Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық - идеялық негізі

;
“Таспен атқанды, аспен ат” деп, қатігез адамның өзін мейірім шуағымен қайта тәрбиелеп алуға болатынына сенетін қа¬зақ халқының ұлы гуманистік рухын бойына сіңіріп өскен Мағ¬жан әлемді меңдеген “өзімшілдік” дертін де мейіріммен, рухани¬лық нұрымен ғана жеңу қажет дейді

 

5.Мағжан¬ның жұрт¬тың бәрі айтып жүрген “түркі¬шілдік” идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы, міне, осыдан шыққан.
“Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...” — деп, сонау замандарда ықпалымен жарты әлемді қалтыратқан түркі халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан соң, әркімге бодан болып кеткенін күйіне жырлаған ақын, ендігі әлемдегі күшті¬лермен теңесудің бірден-бір жолы сол бірлікті қалпына келтіру деп біледі:
“Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!
Түріктің жолбарыстай жүрегінен,
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!
Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны,
Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!
От сөніп жүректегі құрыды ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа лайық па құл боп тұру?
Жүр, кетелік Алтайға, ата мирас алтын таққа”.
Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жау¬лап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.
Ақынның бұл ұлы арманы Кеңес одағы ыдырап, әлем картасында түркі халықтарының жаңа тәуелсіз мемлекеттері пайда болғаннан кейін ғана жүзеге аса бастағаны белгілі. Түркі халықтарының бүгінгі өзара саяси, экономикалық және мәдени-рухани қарым-қатынастарының даму қарқыны жаман емес, тек тіл-көзден сақтасын дейік.

Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та, қастерлі екі мекені бар. Оның бірі — жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі — Түркістан. Мағжан өзінің “Түркістан” поэмасында былай дейді:
“Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан — ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тәңірі берген несібі ғой”.
Шынында да, Түркістан екі дүниенің — Шығыс пен Батыс¬тың рухани есігі ғой. Бұл тек қана ақынның жеке тұжырымы емес, барша түркі баласының санасына мықтап орныққан түсіні¬гі. Себебі, дәл осы қалада жеке үлгі-өнегесімен барша түркі жұр¬тын ис¬лам біліміне, сопылық іліміне ұйытқан, бұдан кейінгі танымы мен түсінігін қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қы¬луетке түсіп, Хақ дидарын көруді, яғни дүниенің ақиқа¬тына же¬туді мұрат тұтқан ұлы піріміз Қожа Ахмет Ясауи тұрған. Себебі, дәл осы қалада ақтық аманаттары орындалған аруақты ата-бабаларымыз жерленген. Мұнда ақыл-парасатымен болашақ¬ты болжаған даналарымыз, қаһарымен алыс-жақын көршілерін қал¬ты¬ратқан әмірші¬леріміз, кең байтақ еліне көз алартқан дұшпандардан қаһармандығымен қорғап қалған атақты батырларымыз бақилық орнын тапқан. Түркістанның пәни жалған¬нан бақи дүниені жал¬ғар қасиетті рухани қақпа аталатыны, міне, осыдан.

12
скачать работу

Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық - идеялық негізі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ