Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

ң бiр түрi — өнер. Өнер объективтiк шындықты көркемдiк бейнелер арқылы бейнелеп көрсетедi. Көркемдiк бейне құбылыстарды нақтылы сезiмталдықпен, барынша ерекше, типтiк тұрғыдан ашып көрсетедi. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенiң, объективтiк пен субъективтiктiң материалдық және идеялықтың диалектикалық ерекшелiгiнiң бiрлiгi болып табылады. Көркем қыяпат немесе бейне негiзiнде нақтыланған көрініс, сондай-ақ дара, дербес, нақты адам кейiптерi арқылы көпшiлiкке белгiлi, түсiнiктi типтердi, құбылыстарды сомдап, бейнелейдi, жаманнан жирендiрiп, жақсыға елiктетедi. Қазiргi таңда өнегелi-патриоттық тәлiм-тәрбие беру саласына ерекше назар аударыла бастады. бiздiң қоғамның, мәдениетiмiздiң өнегелi тәрбие беру жағының нашарлап, дағдарысқа ұшырауының қазiргi жағдайы жасырын емес. Өнер, танымдық және өзiн-өзi танудың тәсiлi ретiнде, әлем жайлы, ондағы адамның орны жайлы тұтас ұғым қалыптастырушы тәсiл ретiнде қызмет ететiнi баршаға мәлiм.

Мектептегi өнер – бұл бiз соңына дейiн түсiнiп болмаған және өте аз қолданатын тәлiм-тәрбие қаруы, рухани күш. Рухани жiгерсiздiк – бұл адамдағы қызығушылықтық тапшы­лы­ғы, бұл адамдар бойында жағымды қасиеттердiң дамымауын көрсетеді. Жағымды қылықтар критерийлерінiң «ғылыми техникалық ғасырдың» ғылыми интеллект жетiстiктерi­мен араласып, оған сай көзқараста болуына мәдениет, өнермен сусындау едәуiр ықпал етедi.  Осы мәселе төңiрегiнде халықаралық «Бөбек» қорының төрайымы С.А. Назарбаева өзiнiң болашақ ұрпақ тағдырына деген  ой-толғанысын былай деп жеткiзедi: «Бүгiнде «тiршiлiк көзiн» рухани негiздерден iздегенiмiз абзал. Бұл түсiнiктiң астарында не жатыр? Менiңше, адамның Жаратушыға, адамның табиғатқа және адамның адамға деген қарым-қатынасы терең мағыналы екендiгiн түсiну басты мәселе… Үстiрт берiлген рухани тәрбие адам бойында құлықсыздықты, жауапсыздықты қалыптастырады. «Байлық» пен «кедейлiк» туралы әртүрлi көзқарастың мәнiн тәрбие мен рухани бағыттардан iздеу қажет».

Сонымен қатар, рухани мәдениеттiң ең маңызды элементi тiл. Тiл – бұл адам тәжiрибесiн жинақтап, бiр-бiрiне жалғастырып берiп отыратын мәдениеттiң объективтiк түрi. Екiншi маңызды элементi – оның танымдық-құндылық жүйесi. Құндылық – бұл адамның тiлегiн, қажетiн және мүддесiн қанағаттандыратын зат пен құбылыс сипаты. Құндылық субъектiнiң (адамның) өз қажетiн қоршаған дүние заттарын өзiне сәйкес ұғыну салдарынан қалыптасады» – деп жазады өз еңбегінде Ш. Ибрахим.

Қазiргi жағдайда құлықтылықтың, өнегелi тәрбиенiң құлдырауы, жас­өспiрiмдер арасындағы қылмыстық iстердiң өсу тенденциясы байқалған кезде, мектеп оқушыларына тәлiм-тәрбие беруде мәдени құндылықтар негізінде қалыптасқан көркемдiк-эстетикалық пәндердiң мәнi арта түсуде. Өнер пәндерi рухани  мәдени тұлға қалыптастырып, шығармашылық белсендiлiгiн арттыруға, ең бастысы осы пәндер арқылы Отанға деген азаматтық сүйiспеншiлiк сезiмiн, ары мен өнегелi абыройын тәрбиелеуге бағытталған. Жаңа бiлiм бағдарламасында, оқушы ең алдымен отандық мәдениеттi зерделеуге, содан кейiн барып әлемдiк, шетел өнерi мен мәдениетiн зерделеуге бағытталуы әркез ескерілуі қажет.

 

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы бiлiмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы, Казахстанская правда 16 октября2004 г. 2т. 1б.

2. Антуан де Сент-Экзюпери. Маленький принц. Минск. «Вышэйшая школа» 1986, 378 б.

3. Айдаров Р. Дәуiр және дәстүр. Алматы. Қазақстан 1974 ж.

4. Джанибеков У. Культура Казахского ремесла. Алма-Ата, “Онер”,1982 г., с. 29.

5. Гончаров И.Ф. Эстетическое воспитание школьников средствами искусства и действительности М., Педагогика 86.

6. Ибрахим Ш. И. Рухани мәдениет және өнегелi құндылықтар. Алматы ақшамы. 1 наурыз 2000 – 2 б.

 

З.Ш. Айдарова

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА

жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты

123
скачать работу

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ