Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мектеп гигиенасы

ге болмайды. Тек қана баланың жасына лайықты мөлшерде ғана жүк тасуға болады. 5-8 жаста — 4 кг, 9-10 жаста — 6 кг, 10-12 жаста — 10 кг, 13-15 жаста — 14 кг, 16-17 жаста — 24 кг жүкті көтеруге болады.

Тез қозғалатын бөлшектері бар станоктармен, электр аспаптарымен жұмыс  істегенде жұмыс  қауіпсіздігін мұқият  сақтаған жөн.

Бастауыш сынып оқушылары шеберханада шаршамау үшін әрбір 15 минөт сайын 2-3 минөттей, ал жоғарғы сынып оқушылары 40-45 минөттен соң 10-15 минөт үзіліс жасап отыруы керек. Еңбек сабағының мұғалімі жұмыс  кезінде балалардың, әсіресе іс тіккен, тоқыма тоқыған қыз балалардың денесін дұрыс  ұстауына көңіл бөлуі қажет.

Жастар үшін таза ауада ауылшаруашылық еңбектерімен шұғылдану  өте пайдалы, бірақ балаларға ыстықта күн өтпейтін жағдайды қарастыру керек. Ашық ауада еңбек ету үшін жаздың ыстық айларында таңғы 7-11 сағат, кешкі 17-20 сағат аралығы қолайлы. Ауыл шаруашылық жұмысын да 5-6-сынып оқушылары — 2 сағат, 7-8-ші сыныптағылар — 4 сағат, 9-11 сынып оқушылары — 6 сағаттан еңбек етсе жеткілікті. Оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеспейтін, денсаулығына зиян келтіретін, мысалы, мал қора тазалау, ауру малды күту, бағу, улы химикаттармен жұмыс  істеу сияқты жұмысқа салуға болмайды.

Спорт залының ауданы мектептегі оқушылар санына сәйкес әр оқушыға 4 м2 есебінен бөлінеді: 192, 320, 624 орындық мектептерде 162 м2 (9×18), 784 және 1176 орындық мектептерде 288 м2 (12×24), одан ірі мектептерде 2 зал: 1568 орындық мектепте 144 м2 (12×12) және 288 м2 (12×14), ал 1960 орындық мектепте 144 м2 және 450 м2 (15×30) залдар болуы керек. Спорт залдарының биіктігі 5-6 м. Спорт залының қосымша бірнеше бөлмелері болады: ер балалар мен қыздарға арналған және киім шешінетін бөлмелер. Спорт залына шектес спорт жабдықтарының кішкентай қойма-бөлмесі болады.

Спорт залы оқу бөлмелерінен оңаша орналасқан мектеп кешенінің жеке бір қанатының бірінші қабатында орналасады. Оның есігі жеке дәлі  арқылы немесе киім шешетін бөлме арқылы өтеді. Спорт жабдықтарының бөлмесі мен спорт залының аралығында екеуін байланыстыратын есігі болады.

Спорт залының жылылығы 15-17 °С, киім шешетін бөлмесінде 19-22 °С. Спорт залдарына, жабдықтарына арналған талаптар бойынша спорт жабдықтары балалардың жасына және  бойына лайық болу керек.

Барлық мектептердің үлкен мәжіліс залы болады. Кейбір жаңа мектептерде ғана оған шектес кино, радио аспаптарына арналған қосымша шағын бөлме болады. Оның ауданы шамамен 12 м2.

Мектептегі демалу орындары әрбір оқушыға 0,42-0,75 м2 есебінде беріледі. Демалыс орындарына арнайы бөлмелер, дәліздердің кең жерлері, оқушылар бұрышы т. с. с пайдаланылады.

Мектеп кітапханасы мен оқу және дайындалу залына әр оқушыға 0,05 м2 есебінен орын береді. Ол орындар арнайы гигиеналық талаптарға сәйкес болу керек.

Оқушылардың тамақтану орындары асхана, буфет, ас дайындау бөлмесі, ас қоймасы, ыдыс жуатын орын балаларды толық (100 %) тамақтандыруға сәйкес болу керек. Асхананың ауданы әр орынға 0,65-0,70 м2 есебінен бөлінеді. Мұндай  асхана төрт кезекпен барлық оқушыларды толық тамақтандыруға арналған. Оқушыларды тамақтандыру орындарына арналған өз гигиеналық талаптары болады. Олардың орындалуын арнайы құрылған  комиссиялар тексереді және мезгіл-мезгіл санитарлық эпидемиологиялық станциялардың қызметкерлері тексеріп бақылауына алады.

Киім ілгіш-гардеробтар екі бөлмеден тұрады: шешінетін жер — фойе және киім ілгіш-гардероб. Олардың жалпы ауданы 0,20-0,25 м2 есебінен алынады. Гардеробтағы киім ілгіштерді терезеге перпендикуляр түрінде орналастырады. Мұндай  жағдайда киімнің түсі жақсы көрінеді. Әрбір киім ілгіштің арасы 15 см болуы керек. Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының жеке гардеробы болады немесе сынып бөлмесіндегі шкаф-нишаларды пайдаланады.

Жуынатын бөлме және дөретхана мектеп кешенінің әр қабатында орналасады. Бұл бөлмелердің ауданы әрбір оқушыға 0,12 м2 есебінен бөлініп алынады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны 12 м2 болады. Мектеп қызметкерлерінің жуыну орыны мен дәретханасы оқушылардан бөлек болуы тиіс. Жуынатын бөлме мен дәретханалардың едені су сіңірмейтін, аяқ таймайтын, оңай тазартылатын болады. Және күшті дезинфекциялау химикаттары мен ыстық судың әсеріне төзетін құрылыс  материалдарынан, көбінесе қыш немесе полимерцемент плиталардан жасалады. Бұл бөлмелердің қабырғасын толық немесе тек қана панелін ақ түсті немесе көкшіл қыш шыны, полистироль тәрізді су өткізбейтін плиталармен қаптайды.

Оқу бөлімін меңгерушісінің бөлмесі, мұғалімдер  бөлмесі сыныптар мен оқу кабинеттеріне жақын, қолайлы жерден орын алады. 8-10 м2 шағын бөлмені барлық мектептерде дәрігерге береді, ал ірі мектептерде оған қоса тіс емдеу бөлмесіне 12 м2 кабинет береді.

Мектеп кешеніндегі баспалдақтар ең кемінде екеу немесе үшеу болады. Баспалдақтың әрбір сатысының ені 30 см, биіктігі 16 см. Баспалдақтар жарық, оқушылардың жүруіне ыңғайлы болу керек. Баспалдақтар бұрылысында қосымша жарық көзі орналастырылады.

Мектеп жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Сыныптағы жабдықтар оқушылардың бойы мен жасына сәйкес еркін жұмыс  жасауға ыңғайлы болу керек. Олардың сырт көрінісі, түсі көзге үнамды, бөлшектері тазалауға қолайлы, балалардың денесіне зиян келтірмейтіндей болып, сыныпта дұрыс  орналасуы қажет. Жабдықтардың бояуының түсі оқушылардың көңілін жадыратып, жарықты аз сіңіріп, бөлмедегі жарық коэфффициентін төмендетпейтіндей болуы тиіс.

Сыныптағы жабдықтарға парталар, үстелдер, орындықтар, шкаф-витриналар, сынып тақтасы, түрлі техникалық оқыту саймандары жатады.

Парталар. Мектеп парталары — сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеденкеле жатқан Ф. Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда қолданылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекетгік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалады. Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады.

Парта екі бөлімнен тұрады: партаның үстелі жөне отырғышы. Парта үстелінің беті және отырғышы ашық ақшыл түсті бояулармен боялып, металл қаңқасы әбден тегістеледі. Оның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. Ертеректе жиі қолданылған қара, қою қоңыр, қою жасыл түске партаны бояу қазіргі гигиеналық талапқа сай болмай шықты. Ондай түстер жарықты көп сіңіріп, бөлменің жарық мөлшерін азайтады да балалардың көңіл-күйі жабырқау тартады.

Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс  жұмыс  істеуіне қолайлы. Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік үстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс  сақталмаса, оқушының омыртқа сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады.

Парта отырғышының тереңдігін баланың санының 2/3 бөлігіне сәйкес жасайды. Мұндай  тереңдік ыңғайлы, орнықты отыруға қолайлы. Отырғыштың еденнен биіктігі 32-47 см, тереңдігі 29-38 см, арқалығының биіктігі 18 см. Оқушының дұрыс  отыруын қамтамасыз ететін парта үстелі мен отырғышының басты-басты 3 көрсеткіші бар. Ол жоғарыда жазылған парта дифференциясы мен арқалық және отырғыш дистанциялары.

Парта отырғышының арқалық дистанция-с ы үстелдің оқушы жақ шетінен отырғыштың арқалығына дейінгі аралық. Бұл оқушының көкірек қуысының тереңдігіне байланысты. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см арқалық болуы керек. Отырғыштың аралық дистанциясы аз болғанда оқушының кеудесі үстелдің шетіне тіреліп, кеуде сүйегі ішіне қисайып өседі де, көкірек қуысындағы тіршілікке маңызы зор жүрек, қолқа тамыры, жоғарғы және төменгі қуыс веналары іспетті үлкен қан тамырларының, өкпе, бауыр, бронхылардың қызметіне, олардың дұрыс  өсіп жетілуіне зиян келтіреді. Ал арқалық дистанция артық болғанда оқушы жазуды еңкейіп жазады да, омыртқа сүйектері қисық өседі және көздің қызметіне қолайсыз болып, жақыннан көру дамиды.

Парта отырғышының дистанциясы деп парта үстелінің оқушы жақ шеті мен отырғышының алдыңғы шетінің арасындағы аралықты айтады. Ол 3 түрлі болады: нөлдік, оң және теріс дистанция. Егер үстелдің шеті мен отырғыштың алдыңғы шеті бір деңгейде болса, отырғыш дистанция  нөлдік, арасында аралық болса — о ң, отырғыштың шеті үстелдің астына кіріп тұрса  — т е р і с дистанция болады. Қазіргі гигиеналық талаптар бойынша оқушылардың дұрыс  отыруына 4-5 см теріс дистанция қолайлы.

Парта қақпағының ішкі жағына оның өлшемі көрсетіледі. Ескі номенклатура бойынша орта мектептерде пайдаланатын парталарды оқушылардың бойына сәйкес 7 топқа N6 —N12 бөледі. Олардың өрқайсысы бір-бірінен 10 см артық. Мысалы, N6 парта бойы 110-119 см оқушыларға арналса, N7 парта 120-129 см бойлы балаға арналған, т.с.с.

Қазіргі жаңа номенклатура бойынша оқушыларға арналған үстелдер мен парталар 5 топқа бөлінеді:

А тобы бойы 130 см-ге дейінгі балалар үшін,

Б тобы бойы 130-145 см,

В тобы бойы

123
скачать работу

Мектеп гигиенасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ