Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы
тарихты айтатындай. Әрине Мағжан ақында тек тарихты жырлап қою ғана емес, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті жырлау болып табылады. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші. Біз жұмыс барысының көп талдау нәтижесінде негізгі ойды поэманың бірінші бөлімінен көрдік. Мәселен,
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес, кісендеулі
Сондықтан жаным куйіп жанады да.
XX ғасырдың басында қиын қыстау заманда өмір сүрген Мағжан Жұмабаев сол кезеңдегі қазақ халқының орыс боданынан босап, жеке шаңырақ болуына күрескен азаматтардың бірі. Әрине, сол кезде Мағжан сияқты зиялыларды абақтыға жауып қолын кісендесе де, патриот азаматтардың қызыл тілін тия алмаған. Ескіні жырлау арқылы жаңаға жол беру мағжанның үрдісі. Жаңаға жол беру дегеніміз, сол кездегі қазақ халқына XVIII ғасырдағы қазақи рухпен жігерді бере білу. Батыр Баяндай ерін танып, ұмытпаған халықтың ерлікке, еркіндікке деген күш жігері артатыны сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың эпостық поэмасындағы негізгі түйінді ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады.
Ойды қорыта келе Мағжанның өз сөзіне үңілсек
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?
Ия, абақты аталған сұм өмір Мағжанды улады ғой. У ішуден бас тартқан Мағжан арғы тарихқа кетіп, сол арқылы берілген уға себетін қарсы у шашты. Поэмадан көргендей символист Мағжан Жұмабаев ең алдымен өз заманында қаламмен қаруланған батыр күрескер.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. М.Жұмабаев “Сүй жан сәулем”А., 2002ж. Атамұра
2. С.Қирабаев “Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті” А., 2003ж. Білім
3. “Бес Арыс” (естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалары) А., 1992ж.
4. З.Қабдолов “Сөз өнері” А., 1974ж.
5. Е.Әбен, Е.Дуйсенбайұлы, И.Тасмағанбетов “Дала даналары” А., 2001ж.
6. М.Жұмабаев “Шығармалар” 3-томдық А., 1995ж.
| | скачать работу |
Мағжан Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы |