Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәтінді өңдеу

   сол жақ шетке қарай туралау – жәй құжат мәтіндерін тергенде қолданылады;

-         оң жақ шетке қарай туралау – колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын бетердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде;

-         жол ортасына қарай туралау – тақырыптар жазғанда;

-         екі жақ шеттін де туралау – іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлауға пайдаланылады.

Табуляция - әрбір абзац алдында тұрақты азат жол дайындау үшін және мәтінді бірнеше бағана түрінде кестелеп жазғанда, сол бағаналарға жылдам өту үшін қолданылады.

Жол арасындағы интервал – жолдардың ара қашықтығын тағайындайды.

Абзацты форматтау тәсілдері

Жаңа құжат дайындағанда үлгі (шаблон) парамертрлері (хаттар, есеп беру құжаттары) пайдаланылады. Олар жаңа форматтау парамертрлерін енгізгінше сақталады. Егер «Кәдімгі» (Обычный) үлгіні пайдаланып құжат даярланса, онда кәдімгі стиль пайдаланылады. Бұл стиль бойынша абзац сол жақ шетке қарай тураланады.

Абзацты мәтін енгізілген соң немесе оған дейін де форматтай беруге болады. Мәтінді форматтау үшін оны ерекшелеу керек. Тек бір абзацты форматтау үшін, оның алдында  курсорды сол абзац ішіне орналастырса болады.

Word редакторы абзацты  форматтаудың мынандай тәсілдерін ұсынады:

-         Формат – Абзац командасы – сұқбат терезесінің абзацты форматтаудың қажетті парамертрлерін тағайындайды;

-         Контекстік менюдегі Абзац командасы (тышқанның оң жағын басқанда) алдыңғы пунктегі команда әрекетін қайталайды;

-         «Форматтау» саймандар тақтасындағы - әр парамертрді тағайындауға сәйкес саймандардың түрін басу арқылы орындалады. Бір әреке арқылы, бір ғана параметрді тағайындауға болады. Егер форматтаудың бір элементін өзгерту керек болса, бұл тәсіл басқа тәсілдерге қарағанда жылдам жүзеге асырылады;

-         Көлденең белдеу (сызғыш) – шегініс пен табуляция позицияларын тағайындауға пайдаланылады;

-         Пернелік командалар – «Форматтау» саймандар тақтасындағы саймандардың түрі секілді формат парамертрлерінің бірін жылдам өзгерте алады.

 

Формат менюінің контекстік менюінің Абзац командасы

Форматтаудың бірнеше парамертрлерін тағайындау үшін «Абзац» сұқбат терезесін пайдаланған жөн. Бұл терезені ашу формат менюінен немесе контекстік менюден Формат – Абзац командасын таңдау керек. Мысалы, осы команданың «Шегіністер мен интервалдар» деп аталатын парағы форматтың төмендегідей абзац парамертрлерін тағайындауға мүмкіндік береді:

-         абзацтың бірінші жолының шегінісін;

-         жолдардың арасындағы интервалды;

-         абзац алдындағы және соңындағы аралықты;

-         мәтінді сол жағы, оң жағы, ортасы немесе ені бойынша туралауға;

-         табуляция парамертрлерін тағайындайды.

Осы әрекеттер «Табуляция» сұқбат терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені Формат – Табуляция командасын таңдау немесе «Абзац» терезесінен  «Табуляция» сайманның түріне басу арқылы ашуға болады.

 

«Форматау» - саймандар тақтасының құралдары

«Форматтау» саймандар тақтасы абзац форматының нақты парамертрін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін керекті абзацты ерекшелеп алып, саймандар тақтасындағы керекті сайманның түріне тышқанмен басу керек.

Саймандар тақтасындағы алғашқы үш элемент  - Стиль, Қаріп және Қаріп мөлшері. Өрістердің оң жақтағы бағыттауышын саймандар түріне басқанда үш түрлі тізім шығады, олардың ішінен шрифт типтері мен оның мөлшерін таңдап алуға болады. Жартылай қарайтылған, курсив және асты сызылған атты саймандар түрі арқылы жиі пайдаланылатын сызылымдарды тағайындауға  болады. Символдарды тағайындауға жататын соңғы элемент – түс, ашылатын тізімінің көмегімен ерекшеленген мәтін фрагменттерінің фонын тағайындауға болады.

Форматтау кезінде мәтін фрагментін ерекшелеп, тиісті саймандар түрін басу арқылы керекті парамертрлерді тағайындауға болады. Бұл жағдайда, тек ерекшеленген фрагменттің ғана шрифт параметрі өзгереді, ал қалғандары өзгеріссіз қалады. Осы тәсілмен мәтін абзацтарын ерекшелеп, саймандардың орналасқан элементтері арқылы олардың сол жақ шеттерін немесе екі шеттерін де туралап, тақырыптарды ортаға жылжытып қоюға болады.

 

Абзацтарды туралау

 

Жолдың екі шетін бірден туралау жиі кездесетін форматтау түрі болып саналады. Жолдағы сөздердің арасындағы қашықтықтар бірдей болып орналасып, мәтін әрбір ыңғайлы күйіде бейнеленеді.

Формат – Абзац – Туралау (Выравнивание) командасын арқылы туралау бүкіл мәтінге қатысты деп есептеледі.  Меню командасы көмегімен туралау режимін тағайындау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

-         шеттер туралануға тиіс бір немесе бірнеше абзацты ерекшелеу, егер тек бір абзацты туралау қажет болса, курсор сол абзацта тұрса жеткілікті;

-         Формат – Абзац командасын таңдап «Абзац» сұқбат терезесін ашу керек;

-         Туралау өрісіне басып, экранда туралау түрлерінің тізімін ашу керек;

-         Туралау түрлерінің керектісін таңдап, ОК- басу керек.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.                                   Байжұманов М. Қ., Жапсарбаева Л. Қ. Информатика.    Астана - 2004

2.                                   Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы.      Алматы - 2002

3.                                   Балпанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы – 1999

4.                                   Балпанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Мадиярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы - 2000

5.                                   Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Информатика. Алматы: «Жазушы» - 2002

6.                                   Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум.     Алматы – 2000

7.                                   Кушниренко А. Г., Лебедев Г. В., Сворень Р. А. информатика мен есемтеуіш техника негіздері. Алматы - 1998

8.                                   Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері. Алматы: «Ғылым» - 2002

9.                                    Халықова К. З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім» - 2000

12
скачать работу

Мәтінді өңдеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ