Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Майда еритін витаминдер

ір-бірінен бүй­іріндегі изопрендік тізбегі бойынша айырмашылықтары бар. К1витаминінде фитол спиртінің (C20) қалдығы болса, ал К2 вита­минінде дифарнезилдің (С30) қалдығы бар. К1 мен К2 витаминдері­нің құрылымдық формулалары төмендегідей:

К1 витамині 1939 жылы синтетикалық жолмен алынды. Наф­тохинонның басқа туындылары да К витаминіне тән физиология­лық қасиеттерге ие. Солардың ішінде кең қолдану тапқаны 1942 жылы А.П. Палладин синтездеген метилнафтохинонның суда еритін бисульфидтік туындысы – викасол.

Филлохинонның жасанды түрде синтезделінген аналогтары­на викасолдан басқа метинон мен фтиокол да жатады. Бұл заттар жоғарғы биологиялық активті заттар болып есептеледі. Фтиокол алғаш рет пигмент түрінде бактериядан бөлініп алынып, 1933 жылы жасанды түрде синтезделеді.

К1 сарылау түсті қоймалжың, май тәріздес, 115-145°С қай­найтын, суда ерімейтін, қыздыруға, сілтілік ортаға, күн сәулесіне төзімсіз зат.

Квитамині сары түсті, 540°С балқиды. К1 витаминіненде төзімсіз кристалды зат.

К3 витамині сары түсті 106°С балқитын, суда ерімейтін, эфир мен спиртте еритін ұнтақ.

Биомедициналық қызметі

К витамині химиялық құрылысы жағынан хинондар тобына жатады, организмде хиноидты құрылым гидрохинонға айнала алады, сутегіні тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне қаты­сады:

К1 витамині қан тамырларының қабырғасын тығыздап, берік­тендіреді, ол бауырда фибриноген, протромбин, конвертин сияқ­ты қан ұюына қатысатын белоктардың түзілуіне әсер етеді.

К витамині авитаминозында қанда жоғарғы аталған белок­тардың, бұлшық еттерде АТФ-тың мөлшері азайып, қан ұю проце­сіне қатысатын ферменттердің активтігі төмендейді.

Қанның ұюы төмендеп, қан тамырлары қабырғаларының бе­ріктігі нашарлауынан ішкі органдарға қан құйылып, тері жарақат­танғанда қан көп кетіп, қан азаю (малокровие) ауруына шалдығу қаупі төнеді.

К витамині жетіспегенде организмдегі тыныс алу процесі тө­мендейді.

Адам үшін К витаминінің негізгі көзі қырыққабат, қызанақ, асқабақ, өсімдіктердің жасыл бөлігі, бауыр, т.б. тағамдар.

К витамині ішек микроорганизмдері әрекетінің нәтижесін­де түзілетіндіктен авитаминозы сирек кездеседі, тек ішектің сіңіру процесі төмендеп, бауыр және өт жолдары зақымданғанда ғана байқалады.

Q витамині (убихинон)

Коэнзим — Q (кофермент Q; KоQ), өте көп тараған кофермент болып есептеледі, сондықтан  убихинон (желаяқ хинон) деп те аталады.

Химиялық тұрғыдан убихинон: 2, 3 – диметокси – 5 – метил – 1,4 – бензохинон. 6-шы көміртек атомында изопрен тізбегі бар, бұл тізбектегі изопреннің саны әр организмде 6-дан 10-ға дейін болады.

Адам және жануар организмінде 10 изопрендік тізбегі бар убихинон кездеседі. Убихинон суда ерімейді.

Убихинон барлық тірі организмдерде кездеседі. Клеткада ми­тохондрияда шоғырланған. Бұл кофермент ұлпалардағы тыныс алу процесінде электрондар мен протондарды тасымалдауға қатысады:

КоQ негізгі витаминдерге жатпаса да, нашар тамақтанудың салдарынан авитаминозы пайда болатыны белгілі болды. Бала­лардың асында белоктардың жетіспеуінен туындайтын анемия, В12 және фоль қышқылы витаминдерін қолданғанда оңалмаса, КоQ берген кезде ғана жазылады. Убихинон бұлшық ет дистро­фиясында, жүректің қалыпты жұмыс істеуі нашарлағанда да қол­данылады.

Ғ витамині (қанықпаған май қышқылдары кешені)

Ғ витамині құрамына қанықпаған линол, линолен, арахидон қышқылдары енеді. Биологиялық жағынан арахидон мен линолен қышқылдарының әрекетшілдігі басым және линолен қышқылы линол қышқылының әсерін күшейтеді.

Гоген мен Гантер 1928 жылы бұл үш қышқылды витамин деп қарауды ұсынады:

Биомедициналық қызметі

Адам организмінде Ғ авитаминозы әлі белгісіз, бірақ иттер мен егеуқұйрықтарда Ғ авитаминозы олардың терісін құрғатып, жүнін түсіреді, бойларын өсірмей, салмағын жоғалтады, егеуқұй­рықтардың құйрығының ұшы түседі.

Адам мен жануар организмдерінде Ғ витамині майлардың алмасуына қатысады, холестеролдың алмасуын реттеп атеро­склероз ауруынан сақтайды.

Соңғы жылдары арахидон қышқылынан жаңа типті гормон­дар –простагландиндер түзілетіндігі белгілі болды.

12
скачать работу

Майда еритін витаминдер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ