Кейін араларынан «қара мысық» жүгіріп кетіп, кикілжіңмен біраз жерге барып қалған. Екеуі де ақын болғаннан кейін бірін-бірі сөзбен түйрейді ғой баяғы. Соза берсек, бұл өзі таусылмайтын әңгіме. Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев ағамыз бұл жөнінде «Өнер бәсекесі, немесе Мағжан мен Сәкен» деген көлемді тарихи-әдеби эссе жазған.

Ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Солтүстік Қазақстан» газетінде (1991 ж. 21 мамыр) жарияланған «Мағжанды махаббатпен оқығанда» деп аталатын эссесінде де Мағжан мен Сәкеннің ара-қатынасын ашатын тұстар аз емес. Ақын ағамыз өмірдің өз ағымында, әдебиеттің дамуында әрқилы мектептердің, әр алуан таланттардың бәсекесі, жарысы, айтысы мен тартысы қызу жүріп келгенін, жүре де беретінін айта келіп, «Мағжанның идеялық және эстетикалық позициясына қарсы жанкешті күреспесе, Сәкеннің азамат әрі  ақын-суреткер ретінде қауырт өсіп, биікке самғауы, ол ол ма, қазақ әдебиетіндегі жалаугер жетекшілігі қамтамасыз етілер ме еді. М. Жұмабаевтың «Батыр Баянымен» қиын жарысқа Сәкен өзін  өткір қайрап салмаса «Көкшетау» дастаны өзінің ғажайып көркемдік дәрежесіне көтеріле алар ма еді?» деп сауал тастайды. Сөз жоқ, осы бәсеке жай да жүйрік қаламды одан сайын желқанаттандыра түскені анық. Олай болса, Мағжан мен Сәкен өмір көшінде әрдайым бірге жүрді. Олардың өмірлерінің соңғы сәтінде кездесіп түсінісулері, табысулары кездейсоқтық емес. Бұл халқымызға бұйырған тағдырдың сыйы.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына  қатысты жайларды елеп-екшеп жүре мені «Мағжан туралы оның жерлесі, замандасы, заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов неге бір ауыз сөз қалдырмаған?» деген ой мазалай беруші еді. Оның жауабын жазушы Жайық Бектұровтың «Бес арыс» («Жалын» баспасы, 1992 ж.) деп аталатын жинаққа енген естелігінен  тапқандай болдым.

Ғабең бірде Жайық Бектұровқа Мағжанмен алғаш рет 1928 жылы Бурабайда кездескенін, Ақмола губерниялық партия ко­митетінің хатшысы Садықбек Сапарбековтің өзін шақырып алып, «Мағжанның орнына орман шаруашылығы техникумында оқытушы бол» дегенін айтып береді. «Бурабайға келдім. Мағжанды осында бірінші рет көрдім. Ол өзінің пәтерін маған беріп, Қызылжарға кетті. Сонда барып совпарт  школда сабақ берді» дейді.

Кейін Мағжан мен Ғабең 1936 жылы Алматыда тағы кездеседі. «Мен Қазақстан Орталық партия комитетінің мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі едім. Мағжанды жұмысқа орналастырдық. Ол жұмысына құлшына кірісті. Дінге қарсы орысша бір трактат іспеттес еңбек жазып әкелді. Жұмысының өзі де дінге қарсы үгіт-насихат жүргізу еді». (Ғабит Мү­сірепов). Жайық Бектұровпен әңгімесінде Ғабең: «Менің ойымша, Мағжан шығармаларын басуға бұл күнде совет өкі­метінің еш бөгеттігі жоқ, бұлай деу бос сөз. Оның шығармаларын жарыққа шығаруға біздің өзіміздің көптен бергі бір беткей қалыптасып кеткен теріс дағдымыз, теріс көзқарасымыз, Мағжанды ұлтшыл деп жамандап қалған ескі әдетіміз бөгет. Біз біреуді жамандасақ, тасқа басқан таңбадай, өмір бақи өшпейтін қара бояудай көреміз. Кейде тіпті қайсыбір ақындарымыздың іштей қызғаншақтығы да бөгет болып жүр» деп Мағжан шығармаларын жарыққа шығаруға қатысты ойларын ашық білдіріпті. Алайда, Ғабең Мағжанға ара түскен жоқ, Мағжан туралы естелік те қалдырмады. Оның себебін қазір дөп басып айту қиын. Атақты «Бесеудің хатына» қол қойған, «Бейімбет жау болса, мені де жау деп санаңыздар» деген Ғабеңнің Мағжан туралы қалам тартпағанын түсіну де, түсіндіру де қиын.

Соңғы жиырма жылдың ішінде Мағжан жайлы біраз дүние жарық көргенін жоғарыда айттық. Солардың ішінде белгілі жазушы Жайық  Бектұровтың еңбегінің орны бөлек десем ақиқаттан тым алыс кете қоймаспын. Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Марғұлан сынды қазақтың асыл ұлдарының әдеби портреттерін оқырманға тарту еткен Ж. Бектұров Мағжанның халқына қайта оралуына да көп еңбек сіңірді. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесін басқарған жылдары Солтүстік Қазақстан облысына сан мәрте келіп, Мағжанның жары Зылихамен кездесіп, қолынан келген көмегін аямаған. «Мағжанды іздестірдіңіз бе? Жоғарғы жаққа арыз жаздыңыз ба? деп сөз бастап кеттім. «Жаздық қой. Жазбаған жеріміз жоқ. Ештеме шықпады», — деді Зылиқа. Мен ол кісіге: «Сіз Н.С. Хрущевке жазыңыз. Күйеуім ақын еді, жұрт ұлтшыл десті. Бірақ ол ешқандай басшы жұмыста болған жоқ еді. Кеңес үкіметіне қарсы ешбір теріс әрекет істеген адам емес. 1930 жылы ұлтшылсың деп бір соттады. Одан лагерьде жазасын өтеп келіп, болмашы қызмет істеп жүргенде қайта қамалды, жоқ болып кетті» деп жазыңыз» дедім». (Ж. Бектұров)

Жазушы  осыдан кейін өзі де қарап отырмайды, Башқұртстанның халық жазушысы Сайфи Құдашқа хат жазып, Мағжан Жұмабаевты ақтауға көмектесуін сұрайды. Мағжан Жұмабаевпен Уфадағы «Ғалия» медресесінде бірге оқыған С. Құдаш 1969 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Д. Қонаевқа хат жолдайды. «Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың тағдыры туралы» деп аталатын бұл хатында башқұрт әдебиетінің ақсақалы Қазақстанның көптеген қалаларынан, оның ішінде Қарағандыдан да, Мағжанға ара түсуін сұраған өтініштер келгенін жазады.

Жайық ағамыздың Мағжанға, Мағжанның артында қалған жесірі Зылиқаға жасаған басқа да жақсылықтары аз емес. Мағжан ақталғаннан кейін Зылиқаны шетқақпай қыла бастаған ақынның туыстарының орынсыз әрекеттерін айыптағаны тағы бар. Ол: «Өмірде әділетсіздік көп қой. Бәрі де қараңғылықтың, іші тарлықтың белгісі. Бұрын естерінен шығып кеткен Зылиқа, енді Мағжан жұрттың аузына қайта іліге бастағаннан кейін, бұл байғұстардың да тіліне, көңіліне орала бастапты. Бұлардың да әкелері, туыстары сотталып, есеңгіреп қалған адамдар. Жалған қызғаншақтық сезім де бар. Жақсы мұраға ие  болғысы келетін ниет те бар. Баласы, ұрпағы жоқ, жалғызбасты сорлы кемпірдің Мағжанның із-түссіз кеткен еңбектерін инемен құдық қазғандай жинағанын өзге, соның көп азап-бейнетін көргеннен басқа ешкімге ешбір жазығы жоқ» деп жазды.

Белгілі жазушы, қазақ әдебиеті ақсақалдарының бірі Ғаббас Қабышұлы да осыны дәттейді. «Мағаңның өлең-дастандары, әдеби аудармалары жарияланған газет-журналдарды іздеп табу, көшірме жасатып алу, әрине, апайға қиын болған. Ақы-пұлын төлеу былай тұрыпты, кесірі жетерлік кездерде ашық іздеудің өзі қандай тәуекелді қажет етті десеңші?! Күйеуіне жағылған күйені кетіру үшін жан тыныштығын ұмытқан, алғаш тұтқындалғанында ізденіп Мәскеуге, Максим Горькийге дейін барған, Мағаңның ол жолы ақталуына бірден-бір себепші бола білген, ал ері екінші

123
скачать работу

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ