Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің көркемдік ерекшеліктері

ақтың басында дыбыстың қиысуы байқалады: Балқашты бауырына, жоталы жер, Қазығұрт қасиетті
Тұранның жері де жат, елі де жат, Құйындай бастан кешкен күні де жат.
Тұранды түгелімен билеп тұрған, Ертеде ертегі хан Афрасияб.
Жоғарыда атап көрсеткендей «жат» сөзі бұл тамаша, керемет деген мағанада екендігін бірінші жолда көрсетсе, енді екінші жолда олай емес «жат» сөзінің тағы бір мағынасы жадылап алу, сиқырлау дегенді білдіреді [7.500]. Басынан кешіп жатқан күнін құйынға теңейді. Яғни патшалық Ресейдің саясаты, отарлауы, қазақ халқының басына түсірген ауыртпалығы құйындай ұйытқып басынан кетпей тұрғанын меңзейді ақын.
Афрасияб – аңызға айналған тарихи адам, әдеби образ. Ол – ежелгі түркі тайпаларының ел ағасы, Иран патшаларымен жауласумен даңқы шыққан көсем деп Фирдаусидің “Шахнамесінде” айтылады, Махмұд Қашқари айтуынша, Афрасиябтың түрікше аты – Тоң Алып. Тұрған өлкесі ежелде «Афрасияб жұрты» деп аталған [4.600].
Алып Ер Тоңа елді ме? Жаман дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма? Енді жүрек жартылар, - деген жоқтау жолдары «Күлтегін мен Тоныкөк» көне жазба ескерткіш жазуларында бар [8.85] .
Ежелден жер емес ол қарапайым, Білесің тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған, Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын...
Кей-Қысырау мен Ескендір Зұлқарнайын – ежелгі дүниенің аса ірі қолбасшылары. Мысалға сондай күшті қолбасшы Александр Македонский Тұран өлкесін үш жылдай жаулап ала алмай, ақыры кейін қайтқаны тарихтан белгілі.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жетке бе?!
Осы өлеңнің әрбір тармағында дерлік түрік пен оның отаны Тұран туралы сөз қозғайды. Мағыналарын толық алуға тырысады. Өлеңде шөлдерін, көлдерін, селдерін, тауларын, қазақтың даласын, жерін жырға қосады. Сол сияқты бұл шумақта Тұран өлкесінің халқына, жеріне ешкім, ешнәрсе жетпейтінін көрсетеді. Бірінші жолда «Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?» және соңғы жолда «Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?» деген жолдарда ж әріпін қайталайтын аллитерация құбылысы, сонымен қатар е әріпін қайталайтын ассонанс та бар. Шумақ тұтас дерлік синтаксистік параллелизмге құралған. Ақын жер – ел – ер байланысын шығарманың өн бойында алып жүреді. Абай «нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» десе, Мағжан «кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял» деген тың эпитеттерді Тұранның ерлеріне байланысты қолданған.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр атыда,Адамның жүрегіне жігер берер.
Шыңғысханды данышпан, ойы тұңғиық, болаттай жігерлі екендігін суреттейді. Шыңғысханды арыстанға теңеп, есімінің өзін айтқанда шынында да қаһарлы, зор тұлғаны сеземіз.
Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы,Төле, Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Шыңғыстың қол бастаған екі көзі: Жолбарыс, Сұпытай мен көкжал Жебе...
Шыңғысханның тікелей мұрагерлері бәйбішеден тараған төрт ұлын бөріге теңейді. Шыңғысхан Жебе мен Сұпытайды «өзімнің қандас бауырларым, өзімнің сенімді күшіктерім» деп атап, әскер басшысы қылған сенімді серіктері етті[5.465].
Тұранның билері бар Тарағайдай, Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір, Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.
Ақынның «Ақсақ Темір сөзі» деген өлеңінде Ақсақ Темірді нағыз билейтін қолбасшысы екенін айта отырып «Жер тәңірісі Темірмін, Жеріме тәңірім тимесін. Жер тәңірісі Темірдің, Тұқымы – түрік, заты – от!» деген жолмен аяқталады. Бұл өлеңмен осы шумақ сабақтас болып келеді. Ақсақ Темірді – жарқ етіп өте шыққан найзағайға теңейді.
Тұранды мақтамаймын тіпті текке, Онсыз – ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан көкпен, Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.
Асыл қан – қасиетті түрік қаны, Сол қаннан – Ибн – сина Әбуғали.
Молдығы білімнің сиқыр дерлік, Дүниеге мұндай адам туды ма әлі?
Түріктің кім кеміткен музыкасын, Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп, Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Осы үш шумақта ғылымның көзін тапқан, басқа елдің ғалымдарынан озған данышпандарымызбен мақтанады. Ұлықбекті білгіштердің жүйрігіне, Ибн-синаның білімін сиқырға теңеп «дүниеге мұндай адам туды ма әлі?» деп жалпыға сұрай арнайды. Яғни ол Қ.Жұмалиевтің пікірінше: «Сұрай арнаудың бір түрі – риторик сұрау, ойын сұрау, жауап ретінде айтушылық. Риторик сұрау жауапты керек етпейді. Сұрай арнауда жауап беру міндетті болмасада, оқушыға бұл сұрауды неге беріп отыр деген ой түсуі мүмкін. Ал риторикалық сұрауда сұраудың не үшін қойылатындығы оқушыларға түсінікті, әр сұраудың жауабы оқушылардың ойында тұрады» [9.133].
Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа, Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?...
Бұл шумақта да қойылған сұрақтарға жауап күтпейді, өйткені олар жауапсыз-ақ түсінікті сұрақтар, яғни сұрай арнау болып табылады. Соңғы тармақ мән аударарлық. Ерекшелік «қазақ» сөзінің өлеңде алғаш қолданылуы және қазақтың жеке өзіне байланысты тарихқа көшуі. Соңғы тармағында былай дейді: «қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?». Мұндағы қазақтың қара шаңырағы – жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі ордасы. Яғни ол: Тұран, Түркістан, Жетісу, Сырдария, Тянь-Шань.
Арыстан елге отан болған Тұран, Тұранда қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы, Тұранның талай жерін билеп тұрған
Әділ хан аз болады Назардайын, Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен, Басында күлтөбенің Құрылтайын.
Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері, Тұранның тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан, Алаштың арыстаны Абылай ері.
Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме, Түркістан алты алашқа болған кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр, Кешегі ердің ері көкжал Кене
Осыған байланысты атақты түрік қайраткері Мұстафа Кемал Ататүріктің мынадай айтқан сөздері бар: «Түрік баласы ата-бабасын танып білген сайын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат табады» [10.3]. Бұл дәл осы жерде Мағжанға қатысты айтылған секілді. Ақын өз елі үшін жанын құрбан еткен ұлдарын саралап отыр: «Қасым ханның қасқа жолы», Еңсегей бойлы Ер Есім аталған «Есім ханның ескі жолы», қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған жылдарындағы Тәукенің «Жеті жарғысы», қазақ халқының ұлы хандарының реформатор екендігі. Ол заңдар халықтың игілігі үшін қызмет еткен. Тарихтан белгілі Назар немесе Хақназар қырық жылдан астам уақыт өзінің атына сай хақ, әділ хан болған. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген бірауыз сөз қалған. Расында да жоңғарлар бір жақтан, қалмақтар бір жақтан қысқанда Тәуке хан үш жүздің үш биін жинап құрылтай өткізген. «Бірлік түбі – жеңіс» дегендей ауызбіршілік бар жерде қазақ халқы жеңіске жетіп отырған. Сабалақ бала атанып, еліне құт әкелетін данышпан, ақылгөй ұлы ханы болатынын кім білген? «Алаш, алаш болғанда, туырлығымыз киіз, керегеміз ағаш болғанда, бәріміз бір анадан туған болайық » [11;51] деп ұрандаған алты сан Алаш, яғни алты рулы ел қыпшақ, найман, қаракесек, алшын, қоңырат, жалайыр – «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би» [4.247] деп Майқы биді ежелгі атасы ретінде санаған, бірегей ұлт екенін көрсеткен. Кенесары туралы ақын «Сырдағы алашқа» деген өлеңінде былай дейді: «Арқада Бурабайға жер жетпейді, Алашта Кенекеме ер жетпейді».
Шер батса кім іздемес туған елін, Тұлпар да көксемей ме туған жерін.
Арқаның ардагері – қалың алаш, Тұран да, біле білсең, сенің жерің!
Қазақ халқында «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген аталы сөздер бар. Қазақ соңғы сапарға аттанарда да өз елімде, өз жерімде сүйегім қалса екен деп, өлгенде де туған ел, туған жердің қадірін түсінген. Шер бату, уайымнан, мұңнан туған сағыныштың қатты батқанын айтады. Салыстырмалы түрде «Тұлпар да көксемей ме туған жерін?» деп сұрай арнайды. Ол жауапсыз риторикалық айшық десек те болады. Параллелизм үлгісі де бар. Арқадағы қалың алашқа Тұранның қазіргі қайғылы жайын ойлануға шақырады.
Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун, Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасына, Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейтін!
Жыр соңындағы соңғы шумақ, соңғы тармақ «Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейтін!» деп аяқталады. Сөз басында ең алғашқы шумақта мынадай заңдылық айтылды: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға шығу жолы. Осыған дейін жалпыдан жекеге шыққанбыз, Түркістаннан Тұранға көшіп оны жеке-жеке бөліп, шашып, барлық дүние қамтылған. Енді дәл осы жерде, керісінше, жалпыдан жекеге қайту, яғни Тұраннан Түркістанның дәл өзіне, нақтылай айтса, дәл осы қаладағы дара үлгі өнегесімен бүкіл түркі жұртын ислам іліміне бағыттаған, бұдан кейінгі танымы мен түсінігін қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қылуетке түсіп, дүниенің ақиқатына жетуін мұрат еткен ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауидің қасиетті бейітіне қайтамыз. Түркістан – тұтас, ортақ, жалпы бірегей шежірелі өлке екеніне ақын көзімізді толық жеткізгенін түсінеміз. Сөз соңында ақынға мынадай шынайы баға берілгенін айтқымыз келеді: «Мағжан – қазақ халқының ғана емес иісі түркі дүниесінің ұлы дауылпазы» [2.4]. Мағжан шығармашылығы қазіргі таңда миллиондаған ұрпақтардың тәуелсіз жүректерінде мәңгі жасай берері хақ.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ахметов З. Шаңбаев Т. Әдебиеттану терминдер сөздігі.” Ана тілі”. А., 1998

123
скачать работу

Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің көркемдік ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ