Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

і мен уақыты. Жеке және асыл тұқымды шаруашылықтарда шағылыстыру науқанының жүргізілуі және дайындалу технологиясы.

Бағу және азықтандыру. Азықтандыру жағдайының әсері, жыныстық белсенділік пен айғырлардың ұрығының сапасы.

Құлынды өсіру технологиясы. Төлдің өсуі мен дамуын бақылау. Еркек құлынды пішу (кастрация), жасы, оларды таңбалау.  Құлынды енесінен айыруға дейін өсіру, құлындарын емізетін биелерді және емуші-құлындарды үстеме азықтандыру.

Жылқының жұмысқа төзімділік сапасы мен олардың қолданылуы.

Әр түрлі табиғи экономикалық аймақтарда тасымалдауға және ауыл шаруашылық өндірісінде жылқыны жұмысқа пайдаланудың түрлері. Жылқының жұмысын жоспарлау және есептеу. Жұмысшы жылқылардың жүктемелерін есептеу және олардың өндіру мөлшерлері.

Өнімді жылқы шаруашылығының технологиясы.

Жылқының ет өнімділігі. Еттің химиялық құрамы, сіңімділігі, жылқы етінің дәмдік сапасы мен қоректілігі. Қосымша шикізаттар мен жылқы етінің қайта өңделуі.

Жылқының сүт өнімділігі. Әр түрлі тұқымға жататын биелердің сүт өнімділігін бағалау және оларды анықтау тәсілдері. Қымыз өндіру технологиясы.

Табынды жылқы шауашылығының технологиясы.

Табынды жылқыны өсіру. Жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдерде жылқыны табында ұстау. Құлынды таңбалау.

Жылқыны ат жарысы алаңдарында сынау, тренинг технологиясы.

Жылқыны ат жарысы алаңдарында сынау және тренингі. Әр түрлі тұқымдарға жататын жылқыларды ат жарысы алаңдарында сынаудың техникасы мен тәртібі.

Жылқы спорты және жылқы туризмі.

Жылқы спортының түрлері. Ұлттық спорт ойындары. Пони-клубтары мен жылқы-туристік базалармен жұмыс жүргізу, оны ұйымдастыру.

Жылқы шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру ісі.

Жылқыны өсіру әдістері. Жылқы зауыттары, табынды жылқы шаруашылығындағы жұп таңдау және сұрыптау.

Жылқыны бонитировкалау.

Асылдандыру ісі. Тұқыммен жүргізілетін селекциялық-асылдандыру ісін жоспарлау және оларды құру. Жылқыны асылдандыру есебін жүргізу.

 

Құс шаруашылығы, құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Ауыл шаруашылық құстарының дене бітімі және экстерьері.

Өнімділік бағыты әр түрлі құстардың дене бітімі мен экстерьері.

Ауыл шаруашылық құстарының өнімділігі.

Жұмыртқа өнімділігі. Құстың жұмыртқа өнімі. Жұмыртқаның химиялық құрамы және құрылысы.

Ет өнімділігі. Ет бағытындағы құстардың төлінің бойының ерекшелігі. Химиялық құрамы, еттің дәмдік сапасы мен қоректілігі.

Құстың өз төлін ұдайы өндірудің сапасы. Құстың өнімділік деңгейі мен төлін ұдайы өсірудің арасындағы байланыс.

Ауыл шаруашылық құстарының тұқымдары.

Ауыл шаруашылық құстарының түрлері. Құс тұқымдарының жіктелу принциптері. Тауық тұқымдары. Қаздардың тұқымдық топтары мен тұқымдары.

Ауыл шаруашылық құстарының дамуы.

Құстарды өсіру әдістері. Құсты таңбалау. Құсты жасанды ұрықтандыру. Асыл тұқымды репродуктивтік шаруашылықтарда құсты ұстаудың ерекшеліктері. Асылдандыру есебін жүргізу.

Ауыл шаруашылық құстарының инкубациялық жұмыртқалары.

Жасанды инкубация. Инкубация жұмыртқасына қойылатын талаптар. Инкубацияға арналған сұрыптау. Жұмыртқаны калибрлеу. Жұмыртқаны инкубациялау алдында өңдеу.

Инкубацияны биологиялық бақылау. Биологиялық бақылаудың әдістері. Инкубация көрсеткіштерін есептеу.

Ауыл шаруашылық құстарының табынды толықтырушы төлдерін өсіру.

Төлді өсіру әдісі. Табынды толықтырушы төлді өсіруге арналған орындар мен құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы.

Ересек құсты өсіру.

Өсіру әдістері. Ересек құсты өсіруге арналған орындар мен құрал-жабдықтардың технологиялық сипаттамасы.

Құсты азықтандыру ерекшеліктері.

Азықтандыру мөлшері. Азықтандыру мәзірлері, құсты азықтандыру режимдері мен типтері, олардың арасындағы логикалық қарым-қатынас.

Жұмыртқа өндірудің технологиялық үрдістері.

Жұмыртқа өндірудің технологиялық сызбанұсқасы. Технологиялық кесте. Азықтық жұмыртқаны өңдеу, азықтық жұмыртқаның сапасына қойылатын талаптар.

Құс етін өндірудің технологиялық үрдістері.

Бройлер балапандарын өсіру. Кейбір цехтардың жұмыс жағдайы мен ерекшеліктері. Бройлер балапандарын өсіруге арналған құрал-жабдықтар.

Құстың басқа түрлерінің ет өнімдерінің ерекшеліктері. Құстарды өңдеу және сою. Тірі құстың стандарты. Құстарды өңдеу және союға арналған құрал-жабдықтар.

 

Емтихан сұрақтарының тізімі

Пән: Ірі қарамал шаруашылығы, ет және сүт өндіру технологиясы

  1. Өндірушілерді толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.
  2. Ірі қарамалдың ұшасын сорттап бөлу.
  3. Ірі қарамалдың етті тұқымдарын бонитировкалауды ұйымдастыру.
  4. Малдың сүтті тұқымдарының экстерьерлік кемшіліктері.
  5. Ірі қарамалдың дене бітімінің типтері.
  6. Өлшемдер көмегімен ірі қарамалдың тірі салмағын анықтау.
  7. Сүтті малды бонитировкалау.
  8. Мал шаруашылығындағы өндірістік және асылдандыру есебі.
  9. Ірі қарамалды экстерьерлік бағалау әдісі.
  10. Сиырларды суалу кезеңінде және бұзаулағаннан кейінгі кезеңдерде толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.
  11. Қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінде ірі қарамалдың төлдерін бордақылау, жетілдіру және өсіру кезінде қойылатын негізгі технологиялық талаптар.
  12. Ірі қарамалдың сүт өнімділігінің негізгі көрсеткіштері.
  13. Сүт өндірудің ағымды-цехтық жүйесін енгізу кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру.
  14. Ірі талшықты азық және олардың сипаттамасы, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мөлшері және қоректелігі.
  15. Ірі қарамалдың табын айналымын құру.
  16. Қазақстан Республикасында сүтті малды жақсарту үшін қолданылатын ірі қарамалдың әлемдік ең жақсы тұқымдары.
  17. Шаруашылықтағы сүтті алғашқы өңдеу және оларды бақылау әдістері.
  18.  Сүтті малды бонитиовкалауды ұйымдастыру.
  19. Сүт сауымын әр мал басына жеке жоспарлау.
  20. Етті мал шаруашылығындағы «Сиыр-бұзау» технологиялық жүйесі.
  21. Ауыл шаруашылық малдарының қоңдылығын анықтау.
  22. Ірі қарамалдың өсу, даму және ет өнімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.
  23. Таңбалау фомалары және етті таңбалаудың тәсілдері.
  24. Қостанай обылысында ІҚМ тұқымын жоспарлы түрде жетілдіру және дамыту.
  25. Сүтті тұқымға жататын өндіруші-бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.
  26. Ауыл шаруашылық малдарының өнімділіктерінің қалыптасу ерекшеліктері.
  27. Етті малды бонитировкадан өткізу.
  28. Етті тұқымға жататын өндіруші-бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау әдістері.
  29. Қашарларды бұзаулатуға дайындауды және алғашқы рет бұзаулаған сиырларды сүтейтуді ұйымдастыру.
  30. Екпінді сүт өндіру технологиясы шарттарында селекциялық жұмыстарды ұйымдастыру.
  31. Сүтті малдың табынды толықтырушы төлінің өсімін жоспарлау.
  32. Мал шаруашылық фермалары мен кешендерінің микроклиматы және оларды оңтайландыру жолдары.
  33. Сиырларды машинамен саууға жарамдылығы бойынша бағалау.
  34. Сиыр желінінің морфо-функционалдық құрамын анықтау.
  35. Сүтті кезеңде бұзауларды қолмен және топтық-емізу әдістері.
  36. Цехтағы бұзаулаған сиырларды бағу ерекшеліктері және гигиенасы.
  37. Ірі қарамалдың сүтті тұқымдарының табынды толықтырушы төлдері мен бұзауларының толық құнды азықтандыруын ұйымдастыру.
  38. Мал шаруашылығындағы стрестік жағдайлар.

 

Пән: Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін және елтірі өндіру технологиясы

1. Буаз, емізуші және қысыр саулықтарды толық құнды азықтандыруды ұйымдастыру.

2. Ұсақ қарамалдарды (қой, ешкі) сою және алғашқы өңдеу.

3.  Қой терісінің, былғарының және тонның ерекшеліктері.

4. Қойды қыста бағу және азықтандыруын ұйымдастыру.

5. Қазақстандағы негізгі жоспарлы қой тұқымдары және олардың қысқаша сипаттамасы.

6. Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру.

7. Қойдың сүт өнімділігі, қатты ірімшік өндіру үшін қолданылатын қой сүтінің  маңызы.

8. Қойдың ет өнімділігі, ет өнімділігінің көрсеткіштері.

9. Солтүстік-қазақ қой тұқымының технологияға бейімділігі.

10. Қой мен ешкі етін таңбалау тәсілдері және түрлері.

11. Еділбай қой тұқымының технологияға бейімділігі.

12.  Жас төлдерді етке өсіруді жоспарлау.

13. Қойды жайып-семірту және бордақылауды ұйымдастыру.

14. Малдың азықтарын профилактикалық тексерістен өткізу.

15. Қойды қырқу мен оның уақыты.

16. Қойлардың өмір сүру ұзақтығы және оларды шаруашылықта пайдалану мерзімі.

17. Қозыны енесінен айыру технологиясы (ерте айыру).

18. Қазақтың құйрықты қой тұқымдары.

19. Гиссар қой тұқымы.

 

Пән: Жылқы шаруашылығы, жылқы етін және сүтін өндіру технологиясы

 1.Жылқы шаруашылығының өнімдерін өндіру және олардың адамның қоректенуінде алатын орны (қымыз, жылқы еті).

2. Қымыз, оның химиялық құрамы және диетикалық-емдік өнім ре

1234
скачать работу

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ