Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махмұд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

деп аталады. «Әртішмәк» етістігінің түбірі "Әртіш - Ерту" болады. "Судан кім тез ерітер" мағынасында қолданылған – деп хабарлайды.
Қашғари көрсетуіңде түркілер үлкен өзендердің барлығын Жейхун деп атаған. Ал Іле өзені түркі елдерінің жейхуны. Екі жағалауыңда түркі тайпаларының яғма, тахси рулары мен жігілдің бір тобы өмір сүреді. Ғалымдар Қашғари "Сөздігінде" келтірілген географиялық объектілердің Тянь-Шань мен Жетісу аймағына катысты көпшілігінің /Бедел, Шамси, Торуг, Арт асулары, Ақсай мал жайылымы, Қазақ жер аты, Куча, Үзгенд қалалары, Ісігкөл, Сізіңкөл секілді көл аттары т.б./ атаулары күні бүгінге дейін өзгеріссіз қодданып келе жатқанын хабарлайды /.../.
Бүгінгі күннің талап-тірліктеріне орайлас келіп, ұштасып жатқан білім мен тәрбие беру жагдайында ескерілуі аса кажет деректердің біркатары өлкеміздің өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты деректер. Қашғари көрсетуінде:
Бұлан - қыпшақ елінде көп кездесетін ірі аң. Оны адамдар аулайды. Бұланның іші кекеуек, аспанға карай тарамдалып тұтатын жуан мүйізі бар.../.../. Кәкрә - түйе жейтін ащы кекіре /.../. Қызқуш-қызғыш, адамның төбесінен жанап ұшатын құс /.../. Арқар - арқар. Мүйізінен пышаққа сап жасалады /.../. Суғр - суыр, терісінен ішік тігіледі /.../. Күзен - торғай мен дала тышқанын аулайтын жәндік, тышқан тектес жөндік - сасық күзен /.../. Лачын - лашын. Осы түста автор батыр жігіттерді де Лашын дейді, - деп батырлықты лашынға, қыранға балап қастерлеген халық дәстүрін еске алады /.../. Құлан - жабайы есек /.../. Қарақан - тауда өсетін қараған /.../. Иандақ: йандақ тікен - жантақ тікен /.../. Қашғалақ - үйректен кіші су құсы, қасқалдақ /.../. Табиғат жағдайларындағы /әсіресе, территорияның сыртқы өзгешелігін байқататын/ бұл белгілерге айрықша назар аударып, олардың мазмұнын ғылыми тұрғыда байытып, тереңдетіп түсіңдіруге әрекет жасаған Қашғари бағыт-бағдары қайран қаддырады.
"Иірі болса ер өлмес". Иір - іш ауруына пайдалынатын емдік тамыр - деп хабарлайды келесі бір түста автор оның ерте кезден-ақ адам баласы қажетіне жаратып келген шипалық қасиетіне тоқталып. Шығарма беттерінен ата мекенімізде кездесетін қарсақ, дуадақ, бүркіт, өлең шөп, қамыс, бұлғын, құндыз. секілді өзге де аң, құс, ағаш, шөп атаулары, олардың табиғат пен адам тіршілігіндегі орны жайлы сан түрлі материалдарды кездестіруге болады.

Құстың жаманы сауысқан,
Ағаштың жаманы азған /итмүрын/.
Жердің жаманы қазылған,
Адамның жаманы барсыған /дықтар/.
Құстың жаманы сауысқан болса, ағаш тектес өсімдіктің жаманы итмұрын – деп көрсетеді автор итмұрынның отын ретіндегі жарамсыздығы жайында. Итмұрынның ақ, сары гүл ашатын маржандай тізілген қызыл миуасы бар өсімдік. Біздің жақта мүны бақшаның айналасына егеді. Ол отынға жарамайды. Жақсаң ұшқындары шашырап киім-кешек пен үй мүліктерін күйдіріп жібереді. Жердің жаманы ойлы-шүңқыр қазылған, батпақты жер саналады. Өйткені оңдай жерлерге шатыр тігуге, егін егуге болмайды. Адамның ең жаманы барсығандықтар. Себебі, олардың мінезі жаман, өздері опасыз келеді /.../. Өлкетану жайында түсініктер қалыптастыруда өзіндік орны бар біртуар ғалым мәлімдемелері осылайша жалғасып кете береді. Қорыта келгенде, ортағасырлық дерек көзі табиғаттың адам тіршілігіндегі ролін жете бағалап, онымен үйлесімді өмір сүре білтен бабалар іс-әрекетін айкын бейнелеп, олардын күнделікті еңбек және тұрмыстық қызметінде басшылыққа алған табиғатты аялаудағы мінез-қүлық ережелерімен таныстыруда тендесі жоқ оқу-тәрбие қүралы.
"Сөздік" материалдарын оқып үйрену жастардың халықтың табиғатты қастерлеу салт-дәстүрлерінің тарихи мәнін терең түсініп, оны жалғастырушы лайықты мұрагері болуын өзінің басты парызы ретінде сезінуіне ықпал ететіндігі даусыз.
Еңбектің ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын пайдалану бүгінгі күннің талап-тілектеріне орай қалыптастырылуға тиіс, "табиғат-адам-қоғам" бірлігі жөніндегі ұғымды терендетіп түсіндіруде белсенді роль аткарады; табиғаттағы адам әрекетін нақты мысаддар арқылы ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Қашғари қелтірген географиялық мәліметтер XI ғасыр ескерткішін туған өлке жайлы ғылыми білімдерді кеңейту көзі ретінде қарастыруға жағдай туғызады, олардың мазмұнын оқып үйрену Отанға сүйіспеншілік, табиғатқа, оның түрлі байлықтауына жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеуте жөрдемін тигізеді.
"Табиғат-адам-қоғам" қарым-қатынасы процесіндегі эстетикалық, өнегелілік құндылықгарды идеялық тірек еткен Қашғари шығармашылығының бүгінгі заман адамдарының экологиялық білімін, сана-сезімі мен мінез-күлық бірлігін қалыптастырудағы практикалық мәңділігі де аса көңіл қоярлык, Демек, осыңдай педагогикалық ғылым мәнге ие тамаша туындыны білім мен тәрбие берудің қазіргі кездегі міндеттерін шешуде пайдалану кезек күттірмейтін мәселе. Бұл өз кезегінде "Сөздіктің" бүгінгі оқылатын түрлі пәңдер күрылымы мен мазмүны, оқу бағдарламаларымен үндесетін білімдік-тәрбиелік қызметке ие материалдарын іріктеп, жүйелеу, яғни оның оқу-тәрбие процесінде қолданылу тәртібін белгілеу міндетін жүктейді.
Профессор А.Н.Кононов озінің еңбектерінде Махмұд Қашғаридың ең алдымен туған халқына жақын болғандығын әділ атап корсетеді. Шындығында да халыктың өмірін жан-жақгы және терең танып білуге ықпал еткен факторлардың бірі Қашғарлық ғалымның түркілер омір салтына зерттеушілік тұрғыдан келуі болатын. Ұлы педагог халықтар өмірін оқып үйренудің, халықтардың этникалық ерекшеліктерін оның этникалық тәрбиесімен байланыста қарастырудың тамаша үлгісін қалдырды. Бала және оның тәрбиесі, тәрбиемен байланысты салтгар мен әдет-ғұрыптар, халықтық мейрамдар, адамға туған табиғаттың көркемдік ықпалы - мұның бәрі Қашғари ерекше назар аударған тақырыптар. Ұстаз халықтың ауызша шығармашылығын және мұнда көрініс тапкан педагогикалық тәжірибені жоғары бағалады. Ол ғылыми көзқарастың өкілдері халықка білім таратып, идеялық жоғары дәрежеге жеткізем десе, алдымен оның "ішкі өмірін" білуге міндетті екенін тура көрсетті. Бұл тұрғыда ғалым өзі өнеге болған еді, оның халыққа деген ыстық сезімі мен ықыласы, ең алдымен, "Түркі тілдерінің ерекшеліктері" жөніндегі шығармасында белгі берді. Қашғарлық ғалым жинақтаған әңгімелер, өлеңдер, аңыздар, жырлар мәңділігі женінен түркілер көркем әдебиеті бастауы болып шықты. Әрбір келтірілген осы мысалдарды автор түркі фольклоры – макалдары мен мөтелдерден алынған мінез-кұлық қағидалары үлгілермен толықтырып отырды. Мұның өзі шығарманың логикалық аяқталуын күшейтті.
Этнопедагогикалық тұрғыда автордың этностық мінез сипаттарын қозғалмалықта дамуда; тәрбиемен, халық өмірінің тарихи жағдайларымен тығыз байланыста қарастыруы қызығушылық тудырады. Түркілерге сүйсінушілік қарым-қатынастың қисындылығы жайлы Баласағүниның ойын толық қуаттаушы ол былай деп арнайы атап көрсетеді: "Түркілер көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделеріне берік түратын мәрт жөне сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашык-жарқын жандар". Аса бай рухани мәдениетті автор қоғамдық өмірдің жоғары дамуымен байланыстырады, өмір қүқықтарын жаңғыртуға ұмтылыс пен әрекетшілдікте деп бағалайды. Халықтық қағидасын жүзеге асырып дамытуда Кашғаридың сіңірген еңбегі үлкен, ол педагогикалық қазынаға тек түркі халықтары үшін ғана емес, әлемнің өзге халықтары үшін де мәні зор үлес қосты. Әсіресе, Кашғарлық ғалымның түркілердің өз ішіндегі озық педагогикалық күштерді рухани біріктірудегі, идеялық топтастырудағы қызметі айтарлықтай. Қалай болғанда да отаңдық педагогтар Кашғаридың жолын ұстағандар болды: Ахмет Жүйкени тілді - этностың туы десе, Қожа Ахмет Яссауи тіл оның - жаны деп атайды. Тіл мен сенім халықты жалғайды, біріктіреді. Өз тілінді өзгерт, нанымыңнан бас тарт. Соңда сен қай халыққа жататыныңды айта аласың ба? - деп жазады Бақырғани (Хакім ата).

З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»

12
скачать работу

Махмұд Қашғари еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ